Ой, менің сахнада талай рет позорым шыққан ғой, просто менің даусым анық, жарқын шығатын болған соң мұғалімдер қоймайтын... Талай рет айтып жатқан сөзімді жарты жолда ұмытып қалып, басымды изеп жылап кетіп қалған кездерім болған, ал сосын жай жай үйренеді екенсің, ең алдымен былай істеп көр көмегі тиер:
- Сахнаға көп шығып үйрен*
- Үйде айнаға қарап, немесе үйдегі бір адамға айтар сөзіңді дайындалып жаттығып көр (көмегі бар)
- Адамдармен көбірек араласуға тырыс*
- Сахнаға шыққан кезде басыңды тік көтеріп, еңсеңді түсірмей бір точкаға қарап айт, отырған халыққа қарасаң ойыңнан жаңыласың*
- Сосын көбірек әдеби кітаптар оқып, көбірек сөйлеп, тіл байлығыңды дамыт, сол кезде сахнаға шыққан кезде жаттаған сөзің ар жақтан өзі келе береді*
- Одан кейін өзіңнің іс-әркетіңді бақыла, сахнаға қалай шығып, қалай жүретіңді дайында*
- Сені қолдайтын адамдарды көбірек қойылымыңа шақырсаң, біраз поддержка болады)*
- Микрафонмен сөйлеп үйрен*