Кей кездерде сорпа жеңіл тамақ деген түсінік қалыптасқан,менімше бұл өте қате пікір.Сорпа ,әсіресе сүйек,ет сорпалары өте құнарлы тамақ.Қайнату процесінде еттің,сүйектің барлық маңызды тағамдық құнарлылық қасиеттері сорпаға өтеді.Сорпаны адам организімі жеңіл,жақсы қабылдайды да қорыту процесі айтарлықтай болады."Ет етке,сорпа бетке"-деген осыдан айтылса керек.Қазақтарда осы уықытқа дейін жас босанған келіндерді "ҚАЛЖАЛАУ" рәсімі бар.Келінді арнайы сойылған қойдың жас сорпасымен терлетіп,ертерек қан мөлшерін орнына келтіріп,әл-қуатын қалпына келтіріп,ана сүтін молайтуға септігін тигізген.Келінді жас сорпамен терлетіп бойында қалып қоя ма деп қауіптенген жел-құздан сауықтырған.Біздің халқымыз мақтануға тұрарлықтай дана халық қой,шіркін!