+1 дауыс
10.7k көрілді
Депрессариядан қалай арылуға болады?! 4 жыл болды, әлі сол қалпым..Кеңес беріңдерші?! Депрессия болғанда өз өзіме қол жұмсау туралы ойламаймын, Құдай сақтасын! Тек үнемі, жоқ, орысша айтқанда постаянно көңілсіз жүрем, үй ішіменде тез тіл табыса алмаймын, адамдарға менен есіткісі келген сөздерін айтамын, тез уәде берем ойланбастан! Артынан өкініп қалам.. Ойын көңіл көтеретін жерлерге мүлде бармаймын, тіпті отырыстарға баруға отказь еткенмін. 9 кл басталды бұл неме, енді міне универде оқим, 1 курс. Әліге шейін жаман көңіл күйден арыла алмаймын... Бұл қалай? Өмірімде бірінші рет ішімдегіні ақтарып отырм, ешқандай дәрі дәрмек, психиаторсыз арылуға болама бұл дерттен?!

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Саған міндетті түрде психологқа бару керек. Егер қалалы жерде тұратын болсаң, жастарға арналған  психологиялық орталық болуы керек. Сұрастырып көр. Егер табылса , бір екі треингтен соң , өмірге басқаша көзқараспен қарап, жақсы болып кетесің. Өзіңді  қатал сынағанды қою керек, ! Есіңде болсын идеальный адам, керемет адам жоқ ! Барлық адамда кемшіліктер бар. Өзіңе, кемшіліктеріңе кешіріммен қара . Ата анаңа, туыстарыңа дөрекі сөйлеме, олар сен қиналғанда қол ұшын беретін, сен жетістіктерге жеткенде қалпағын аспанға атып қуанатын нағыз жанашырларың !!! Үйге боксерский мешок алып, ашу қысқан кезде түйгіштеп ал , жаман энергия шығарғанға жақсы көмектеседі деп естідім.9- класта басталса, бәрі стресстің әсері ғой мемлекеттік емтихан дейді, одан соң ЕНТ дегендер, балалардың жүйкесін тоздырып жатыр ғой !!! Витаминдер ішу керек Неуробекс немесе, Нейромультивит . Қазір Адаптол деген дәрі (жеңіл  антидепрессант) дәріханаларда рецептсіз сатылады. Депрессияның жеңіл түрлерінде ішуге болады ,Бірақ , психологқа барғаның дұрыс!
+1 дауыс
Ммм, жағдайың түсiнiктi сен өзiңдi үнемi көңiлдендiп жүруiң керек, қол жұмсау дегендi атаушы болма, ойыңада алушы болма, орысша жақсы сияқтысың, мына жердi бастан аяқ ерiнбей оқышы.рахмет.
0 дауыс
Пофигист болсаңшы, өз көңіліңді  өзің көтермесең ешкім сенің көңіліңді көтермейді.
0 дауыс
Осы жазғаныңның өзі депрессиядан шығуға жасаған әрекетіңнің басы. Осындай әрекетті үздіксіз жасай бер. Сонда организімің де санаңа біртіндеп ілісе бастайды да, бір күні ойламаған жерден ішкі күштерің іске қосылып депрессиядан алып шығады. Ең бастысы депрессиядан шығу әркетеін тоқтатпа.
0 дауыс
Психологқа барудың әлі керегі жоқ (суицид туралы ойлап бастасаң барарсың). Алдымен жалықтырған өміріңе өзгерістер енгізу керек. Мысалы, кез келген өзін сыйлайтын адам кем дегенде бір спорт түрімен тұрақты айналысып, бір муз. аспапта шебер ойнап білу керек. Өзін сол бағытта дамытқан дұрыс (әрине, жұмысты/сабақты санамағанда). Аптасына 2-3 рет тренажерныйға (немесе боксқа), қалған күндерді гитараға жұмсасаң өмірдің бояуы енеді. Сондай-ақ, көңілді түсіруге "уақыт болмайды". Және де нәзік жандыларға да керегі сондай жігіттер емес пе=))
0 дауыс
Қазір стресс, депрессия деп аталатын терминдермен аталатын дерт көп және қиындыққа шыдамаған адамдар, әсіресе жастардың арасында өзіне қол салатындар қатары көбейіп барады. Психолог дәрігер дегендерге сенбеңіз, егер олар мықты болса, әрбір адам жеке психоаналитик деген дәрігерді жалдап ұстайтын шетел азаматтарының жағдайы жақсарар еді, керісінше олардың арасында есуастық (АҚШ-та болған жас жігіттің балабақшадағы балалар мен өз анасын атып өлтіргені сияқты) оқиғалар етек алып барады. Бірде бір материалистік ғылым адам санасы туралы зерттемейді. Адам санасын, ақыл-ойы мен сезімдерін бақылау, басқару туралы тек дін ғана ақиқатты айта алады және тікелей осы іспен айналысады. Егер сіз шариғат жолын ұстансаңыз өз-өзіңізден өзіңіздің сезіміңіз бен ақыл-ойыңызды бақылауға, басқаруға жаттыға бастайсыз. Мәселен, жеуге болатын, болмайтын тағамдар, істеуге болатын, болмайтын шаруалар, айтуға болатын, болмайтын нәрселер, т.б. шариғатта өте көп. Қарапайым мұсылман өзінің ақыл-ойын, нәпсісін үнемі бақылап және басқарып жүреді. Осылайша сіз өз көңіл күйіңізді бақылауды басқаруды үйренесіз, соған жаттығасыз. Сондай-ақ медитациямен айналысу арқылы да көңіл күйді бақылауға мүмкіндік аласыз.  Ақыл-ойды бақылау және басқару тәсілдері туралы терең білгіңіз келсе http://meninvestormun.com/ блогына кіріп көруіңізге болады.
0 дауыс

Шымкент қаласынан болсаңыз АйМед кленикасына келіңіз! Инеменде укол сестемаменде емдейді. Және психологиялық тұрғыдан да емдей алады

0 дауыс
Стрестте жүргеніме 2 жылдан асты оған түсуімнің себебі ойға батсам оның түбіне кіріп шыға алмай қала  өте қиын мысалы адам мінезін жеген тағамы өзгертет дегенді білгелі оның түбіне кіре бастадым  ақыры стреске тап болдым психолог мамандардың көмегі керек қорқам есімнен ауысып кетем бе деп Алла  сақтасын
...