+2 дауыс
5.3k көрілді
Салем достарики! Бұл тағы да мен! Мен депрецияға көп бой алдырамын. Депрессияға шалдыққан уақытта мен ештенемен айналыспаймын,ештеңеге зауқым болмайды,қызығушылықтарым жоғалады,достармен бірге ойын-сауыққа да барғым келмейді,бөлмені ішінен алып өзіммен өзім ойланып жатқанды ғана қалаймын,ал бұл кезде көз жасым көл болады. Енді содан қалай өз еркіммен тез,әрі оңай шығуыма болады? Арамызда психолог мамандар барма? Бар болса жауап күтем.

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Мәселен, үш адамды алайық. Адамдар лоторея ойнайды. Финалға шығады. Шешуші момент. Алдын ала ескертейік, үш адам да ұтылады. Бірақ маңыздысы ол емес, маңыздысы адамдардың сол оқиғаға қалай қарайтындығында.
1: Адам ұтылды. Көңіл күйі түсіп кетті. Ұтылған себебін басқа бір жеке проблемасымен байланыстырып, көңіл күйін одан сайын түсіреді.Бұл жәй ғана лоторея екендігінде шаруасы жоқ, бар ойы жолы болмай қалғандығы мен басқа да сәтсіз оқиғаларды есіне алу. Одан кейін төмен көңіл күйде басқа да болып жатқан әрекеттерге әсер ету. Достары шақырса, бармай қою, бір танысы не болғанын сұраса, қырсығып ашуланып жауап беру немесе сылбыр жауап беру.
2: адам ұтылды. Көңіл күйі түсті. Бірақ бұндай сәтсіздіктер болып тұратынын мойындап, жақсыдан да үміт күтіп осы оқиғаны жайына қалдыруды жөн санайды.
3: Адам ұтылды. Бірақ бұл жәй ғана лоторея екендігін жақсы біледі. Ұтылысына еш қам  жемейді. Тіпті бұл адам болып жатқан болымсыз жағдайларды көңілге қатты қабылдамайды, қажет кезде юмормен жауап береді. Шындығында, бұл өмірде көңіл күйді түсіріп қарауаға тұратын дүниелер өте аз. Барлығы делік болмашы нәрселер ғана.
Мен психолог емеспін. Бірақ, көңіл құлазу барлық адамда болатыны белгілі. Бірақ, барлық адам бірдей әрекет жасамайды депрессияға қарсы. Саналы түрде, депрессия - адам өз жағдайына қарай, көңіл күйінің, айналадағы белгілі бір факторларына байланысты өзгеруге ұшырайтын жағдайы ғана. Ол фактор себебінен, адамның байқатқан реакциясына сай әсерін байқауға болады.
керемет мысал екен,рахмет сізге
Амиго әрқашанда өзінің стилінде. Жақсы түсіндіре алады. Нұреке жақсы жауап, тағы да өте түсінікті жауаптарыңды күтеміз.
Амиго деген кім болды екен?
әәә кешірерсіз. Біз өзіміз жігіттер солай қалжыңдап сөйлейтін едік. Өзі интернетте бірнеше жігіттер бармыз, осыай бір бірімізге тисіп солай атаймыз.
солай ма
Әлбетте, амиго! :-)
+2 дауыс
Депессия кімде болмайды, кейді өмірден түнілп кетерліктей депрессиялар орын алып жатады.
Күлкілі кино көру? жоқ, әр бір оқиғаға "осылар-ақ еріккен" деген ой келе берді.
Көшеде серуендеу? бұл да болмады, ойға шомылып кете бердім..
Сабақ оқу? хх, мүлдем іске аспады, кітаптарымды құр шашып қойғаным болмаса... Немесе оқып отырып мағынасын түсінбей, ойымның бір шетінде сол депессиямды ойлап кете бердім.
Тәбетім де болмады.
Ең дұрысы өзімнің сүйген адамыммен сөйлесу болды. "Менің көңілім болмай тұр" десем, қалай да менің көңілімді көтереді) Еркелігі сондай сүйкімдііііі :)))
Ал онымен кездескенге дейін депрессиядан шығу үшін қызықты кітап оқушы едім, ол да жақсы көмектеседі!
Жоғарыдағыдай керемет жауап бермесем да менің ойым осы..))
Ия,сүйіктіңмен сөйлескен көмектеседі екен. Кейде байқасаң депрессияға түсіретінде осы сүйіктің болады ғой.

Ұқсас сұрақтар

...