0 дауыс
12.2k көрілді
Қол күтімі жайлы жазсаңыздар ? Толығырақ

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
ол күтімі

Қол терісі арнайы күтім жасалмаса, өзін-өзі қорғауға қабілетсіз болып келеді. Май бездері қолдың үстіңгі терісінде аз мөлшерде, ал алақанда мүлде дерлік болмайды.
Бет терісіне қарағанда қол терісінде судың да мөлшері төрт-бес есе аз ұшырасады. Қол күтімі этика үшін ғана емес, өмірлік қажеттілік деп түсініңіз, себебі күнделікті тірлікте ең көп қимыл жасап, сізге еңбек етіп, «тауқымет» тартатын
қолыңыз емес пе? Косметолог мамандар әйелдің жасын
қолына қарап береді. Қолыңыз қартайып кетпес үшін, жиырма-отыз жастан арнайы күтім жасап отыруды әр қыз-келіншектерімізге ескертеді.
Қолымыз күнделікті күтімді қажет ететіндіктен уақытыңызға да, қалтаңызға да көп салмақ салмайтын, қарапайым тәсілдерді алдарыңызға тартамыз:
Күнделікті үй шаруасынан қол терісін қорғаудың ең қарапайым түрі - резеңке қолғап кию. Кимес бұрын қолдың әбден құрғақ болғанына назар аударыңыз. Ол үшін қолыңызға опа немесе тальк жағып алуыңызға болады.
Соңғы кезде дүкен сөрелерінде тамақ дайындауға да ыңғайлы мөлдір әрі сапалы резеңке қолғаптар пайда болғанын біріміз білсек те, біріміз білмейміз. Резеңке қолғап киюді қаламасаңыз, қолыңызға қорғағыш крем жағып алуды ұмытпаңыз. Ол теріге қорғағыш қабаты қызметін атқарып, сыртқы зиянды әсерлерден сақтайды. Жұмыс біткен соң кремді жылы сумен жуып тастайды. Суық су қолды қатайтып, жарып, қызартып жібереді. Күнделікті қолданыста жоғары сапалы сабындар пайдаланған жөн. Кір сабынның құрамында қолды жарып, құрғатып жіберетін химиялық сілтілер көп болады. Әр жұмыстың соңында қолды мұқият жуып, әбден құрғатып сүртіп жүру керек.
Қол күтімі бірнеше кезеңдерден тұрады: тазарту, маска, теріні қабыршақтандыру, массаж.
Әдетте қолымызды сабынмен жуып тазартамыз. Бірақ, ара-тұра қолға арналған тазарту ваннасы немесе бұлау жасап
тұруға кеңес береміз. Ең оңай тазарту ванналары:
• 1 литр жылы суға 1 ас қасық ас содасы, 1 ас қасық сұйық сабын, 1 ас қасық глицерин және 1/2 шай қасық нашатыр спиртін қосу. Осы сұйықтықта 10 минуттай ұстайды. Қолды әбден құрғатып сүрткен соң, крем жағады.
• 1 литр жылы суға 100 грамм ас немесе теңіз тұзын қосу.
Қолды суға бұлау тазартумен қатар нәрлендіріп, ылғандандырады. Қолдың терісіне қарай үрдіс 10-30 минут аралығына созылады.
• 2 литр жылы суға 2 ас қасық сұйық май қосады. Бұл ваннаны аптасына 1-2 рет қайталап тұрса, нәтижесі бірден байқалады.
• 1 литр ыстық суға 1 ас қасық шөпті өз қалауы бойынша: түймедақ (ромашка), жалбыз (крапива), жолжелкен, шалфей
қосады. Қолды осы жылы тұнбада біраз ұстаған соң, міндетті түрде құрғатып сүртіп, крем жағады.
Қолды тазартқан соң маска жасап отыру керек. Әдетте, оны қолды әбден тазартып барып жасайды. Масканың құрамына дәрумендер, глицерин, май, бал, ланолин, түймедақ, алое, женьщень кіреді. Көп жағдайда фирмалар шығарған арнайы косметикалық бұйымдар пайдаланылады.
Маска жасаудың тиімді тәсілдері:
• Кремді өте қалың етіп жағып, 10-15 минут бойына ұстау. Қолға сіңбей қалған маска қалдығын қағаз майлық көмегімен сүртіп, жылы сумен жуу. Егер қол қатты құрғап кеткен болса, мұндай масканы жатар алдында жасаған дұрыс. Крем жағылған қолға жылтыр қағаздан биялай киіп, сыртынан кәдімгі қолғап киеді. Масканы таң атқанда бірақ шешеді.
Теріні қабыршақтандыру терінің мүйізденіп, қатып қалған қабатындағы өлі жасушаларды түсіреді. Әдеттегі ваннаны
қабылдағанда я болмаса қолға арналған бұлау жасалған кезде скраб не пилинг көмегімен теріні қабыршақтандыруға болады.
Қолға массаж жасау қан айналымын жақсартады, бұлшық еттер мен буындардағы ауырлықты жойып, қолыңызды жеңілдетеді. Массажға арналған майлар мен кремдердің көмегімен нүктелерді басып не болмаса сипап жасайды.
Қол терісін нәрлендіру үшін 3 ас қасық сұлы ұны, 1 ас қасық зәйтүн майы, 1 ас қасық сүт және 1 шай қасық балды араластырып жасаған қоспаны бір сағат немесе түн бойы ұстайды.

Қолдың терісі жанданып, зарасыздандырылу үшін бір ас қасық көлемінде жолжелкен жапырағын, түймедақ, календула
күлтесін ұсақтап, бір стақан қайнаған суға салып, екі сағат бұқтырып қояды. Дайын болған лосьонмен күніне 2-3 рет сүртеді.
Қолды нәрлендіретін кремдерді сыртқа шығардан қырық минут алдын ала жағу керек.
Қолды ылғандандыру үшін 1 ас қасық жолжелкен жапырағына бір стақан қайнаған су құйып, қақпақ астына 8-9 сағат бұқтыру, Содан соң 50 г майға бір шай қасық бал қосып, жолжелкен жапырағынан дайындалған тұнбадан бір шай қасық қосып, мұқият сүртеді.
Қол терісін ағарту үшін картоптың аппақ сұрыпынан екі түйірін мундир күйінде пісіріп, тазартқан соң, стақанның төрттен бір бөлігінде сиыр немесе ешкі сүтін, сондай-ақ, бір шай қасық зәйтүн майын қосады. Маска жақсы әсер ету үшін қоспаны жағар алдында қолды екі-үш минут ыстық суға ұстаған жөн. Дайын болған қоспаны қолымызға жағып, отыз-қырық минут ұстаймыз. Бұл үрдісті күнара қайталап тұру керек.
Саңырауқұлақ, сәбіз, картоп, т.б. тазартқан соң қалып қойған дақты кетіру үшін лимон немесе ұнтақ түріндегі лимон қышқылы пайдаланылады. Немесе лимон шырынына
шамалы ас тұзын қосып та тазартады. Бұндай қоспа қолдағы кез келген дақ пен кірді кетіреді.
Қол қызарып, жарылмас үшін 0,25%-дық нашатыр спиртіне (1 стақан суға 1 шай қасық нашатыр спиртін қосады) немесе сірке суына ( 6%-дық сірке суын 1 стақан суға қосады) қолды малып, біраз ұстаймыз. Қолымызды кептірген соң, лосьон не креммен жұмсартамыз.
Тырнақтағы күбірткіні қатты шыққан кофеге малып, біраз ұстайды. Бірнеше мәрте қайталағаннан кейін қолымыздың терісі тегістеліп, ауырсыну жоғалады.
Қолдың мүйізденіп қалған қатты терісін қалпына келтіру үшін арнайы қабыршақтандырып, жұмсартатын скрабтар пайдаланылады: 1 ас қасық ұсақталған тұзға, 1 ас қасық сұйық май қосып, қол терісін сүртеді.
Бір ас қасық қантқа бір ас қасық зәйтүн майын қосып та жасауға болады.
Егер қол терісі қабыршақтанып, қатты жарылған болса, майонезден жасауға болатын халықтық ем жолын ұсынамыз. Үш ас қасық майонезді таза, құрғақ орамалмен қолға жағып, сыртынан полиэтилен қолғап киіп, жылы болу үшін қалың орамалмен орап тастайды. 15-20 минуттан кейін масканы сұйық сабынмен жылы суға жуып тастап, нәрлендіретін крем жағу керек. Егер қолда жара болса бұл масканы жасауға болмайды.
Жатар алдында тұссыз сарымай немесе лимонмен қолды сүртіп, сыртынан қолғап киіп жату қол терісін жұмсартып, тегістейді. Егер қолда жара немесе сызат болса, лимон пайдаланбайды.
Алақаныңыздың терлей беруінің де алдын алуға болады.
Қатты терлей беретін болса, әрбір жуған айын мүмкіндігіңізге қарай глицерин немесе глицерин қосылған крем жағып тұру керек. Сондай-ақ, шалфейдің бір шай қасық тұнбасын күніне екі рет ішіп тұрса, қолыңыздың терлеуі бәсеңдейді. Пайызы төмен нашатыр спирті (бір литр суға бір шай қасық нашатыр спирті), марганцовка
(судың түсі ақшыл қызыл болғанша) немесе түймедақ (дәріханалардан дайын құрғақ күйінде ала салуға болады) қосып, қолыңызды бұлауға болады. Түймедақ теріні тыныштандырып,
қабынуға қарсы әрекет белсенділігін арттырады.
«Әдемілік әлемді құтқарады» дейді. Әлемді құтқаруға сіз де атсалысыңыз.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
2 жауап
...