0 дауыс
4.1k көрілді
қолым күс күс болып кеткен еді енді не истесем болады крем жагып жатырмын көмектеспей жатир өтініш сосын қолым қатты да соны қалай жұмсартсам болады

1 жауап

0 дауыс

Әрбір әйел қол терісінің сау әрі әдемі болуын қалайды. Әрине, сұлулық салондарында қол күтіміне байланысты алуан түрлі қызметтер көрсетіледі, алайда сол күтімді өзіңіз де жасай аласыз. Ол үшін төмендегі ережелерді есте ұстаңыз.

image

Қолға күтім жасау ережелері:

  • Ыстық суға әуестенбеңіз. Ыстық су терінің майын шайып, оны құрғақ әрі қатқыл етеді. Қолыңызды жылы сумен жуыңыз.
  • Аязды, суық күндері қолғап киіп жүріңіз.
  • Ультракүлгін сәулелері де теріні құрғақ етеді және тері жасушаларын бұзады, сондықтан күннен қорғанатын кремдер жағып жүріңіз.
  • Шынтақтың терісі де ерекше күтімді қажет етеді. Ол қатты әрі қатпарлы болмауы үшін күнбағыс немесе зейтүн майын аздап жылытып, оны мақтаға сіңіріп, шынтаққа басыңыз.
  • Шомылған кезде, шынтағыңызды ысқышпен ысқылап жуып, артынан крем жағуды әдетке айналдырыңыз.
  • Қолыңызға сүйел шықса, жылы ванна жасаңыз. Ол үшін 1 литр суға 1 шай қасық ас содасын, 2 шай қасық нашатыр спиртін, 1 шай қасық сабын ұнтағын (сабынды үккіштен өткізуге болады) қосыңыз. Сол суға қолыңызды қойып, 15-20 минут ұстаңыз, артынан орамалмен сүртіп, құрғатып болған соң кеуектаспен ептеп үйкелеңіз.
  • Арзан немесе иісі тым өткір сабынды қолданбаңыз. Тек қана жұмсақ сабыды қолданыңыз. Бұл ретте балаларға арналған сабын жақсы үйлеседі.
  • Қол жуғаннан кейін крем жағуды ұмытпаңыз.
  • Аптасына бір немесе екі рет қол терісіне арналған пилинг жасап тұру қажет. Ол өлі терілерден тазартады, сөйтіп ылғалдағыш кремдердің теріге тереңірек енуіне мүмкіндік береді. Ол үшін бетке арналған пилинг әсері бар кремдерді қолдануға болады немесе келесі тәсілдерді қолдану керек:
  1. Қол жуғаннан кейін, оны қатты орамалмен сүртіңіз. 1 шай қасық секерге 2 шай қасық күнбағыс майын қосып, араластырыңыз. Қоспаны қолыңызға жағып, 1-2 минуттай уқалаңыз. Содан соң, қолыңызды жылы сумен, жұмсақ сабынмен жуыңыз.
  2. Қолыңызға аздап тұз себіп, оған су бүркіп, теріңізге үйкеңіз.

Жоғарыда айтылған пилингтерден кейін, міндетті түрде крем жағу керек.

Қол терісіне арналған кремдер:

Қолға арналған кремдер әртүрлі лосьондарға қарағанда теріге жақсы күтім жасайды, өйткені оның құрамы тығызырақ келеді. Вазелин жағуыңызға болады, бірақ ол өте майлы болғандықтан, бұл емді кешкісін жасаған жөн. Вазелин жаққаннан кейін мақта-матадан жасалған қолғап киіп, таңға дейін ұстаған дұрыс. Таңертең қолыңыздың терісі нәзік әрі жұмсақ болады.

Крем жаққан кезде аздап массаж жасаңыз. Кремді қолдың сыртқы терісіне саусақтан бастап, жоғарыға қарай бағытта жағады. Әрбір саусаққа аздап массаж жасау керек. Алақанға крем жағудың қажеті жоқ.


Дереккөзі.

Ұқсас сұрақтар

...