0 дауыс
4.9k көрілді
Құрғақ бетті қалай күтуіме болады?

1 жауап

+1 дауыс
Күнделікті бет күтімінің 10 ережесі

№ 1 ереже

Бет күтіміне арналған құралдарды теріңізге сәйкес таңдаңыз. Таңдаған косметикаңыз сіздің теріңіздің типіне сәйкес келуі керек. Құрғақ, майлы терілердің қажеттіліктерінің бір-біріне ұқсамайтынын ескеріңіз.

№ 2 ереже

Терінің сезімтал бөліктеріне ерекше назар аударыңыз. Бет терісінің кейбір бөлігі өте жұқа әрі сезімтал келеді. Осы себепке байланысты ол нәзік күтімді талап етеді. Әсіресе, көз айналасының терісі.

№ 3 ереже

Нәзік тазарту. Сезімтал терінің күтімі макияжды кетіруден басталады. Тепе-теңдік пен күйзеліске қарсы қабілетін сақтап қалу үшін құрамында макияжды кетіруге арналған «pH» қоспасы бар косметиканы таңдаңыз.

№ 4 ереже

Көз айналасы: өте қауіпті аймақ. Көз айналасының терісі басқа бөліктерге қарағанда 10 есе жұқа. Сондықтан, көздегі макияжды кетіру үшін оның арнайы түрін пайдаланыңыз.

№ 5 ереже

Пилинг – тері күтімі үшін ең қажетті рәсімдердің бірі. Теріңізге байланысты пилинг түрін аптасына 1-2 рет жасаңыз. Пилинг әсерлі әрі теріні зақымдамайтындай болуы тиіс.

№ 6 ереже

Ылғалдандыру. Дерманың 70%-ы, эпидермистің 15%-ы судан тұрады. Сондықтан оны үнемі ылғалдандырып тұру керек. Ол үшін құрамында ылғалдандыратын компоненттері бар косметика мен арнайы маскаларды пайдалануыңызға болады.

№ 7 ереже

Мүмкіндігінше гипоаллергенді декоративті косметика таңдаңыз. Бұрын-соңды қолданып көрмеген косметиканы пайдалану үшін гипоаллергенді қабілеті барын таңдаңыз.

№ 8 ереже

Күннен қорғау. Жылдың қай мезгілі болса да, құрамында күннен қорғайтын фильтрі бар косметиканы таңдаңыз. Олар тез қартаюға әсер ететін күн сәулесінен қорғайды.

№ 9 ереже

Сырттан келетін қауіпті факторлардан сақтаныңыз. Ол факторлар – темекі түтіні, күйзеліс және т.б. Мұның барлығы да теріге зиянды әсерін тигізеді. Таңертең косметика жағып, кешке үйге келген кезде оны міндетті түрде сүртіңіз.

№ 10 ереже

Еріндеріңізді де ұмытпаңыз. Қажеттілігін сезе салысымен ерінді ылғалдандыратын гигиеналық далап жағыңыз. Оны қанша жақсаңыз да өз еркіңіз.

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
2 жауап
0 дауыс
4 жауап
...