+3 дауыс
3.7k көрілді
Мазасыз ойдан қалай арылуға болады?

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Мазалаған сұрақтың жауабын табу керек
керемет жауап
ол да дұрыс
ммммммммммммммммм
0 дауыс
Осы мазасыз ой меніңде жүйкемді жұқартты. Ойым сан-саққа кетіп жүр соңғы кездері.
0 дауыс
мазасыз ой-артық салмақ.Маза бермеген сұрақтардың жауабын тап
дұрыс айтады
+1 дауыс
2 ереже
Мазасыз ойлардан арыл. Ренжіген адамыңның саған айтқан ауыр сөздерін есіңе алмауға тырыс. Теледидардан кино көріп, ата-анаңмен сол фильм туралы пікіріңді бөлісіп, қызықты кітаптар оқығаның жөн. Сабақ оқығанда алгебра мен физиканың есептерін шығаруға көп уақытыңды бөл. Есептің шешімін табу – мидың сергек жұмыс істеуін қалыптастырады.

3 ереже
Сені өкпелеткен қандай жағдай? Реніш неден басталды? Асықпай қағаз бетіне ұрыс-керістің себебін жазыр көр, кінә кімнен екенін анықтау оңай болады.

4 ереже
Егер құрбың саған «Бүгін әдемі болып кетіпсің» немесе «Саған көйлегің әдемі жарасып тұр десе», «Мені мазақ қылып тұрсың ба?» деп, орынсыз килігудің қажеті жоқ. Оданда құрбыңның шын көңілімен айтқан мақтауын қуана қабылдауың керек. Әр сөзден ілік іздеудің керегі шамалы. Сондықтан құрбыңның да жарасымды киім кигенін жауап ретінде айта сал.

5 ереже
Сыныпқа кіргенде құрдастарың жамырай күлсе, оларға бірден дүрсе қоя беріп, бұртию қажетсіз. Сыныптастарың анекдот айтып, күліп отырған болар. Ол анекдотты естімесең, достарыңнан қайта айтып беруін сұра.

6 ереже
Жақында ғана танысқан жігітің жайында құрбы қызың сұрамаса, оған өкпелеме. Бұған дейін жеке өмірің туралы сыр ашқың келмеген соң, досыңның да мұндай тақырыпты талқылауға бата алмай тұрғанын ұғын. Сөйтіп, ұнатып жүрген жігітің жайында құрбыңның көзқарасын біл.

7 ереже
Ұнатқан жігітіңмен келіспей қалсаң, оған күйзелудің қажеті жоқ. Егер оның сенімен қайтадан достасуға ниеті жоғын байқасаң, тезірек бір шешімге кел. Жігітіңнің жағымсыз қылықтарын есіңе түсіріп, өзіңнің теңің емес екенін дәлелде. Бос уақытыңда әр түрлі үйірмелерге барып, қабілетіңді ұштай түс.

8 ереже
«Тек қана алға!» деген қағиданы ұстанып қатарыңның алды болуға ұмтыл. Құрбыларыңның жетістіктеріне қызғанышпен қарама. Достарыңа қолыңнан келгенше көмегіңді аямасаң, қарым-қатынастарыңа сызат түспейді.

9 ереже
Емтихан, сынақ тапсырғанда мұғалім тиісті бағаңды қоймаса, өзіңді ақтау үшін оқытушыңмен ренжіспе. Ұзтазыңмен келесі оқу жылы қауышарыңды ұмытпай, кабинеттен үндемей шығып кет. Мұндайда сыныптастарыңа мұғалімнің қойған бағасының әділетсіз екендігін де айтудың қажеті жоқ.

10 ереже
Өткеннен сабақ алып үйрен, кемшіліктеріңді қайталамауға тырыс. Кек сақтамай, кешірімді бол. Құрдастарыңның қалжыңын көтере біл. Айналаңдағы адамдардың бойынан жақсылық іздеу арқылы мерейің өседі.

11 ереже
Көтеріңкі көңіл-күй адам денсаулығына демеу болатын күш көрінеді. Егер көңіл-күйді реттеудің ебін біліп, көңіл-күйді әрдайым көтеріңкі де жадыраңқы ұстап, ренішті тез ұмыта білсең, кез келген аурудың алдын алуға болады.
http://www.info-tses.kz/advertka.php?ELEMENT_ID=88479&print=Y
...