0 дауыс
21.5k көрілді
ағам үйленгелі жатыр оқитын өлең керек еді тауып бересіздер ме?\

2 жауап

0 дауыс
Қиында емес, оңай да емес үй болу



Ой бөлу үйге, қамқорлық жасап
үйрену



Көңілін табу, қабағын бағу
жарыңның



Екеу боп өмір сүрудің жолын игеру



 



Болады онда ішкі де сыртқы саясат



Аяйық жарды біреуді егер аясақ



Жақсы үйде болмақ әскери қатаң
құпия



Жүрмеңдер әсте ішкіні сыртқа жая
сап



 



Қашанда жарға керегі жылы назарың



Жалғызсыратпа, тартқызба күту
азабын



«Мен сүйтіп едім,сен неге бүйтпей
жүрсің»- деп



Сауданың үйге орнатпау керек
базарын



 



Асығыстықтан, ашудан абзал
безінген



Дос болу керек қашан да
сабыр-төзіммен



Жар деген өзің, өзім деп тапқан
жалғызың



Кешірімді бол келіспей жүрме
өзіңмен



 



Киелі зат жоқ – жарыңның
махаббатынан



Екеуіңді де аялауға оны шақырам



-        
Көсегелерің көгерсін ! – дейін



Сендерге бақыт тілейтін жанның
атынан
ЖАС ЖҰБАЙЛАРҒА БАТА.



Сезімнің пәктігін берсін



Көңілдің ақтығын берсін



Жылулы от бастарыңа



Сәбидің шатты үнін берсін !



Пейілдерің тарылмасын



Есіктерің жабылмасын



Шаршап-шалдыққандар



Төрлеріңде дамылдасын !



Көлденең кеселден сақтасын



Күңкіл өсектен сақтасын



Дау-жанжалдан сақтасын



Достан көңіл қалғаннан сақтасын !



Шайтанның азғыруынан



Елдің жазғыруынан сақтасын !



Асып тасқаннан сақтасын



Алшаң басқаннан сақтасын !



Отауларың елге сән болсын



өмірлерің бал болсын



Бибі Фатима анамыздың



Аруағы өздеріңе жар болсын !



әумин !
–1 дауыс
Інім, сенің сұрағың сайтта жетіп артылады. Сұрақ қоймас бұрын сұрағыңызды іздеу мүмкіншілігімен іздегеніңіз жөн болатын еді.
...