0 дауыс
832 көрілді
Қазіргі таңда ғаламтор беттерінде, көше мен дүкендерде Алдаркөсенің дисктері самсап тұр. Алдаркөсенің істеген қылықтары біртүрлі. Өзінің атына сай келмейтін секілді. Ол мультфильмнің балаларға беретін тәрбиесі қандай. Оны жағамсыз қылықтарын көріп-өскен бала қандай болып өседі? Қалай ойлайсыздар? Ойларыңызбен бөлісіп отырсаңыздар. Күлдіреміз деп жүріп, бүлдіріп алмасақ игі еді.

7 жауап

+1 дауыс
Қанадай жағымсыздықты көрдіңіз,тек арасында қисынға келмейтін өтірік айтқанын ған көрдім бірақ жағымсыздық көргенім жоқ,жәнеде ол жағымсыздықты тек байларға,ұрыларға ғана жасады,тілеп алатын өздері) Керемет мультик!
+1 дауыс

Мен әлі "Алдар көсе" мультфилімінен айтарлықтай жағымсыз жақтарын көрген жоқпын. Кәдімгі қазақи мультфилім. Өзіме ұнайды. Тамаша!
0 дауыс
Мен де солай ойлаймын."Алдар Көсе" қазақ балаларына үлгі бола алмайды.Орнына бір батыр не сол секілді кейіпкерлерді қойғаны дұрыс болар ма еді деймін. Сосын, бұл мультфильмде байдың қарны қампиған, байдың кемпірі де ұсқынсыз, Алдар көсе болса ап-арық (Мультфильмнің сценариіне қарап шығар , мүмкін?).Кішкене балаларды тартатын келбетті кейіпкерлері көбейгені дұрыс .
Бірақ, қазір қазақша мультфильмдер шетінен көбейіп жатыр, әр түрлі пікірдің болғаны да заңды.
0 дауыс
Келісемін адамдар адамдар өтірікші болып жатыр
0 дауыс
Алдаркөсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. [1] Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметтеп отырады. Өйткені, Алдаркөсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі. Алдаркөсе түркі тілдес халықтар ( қырғыз , өзбек , қарақалпақ, түрікмен, т.б.) әдебиетінің көбіне ортақ тұлға. Бұл Алдаркөсе жайындағы аңыз әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелігін, әлеуметтік мәнділігін көрсетеді. Оның өмірде болғанын, қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ. Алдаркөсе бейнесі қазақ театр және кино өнері туындыларында да көріністапқан. Шахмет Хұсайынов «Алдаркөсе» пьесасын (1942) және «Алдаркөсе» фильмінің (1964, режиссері Шәкен Айманов ) сценарийін жазды
0 дауыс
Шынында да, солай сияқты. Мысалы, онда адамдардың көбін ақымақ, аңқау көрсетеді      (әсіресе, байларды)  Қу Алдар ғана. Бірақ, менің бауырым соны күнде көреді. Жағымсыз кейіпкерлерін азайтып, мейірімді, адал адамдарды көбейтсе...
0 дауыс
Мен әлі "Алдар көсе" мультфилімінен айтарлықтай жағымсыз жақтарын көрген жоқпын.
...