+2 дауыс
461 көрілді
Менің тұрмысқа шыққаныма жыл толды әлі көтермедім, жыл өте қан тапсырып мазок тапсырғанда хламедия трихомониоз инфекциялары шықты. Ол тек жыныстық қатынастан жұғады екен. Күйеуімде менде алдын ешкіммен жақындаспағанбыз. Сонда бізг қалай жұқты? Қыздар Жігіттер үйленуден алдын венерологиялық орталыққы тексеріліңдерші, әйтпесе бір біріңе сенімсіздік жоғалады.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жыныстық қатынас арқылы жұғатын арулар жеңіл жүрістілерде осылай қосарланып жүреді .Олармен жыныстық қатынаста болған адам бірнешеуін (букет ) бірақ  жұқтырып алады. Бұны " жыныстық миксинфекция" дейді. Болары болып, бояуы сіңген соң " сен кінәлісің " деп бір бірлеріңді айыптағанды қойып,екеуің бірге дәрігерге барып емделулерің керек.  Емделу кезінде жыныстық қатынас болмағаны дұрыс ,  бірақ өздеріңді тежей алмасаңдар, онда куйеуің мүшеқаппен сақтанғаны дұрыс. Бұлай етпесеңдер бір біріңе жұққызып, толық емделу мүмкіндігі болмайды. Сендерде ауру созылмалы жасырын түріне өтіп кеткендіктен емделу де күрделі және ұзақ,  әрі қымбат болады.Әрбір курс емді алып болған сайын бірнеше рет қан, жұқпа  өткізіп, тексеруге тура келеді.Әйелдерді бұл науқастан гинекологтар да емдей береді. Ал куйеуіңді урологқа емдет ! Дәрігерлер не айтса соның бәрін орындаңдар!!!.Ал балалы болуды тек толығымен  екеуің де емделіп болған соң ,тағы да сараптамадан бірнеше рет өтіп,арудан арылғандарыңа толық сенімді болғанда ғана шешіңдер!!! Бәрі жақсы болып кетеді деп ойлаймын.

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
11 жауап
...