+2 дауыс
1.6k көрілді
Біреулердің айтуы бойынша, адамға көз тисе содан қайтыс болып та жатады дейді. Осыған сіздер сенесіздер ме? Жеке мен өзім оған сенбеймін, көз тисе ауырып қалатын шығар, бірақ қайтыс болып кетеді дегенге..............

7 жауап

+1 дауыс
Ондайлар болады.Ауырып қайтыс болады.Күлкiлi болсада айтайын.Менiң сүп-сүйкiмдi бұзауым болатын.Оны қатты жақсы көретiнмiн.Менiң достарым,көршiлерiмде оны жақсы көретiн.Үнемi достарым соны көру ушiн үйiме келетiн.Содан көз тиiп ауырып өлдi (((
0 дауыс
Бұрын сенбейтін едім, қазір сенетін сияқтымын. Кейбір адамдар кенеттен өлгнде жерге тиіп жатқан жерінде қара доқтар пайда болады, соны көз тигеннен қайтты деп жатады, бірақ ол жизиологиялық жағдай, циркуляция болмағандықтан төменге қарай қан ұйып қалады.
0 дауыс

Дәрігерлерге сенсек, созылмалы қажу синдромы - инфекция, ал емшілер бұны энергетикалық инфекция деп қарайды. Егер бұл шынымен де инфекция болатын болса, онда оның күші қандай болмақ?! Әдейі тиген көз әдетте өте әсер беретін көрінеді. Бұдан қорғанудың жолын әркім әрқилы іздейді. Мысалы, қала сыртында салынып жат­қан коттедж ғимараттардың көзге түсіп тұрған жеріне қызыл шүберек тағып қойса, әдемі көліктеріне Құран сөздері ойып жазыл­ған әшекей бұйымдар тағып қоятын заман­дас­тарымыздың қатары көбейіп барады. Бұл үрдіс жалғаса берсе, кейбір әріптестері­міз күні ертең қойын кітапшалары мен ноут­буктерін үкілеп қоюға мәжбүр болуы әбден мүмкін. Көз тиюдің түп-төркіні қызыл сөз бен қызғаныш. Мұндай жағдайда көз тию мен сөз, тіл-сұқ тиюдің арасы бір-ақ қадам. Абзалы бойыңыздағы қызғаныш деген әзәзілге жол бермей, санаңызда тұншықты­рып тастасаңыз, бақытсыздықтың да, түсін­бестіктің де алдын алуға болады. Демек, бәрі де өзімізге байланысты. толығырақ

0 дауыс
Иа, ондай жағдай шын, болады. Менің апамның (әжемнің) бұрын қызы болған екен, өзі пысық, кішкентайынан сүйкімді болған көрінеді, кейін елдің сөзі, көзі тиіп қайтыс болыпты. Нағашымның да сондай қызы болған екен, өзі пысық, ол да солай ауырып қайтыс болып кетіпті.

Мұхаммед с.ғ.с пайғамбар көз тию, сөз тию бар нәрсе деген. Сондықтан, кішкентай балаларға, әдемі нәрселерге қатты таңқалып сөз айтуға болмайды. Қазақта тіл-көзім тасқа деген сөз босқа шықпаған.
0 дауыс
Тіл тию, көз тию деген қазақта атам заманнан бері бар нәрсе. Біреуді сыртынан өсектегенде, немесе қатты таңырқағанда, сүйсінгенде көз тиеді. "Алды болма - көз тиеді, арты болма - сөз  тиеді, ортасы бол" деген осыдан шыққан.

Кішкене балаға көз тимес үшін маңдайына күйе жағады, бойтұмар тағады, көздің белгісі салынған әшекейлер тағады.
0 дауыс
Неге олай ойлайсыз. Өз басымнан өткен жәйт, температурам 40 жетіп, сандырақтап кеткем. Сосын айтты сөз өтіп кеткен сеннен деді. Көз деген ол ең жаман нәрсе. Көз тиюден өте сақ болу керек. Ең бастысы мойынға тұмар жаздырып, соны тағып жүру.
0 дауыс
Ия ол рас. Көз тиеді дегенге сенемін.
Менің 1973 ж апрельде туылған інім болды. Асқанбек деген. Әкемізбен анамызбен өте бақытты балалық шағымыз өтті. Асқанбек 6 қыздан кейінгі туылған ұл еді. Әкем автобазада  "Еңбек озаты" медалын алған алдыңғы қатарлы шофер болып еңбек етті. Анамыз үйде баллармен отырды. Әкем ұлды болғанын естіп қатты қуанып жолаушы мінген қариядан Есімін қоюды өтінгенде айтқан екен: Е алты қырдан асып, ұл сүйіпсің Асқанбек қой есімін депті. Азан шақырып атын қойяды. Қырқынан шыққан соң мал сойып ағайын туысқа қуанып шілдехана той жасайды. Күндердің бір күнінде күзгі мезгілде 6 айдан соң уйге анамыздың абысыны қайнағасымен кіріп келеді. Біз той жасағаныңда келе алмадық деп. Анам байғұс жаны қалмай төрге шық деп күтіп алып тұрғанында Асқанбекті көріп бір ғана сөз айтыпты дейді. Ойбай балаң 1 жасар баладай ғой жүрем деп тұр депті. Ойында ештеме жоқ анамыз етін асып дастарханын жайып әңгімелесе отырып кеш бата шығарып салады қонақтарды. Сол сол екен бала емген сүтін құса береді. Іші өте береді. Анамыз түсінбейді. Әкеміз ертеңінде жол сапарға шығып кетіпті. Баланы емханаға апарып болғаннан кейін. Балаға суық тиген деп антибиотикті сала береді. Бала тамақ жұқпағаннан күн сайын арықтай береді, тіпті ине тығатын етіде қалмай 4 күнде сұлқ түсіп жатқанын көріп жылап сықтап емханадан алып қашып тәуіп әжеге апарады.Тәуіп әже баланың арқасын көріп, көз тимеген сұқтанған көзі көк, сары әйел өзің қатарлы депті. Егер сол әйелдің бір киімін немесе ұлтарағын көрсетпей алып келсең түтетіп сұқты қайтарамын депті. Бірақ сұқ денесінен өтіп кеткен депті. Тірі қалуы екіталай деген дейді. Уақыт өткізіп алғансың дұғамен қайтпайды депті. Анамыз баруын барған абысынының үйіне бірақ қипақтап бір киімін не болмаса ұлтарағын қиып ала алмай үйге бос қайтыпты. Тәуіп әжеге тағы барып оқытқан келесі күні яғни 7- ші түнде бала қайтыс болған. Міне осылай адамның сұқтанғанынан ата -анамыз ұзақ күткен ұлынан аяқ астында айрылып қалған. Тәуіптің айтуы бойынша сұқтан адам 7 күнде қайтыс болады деген. Көз тигеннен адам өлмейді, бірақ ұзақ ауыратын болады, баланың бағы байланады дейді. Анамыз көз тиеді дегенге сенбейтін кісі еді. Осыдан кейін сенетін болдым дейді. Міне басымыздан өткен оқиға осы. Асқанбектен кейін анамыздан Құдайдың берген 1 сіңліміз жане ең кенжеміз ініміз бар. Ең кеже ініміз туылғандада көз тиіп ауырғанда сол тәуіп әжеміз "Ұлыңды 7 дасқа дейін бар деп елеме, күннің көзіне, желдің өтіне шығар ма, той томалақ жасап, көпке көрсетпе деп ақылын айтқан дейді. Міне осындайдан кейін қалай сенбейсің тілге, көзге, сұққа.
...