0 дауыс
3.3k көрілді

15 жауап

0 дауыс
бұл сұрақтың жауабын мына сілтемелерден табасыз.
1.https://surak.baribar.kz/59061/
2.https://surak.baribar.kz/67816/#a67829
3.https://surak.baribar.kz/35188/
Кайдагы акырзаман?! Болмаса маган 5 донер алып бересіндер))))
Белгісіз
0 дауыс
Бұл өтірікті адамдар өздері ойлап тапты.Мысалға:Сонау 70 жылдары 2000 жылы Ақырзаман болады деген,адамдар противогаз киіп жүреді деп айтқан.Өтірік сөздерге сене бермең бауырлар.
0 дауыс
Алла біледіғо оның бәрін ерге болатын болса баримизде ахиретке дайындалайық бауырлар сауап жинайық!!!
Осы бiр болжампаздық әнгiменi негiзге алып "егер болатын болса ақыретке дайындалайық, сауап жинайық" деп үндеу айтқаның орынсыздау деп ойлаймын. Қай уақытта о дүниелiк болатынымыз Аллаға ғана мәлiм. "Мұсылман болмай өлме" деген, әр мұсылман баласы әрдайым Исламды ұстанып, ақыретке дайын болуы керек.
Белгісіз
+2 дауыс
Үрейленудiң қажетi жоқ.Менiң ойымша бұл астраномиялық ғылыми дәлел емес, әлемдiк саясат. Негiзгi мақсаты - белгiлi бiр қорға ақша жинау сияқты. Бүкiл әлем халқының назарын аударудың басқа да себебi болуы мүмкiн. Дiн, астраномия, саясат барлығын араластырып болжампаз болып жүргендердiң негiзгi мақсаты-ақша жасау. Олай ақшаны қалай табады деген қарсы сұрақ қоймай ақ қойыңыздар. Оны өздерi бiледi. Биыл ақырзаман болмайды. Болса басымды кесiп берейiн))
болса, кесіп те үлгермейсің ғо))
хехе Әлішер..)))
ыыххыхыыхх))
Белгісіз
0 дауыс
Акыр заман Алланың қасындағы ақиқат оны адам баласы білген емес. 2012 жыл ақыр заман деуші ілімді сымақтардың дәлелі Мексика түбегендеге өмір сүрген МАЯ тайпасының күнтізбесі осы 2012 жылмен аяқталған дегенге иек артады. Бұл дәлел емес жер бетінде қанша тайпа болды және қаншама күнтізбе болды ойлап қараңыздаршы... Ол жай бір пікір жүргізе салатын сәт емес ахаірет сахих хадистерге сүйенсек ол кезеңде асқар таулар шаң болған күйге айналады, бесіктердегі жатқан сәбилердің шаштары ағарып кетеді  сондай үрейлі сәт!!! Ендеше бос сөз соңынан еріп қалмайық бауырлар!
+1 дауыс
Аллаһтың атымен.
Қазір ақырзаман - ақырғы заман. Ал ақырғы күняғни Қиямет күні қашан деп сұрасаң Аллаһтың сөздерін айтайын:
Олар, сенен қияметтің қашан болатындығын сұрайды: «Шынында оның мәліметі Раббымның қасында, оның мезгілін Ол ғана білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (қиямет) сендерге кенеттен-ақ келеді» де. Сен оны зерттеп отырғандай-ақ сұрастырады. Шынында оның білімі Алланың қасында, бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді де. (7:187)

"Адамдар сенен қиямет күнің сұрайды. Оларға: “Оның білімі Алланың қасында; қайдан білесің, мүмкін мерзімі жақын шығар” де. (33:63)

(Мұхаммед Ғ.С.) олар саған “Қиямет қашан болады?”,- деп сұрақ қояды. Ол жөнде түсінік беру сенің ісің бе? Оның қорытындысы, Раббыңа байланысты. Негізінен сен қияметтен қорыққан кісілерге бір ескертуші ғанасың. (79:42-45)
Қиямет күні қашан болатынын тек Аллаһ біледі, бізге оны білу міндет емес, біздің міндетіміз дайындалу.
Құран аяттарының астындағы жақша ішіндегі сандар нешінші сүренің нешінші аяты екенін көрсетеді.
мысалға *(7:187) жетінші сүре жүз сексен жетінші аят*. Құранның қазақша аудармасынан таба аласыздар.
+2 дауыс
Ақыр заман аспан айналып жерге түсу емес. Адамдардың жаман жолға түсуі, елдің құлдырауы, ақыр заманды адамдар өз қолдарымен істейді. Ақыр заман болатын шығар, бірақ  болмаса екен деп тілеймін.
Мен де соны тілеймін!
0 дауыс
шын Мусылмандарды акырзаман кай куні болатыны кызыкттырмайды тек сол кунге амал жасайды
0 дауыс
Жаман сөздер жаза бермеңдер.елді қорқытып,бір алла біледі ғой.басқа шаруаларың жоқ па өзі.
+1 дауыс
ахахахахахаха кайдагы акырзаман??!! 2013 жылы анау "2012"  деген киноны корип кулип отырасын Кудай каласа)))
0 дауыс
мен шынымды айтсам осы сұрақтан ақ шаршадым ше!!!АЛЛА-ға сенсей бауырым ок!!!!!
+1 дауыс
Техникалық ақауларға байланысты ақырзаман кейінге қалдырылды. Алдын-ала кешірім сұраймыз.
тура бір ай қалды ақырзаман ға
0 дауыс
"Ақырзаманның, қиямет қайымның, яғни дүние тіршілігінің күндердің күнінде тоқтайтыны сөзсіз. Қиямет қайымның болатындығын бүкіл иләһи діндер негізгі сенім ретінде қабылдаған. Бұл жайлы Шәкәрім бабамыз да өзінің бір өлеңінде: «Әлемдегі діндердің түп мақсұты, үш нәрседе бұлжымай құшақтасар: Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын. Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар» деп жырлаған болатын. Демек, барлық діндер қиямет қайымның болатынына және бұ дүниеден кейін екінші өмірдің бар екеніне сенуге шақырады.
    Ал енді оның нақты қай уақытта болатынын Алладан басқа ешкім білмейді. Тіпті, қияметтің мерзімі жайында сүйікті әрі пайғамбарлардың мырзасы, соңғы пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) де білдірілмеген. Бұл жайлы Құранның бірнеше аяттары мен хадистерінде айтылады. Алла Тағала Қасиетті Құранның Назиъат сүресінде: «(Уа, Мұхаммад) сенен қиямет-қайымның, ақырзаманның қашан болатындығын сұрап жатыр. Сен оны қайдан білерсің?! (Өйткені біз саған оның уақытын білдірген жоқпыз), оның нақты уақыты тек Раббыңа ғана аян! Сен тек қияметтің болатындығына иланып, сұрағынан қорыққандар үшін сол күнді ескертуші пайғамбарсың», – деп Ақырзаманның мерзімін Өзінен басқа ешкім білмейтінін ескертеді. Сондай-ақ, «Жебірейіл хадисі» деген атпен мәшһүр хадисте Жәбірейіл періште Пайғамбарымызға адам бейнесінде келіп: «Қияметтің қашан болатынын айтшы», – дейді. Алла елшісі: «Сұралып тұрған адам сұрап тұрған адамнан артық білмейді», – дейді. Міне, осы хадистен де Қиямет күнінің нақты уақыты Алладан басқа ешкімге белгісіз екенін көреміз.
    Ақырзаманның қашан болатынын тіпті Пайғамбарына да білдіртпеуі Алла Тағаланың керемет хикмет иесі екендігін көрсетеді. Қиямет қайымды былай қойғанда, Алла Тағала адам ажалының қай уақытта болатынын да сыр қып сақтаған. Себебі, егер адамзат ажалының қай уақытта болатынын білсе, онда адамның өмірге деген құлшынысы, ғылымға деген ықыласы, тіпті тамаққа деген тәбеті де тартпай, дүниеге тіршілігімен байланысын түбегейлі үзер еді. Немесе, керісінше, «Алла Тағала мейірімді ғой, соңғы сәттегі тәубені де қабыл ететін рахымды ғой» деп өлім мерзімі жақындағанша ойына келгенін істеп, сұм болып, өмірінің соңында тақуа сопыға айнала салуы мүмкін. Тіпті, егер қиямет күнінің айы, күні тұрмақ, ғасыры белгілі болатын болса, онда адамзат өркениетке табан баспай, «бәрі бір әлем күл болады екен» деп өнеркәсіп, өндіріс, фабрика, зауыт салу дегендер жайына қалатын еді. Күллі адамзат дүниеден баз кешіп, ғылыммен айналысып, өркендеу деген атымен болмас еді. Міне, Хикмет иесі болған Алла осының бәрін ескеріп, ажалды да, Қияметті де біз үшін жасырып қойған.
     Ал енді бүгінгі таңда елдің тыныштығын бұзып, түн ұйқысын алған «2012 жылдың 21-желтоқсанында Ақырзаман болады екен» деген қауесетке келетін болсақ, бұл діни білімнің таяздығынан туындаған нәрсе. Бұған шынайы мұсылман сенбейді. Себебі, оның діні Қияметті бір Алла ғана біледі деп сендіреді.
     Желтоқсанның 21-і күні Қиямет болады деген әңгіме қайдан шығып отыр? Өздеріңіз білесіздер, көне өркениет иесі болған Мая тайпасының өздеріне тән күнтізбесі болған. Олардың күнтізбесі 5126 жылға дейін ғана жазылған. Яғни, күнтізбенің ең соңғы күні 2012 жылдың 21-желтоқсанында бітеді. Ал Мая күнтізбесінің бітуі – адамзат тіршілігінің бітуі деген сөз емес. Бұл бар болғаны, кейбіреулердің түймедейді түйедей етіп жіберуі ғана. Сондықтан да, оған қорқудың, еш уайымдаудың қажеті жоқ. Ал 2012 жылы қиямет болады дегендердің майшам, сіріңке сатып алып, өздеріне қажетті дүниелермен қамдануы, тіпті, күлкілі. Себебі, Қиямет болғанда, жер бетінде тірі жан да қалмайды.
     Тіпті, біз 21-желтоқсанда Қиямет болмайды деп нақты айта аламыз. Себебі, Қиямет қайымның болуы үшін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) білдіріп кеткен белгілері тегіс болуы керек. Қазір Ақырзаманның тек кішкентай белгілері болып жатыр. Ал әлі келе қоймаған, хадистерде көрсетілген ірі белгілері де бар. Олар қысқа уақытта өте шығатын белгілер емес. Сондықтан да, біз хадистерге сүйеніп, желтоқсанның 21-і Ақырзаман болмайды деп айта аламыз.

Қайрат Жолдыбайұлы,
Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы" - delingen...
0 дауыс
2012 жылы ақыр заман болмады
0 дауыс
Чето 2015 жылда өмір сүріп жатырмыз, ақыр заман болмады.
...