+3 дауыс
37.2k көрілді
2012 жылы 21 желтоқсанда болады делінген, көпті ойландырып, толғандырған "Ақыр Заман" болады ма? Әлде болмайды ма? Қалай ойлайсыздар?

33 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
» Смайл СЕЙТБЕКОВ: Ақырзаманның қашан боларын Аллаһ біледі
23 қараша, 2012 10:59 | Соңғы мақалалар » Соңғы мақалалар (1)

Соңғы уақыттарда бұқаралық ақпарат құралдарынан ақырзаман жайында халықты үрейлендіретін мақалалар жарық көруде. Әрине ақырзаман жайында, о дүниелік өмір жайында ғибратты насихат жасалса, жөні бөлек мәселе. Алайда ғалымдар мая тайпасының күнтізбесін негізге ала отырып, 21 желтоқсан 2012 жылы ақырзаман болады екен деп күпіршілік етуде. Бұл жайында бірнеше кино да түсіріп үлгерді. Өкінішке орай діни сауаты таяз, Аллаһқа деген иманы әлсіз жандар осындай әңгімелердің жетегінде кетіп, 21 желтоқсанға дайындықтарын бастап кеткен. Яғни азық түлік алып, өздерінше сақтық шараларын жасауда. Мынаны ұмытпау керек «Егер ақырзаман болса, Аллаһтың қаһарынан ешқандай тірі жан аман қалмайтын болады».

 

Осы тақырыпқа байланысты кейбір көріпкел жандар ел алдында ұпай жинап қалу үшін «Ақырзаман қазір болмайды екен» деп мәлімдеп те үлгерді. Әрине ақырзаман қазір болмайтыны айтпаса да анық мәселе. Өйткені біз Пайғамбарымыздың (с.а.у.) айтқандарына сенеміз. Оның айтқан хбарларына иланамыз да сол бойынша әрекет етеміз. Сондықтан біз ақырзаман қашан болады екен деп даурыққанша, «Өлім хақ. о дүниеде Аллаһтың алдына барарым хақ. Сонда Аллаһтың алдында не деп есеп берем? Бұл өмірде жасаған құлшылығым болмаса, Аллаһ ризалығы үшін жасаған амалым болмаса, ақырым не болмақ?» деп ойлануымыз керек емес пе?

 

О дүниеде қайта тіріліп, Аллаһтың құзырына жиналғанда әрбір адамның амал дәптері өздеріне таратылады. Содан кейін Аллаһ Тағала пенделерінен жеке-жеке есеп алады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде әрбір адамнан мына бес сұрақ міндетті түрде сұралатындығын айтады: «Өмірін қайда өткізгендігі; Жастық шағын қалай өткізгендігі; Мал-дүниесін қандай жолмен тапқандығы; Мал-дүниесін қалай жұмсағандығы; Білгендерімен амал етіп-етпегендігі» (Тирмизи, Қиямет, 1 бөлім, 2416 хадис).

 

Пенде Аллаһтың құзырында есеп беру кезінде жасаған қылмысын мойындамай жалтарғанда, амал дәптері ұсынылады да бүкіл ісі әшкере етіледі. Пенде сонда да мойындаудан жалтарған сәтте оның он екі мүшесіне тіл бітіп, Аллаһтың құзырында жасаған қылмыстарын тізбектеп айта жөнеледі. Аятта осындай сәттің хақтығын былай түсіндіреді: «Сол күні Аллаһтың дұшпандары тозаққа айдалуға жиналып, сонда олар алды-артын тосады. Ақыр оларға барған кезде оларға құлақтары, көздері және терілері олардың не істегендеріне айғақ болады. Олар терілеріне: «Не үшін бізге куә болдыңдар?» - дейді. (терілері): «Бізді әр нәрсені сөйлеткен Аллаһ сөйлетті. Сендерді алғаш рет жаратқан және Сол жаққа қайтарыласыңдар», - деп жауап береді. Сендер өздеріңе құлақтарың, көздерің және терілерің айғақ болады деп жасырынбаушы едіңдер. Тіпті Аллаһ істегендеріңнің көбін білмейді деп ойлаушы едіңдер. Міне осы Раббыларың туралы ойлаған ойларың өздеріңді жойды да, сонда зиянға ұшыраушылардан болдыңдар» (41.Фуссилат сүресі, 19-23-аят).

 

«Қиямет күні оларға тілдері, қол-аяқтары не істегендеріне айғақ болады. Сол күні Аллаһ оларға лайықты жазасын береді. Сондай-ақ рас Аллаһтың ашық шындық екенін олар біледі» (24.Нұр сүресі, 24-25-аят).

 

Адам мүшелерінің айғақ болулары аздай, қара жер де өзін таптап, жаншып, үстінде неше түрлі пәлені жасаған пенденің әрекеттері үшін қияметтегі ұлы есеп кезінде куәлік етеді. Әбу Хурайрадан жеткен риуаят бойынша, Хазіреті Пайғамбарымыз «Ол күні жер хабарын айтады» мағынасындағы Зилзәл сүресінің 4-ші аятын оқып:

- Жердің қалай хабар беретіндігін білесіңдер ме? - деп сахабаларынан сұрайды. Сахабалар:

- Аллаһ пен Оның Елшісі ең дұрысын біледі, - деп жауап қатады. Сонда Расулуллаһ:

- Жердің хабар беруі деген сөз, еркек пен әйел яғни әрбір пенденің жер бетінде жасаған  амалы жайында пәленше мына күні мына сағатта ана жерде  мынаны істеді деп хабар береді, - деді» (Тирмизи, Қиямет, 7 бөлім, 2429 хадис).

 

Есеп беру кезінде әділетсіздік атаулыға жол жоқ. Кімнің біреуде ақысы болса, Аллаһ оның ақысын әпереді. Ол кезде ақысы өткен кісі өзіне жәбір көрсеткен кісіні кешірмей, керісінше оның ақысына сай сауабын сұрайды. Ал егер оның сауабы жоқ болса, өзінің күнәсін соның мойнына асуды талап етеді. Міне көріп отырғанымыздай о дүниеміз бізді ойлантуы керек. Ал біз болсақ, ақырзаман жайында босқа даурығып, Аллаһқа күпірлішілік етудеміз.

 

Енді ақырзаманның қашан болатындығы жайында дініміз не айтады соған тоқталайық. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қиямет қайымның қашан болатындығын сұрағандарға, ұдайы: «Оның уақытын Аллаһ біледі», - деп жауап беретін. Десек те, Пайғамбарымыз (с.а.у.) ақырзаманның уақытын айтпағанмен, оның белгілері жайлы көптеген хадистерінен «мынадай оқиғалар болмайынша қиямет қайым болмайды» деген мағынадағы ғибраттарды кездестіруге болады. Ақырзаманның белгілерін ғұламалар осы хадистерге сүйене отырып екіге бөледі:

а) Ақырзаманның кіші белгілері;

б) Ақырзаманның үлкен белгілері;

 

а) Ақырзаманның кіші белгілері

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистеріне сүйене отырып, ақырзаманның кіші белгілерінен бірнешеуін келтіре кетейік:

1. Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) жер бетіне пайғамбар болып жіберілуінің өзі ақырзаманның алғашқы белгісі: «Қиямет пен мен бірге жіберілдім», деп, сұқ саусағы мен ортаншы саусағын қимылдатып көрсеткені жайында деректер бар (Муслим, Фитән, 132; Тирмизи, Фитән, 39).

2. «Қияметтің белгілерінің бірі дін ілімі азаяды, сауатсыздық көбейеді, зина жасау етек алады, әйелдер көбейіп еркектер азаяды. Тіпті елу әйелдің бір ғана қараушысы болады» (Бухари риуаяты).

3. Әйелдердің саны ер кісілердің санына қарағанда әлде қайда көп болады (Бухари, Худуд, 20).

4. Расулуллаһ (с.а.у.) сахабаларымен сөйлесіп жатқанда бір түздік араб келіп қияметтің қашан болатындығын сұрағанда, оған: «Аманат аяқ асты етілген кезде қияметті күте бер», - дейді. Сонда түздік араб кісі: «Мұны қалай түсінсек болады», - дегенде, Пайғамбарымыз: «Қызмет өз маманына берілмеген кезде қияметті күте бер», - деп жауап береді (Бухари риуаяты).

5. Көп қабатты үйлердің салынуы, өз ісінің маманы емес кісілердің сөз сөйлеуі мен билік етуі (Бухари, Иман 37; Муслим, Иман 1).

6.  Адам өлтіру оқиғасының көбеюі (Бухари, Фитән 25).

7. Жалаң аяқ, жалаңаш және кедей шопандардың да үй салуда бір-бірімен жарысқандарын көресіңдер (Муслим риуаяты).

8. Мен Аллаһтың Елшісімін деп, өзін пайғамбармын деп жариялайтын отызға жуық жалғаншы дажжалдар шығады.

- Зілзаланың көбеюі.

- Көптеген бүліктер етек алуы.

- Жөнсіз жерде адам өлтіру көбейеді (Бухари, Фитән 25).

Осы хадистермен мазмұндас көптеген хадистер бар. Олардың бәрін тізбектеп айтудың орнына бірнеше мысалмен шектеуді жөн көрдік.

 

б) Ақырзаманның үлкен белгілері

Хузайфа ибн Әсид әл-Ғыфариден жеткен риуаят бойынша, Хузайфа былай дейді: «Біз Мадинада бір қорғанның көлеңкесінде отырғанбыз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) болса бір шатырдың үстінде отырған еді. Сол сәтте Аллаһтың Елшісі (с.а.у.) жоғарыдан бізге қарап тұрып:

- Сендерді жұмыстарыңа қандай мәселе жібермей тұр?- деп сұрады. Біз:

- Сөйлесіп отырмыз, - дедік. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

- Не мәселе жайында сөйлесіп отырсыңдар? – деді. Біз:

- Қиямет-қайымның уақыты жайында әңгімелесіп отырмыз, - деп жауап бердік. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.):

- Сендер мына он нәрсені көрмейінше қиямет қайым болмайды деді:

1. Тұманды (түтін).

2. Дажжалды.

3. Даббатул арзды.

4. Күннің батқан жақтан шығуын.

5. Хазіреті Исаның (а.с.) көктен түсуін.

6. Яжуж-Мәжуждың шығуын.

7. Шығыс жақтағы бір жердің шөгуі

8. Батыс жақтағы бір жердің шөгуі

9. Араб түбегіндегі бір жердің шөгуі

10. Йеменнің Аден жазығының ең шалғайынан бір от шығады. Ол от барлық жерді жағып отырып, адамдарды махшарға дейін алып барады, - деді (Муслим, Фитән 39; Ибн Мажа, Фитән 28).

Енді хадисте айтылған жоғарыдағы ақырзаманның 10 үлкен  белгісіне қысқаша шолу жасап өтелік:

Тұман (духан) шығу: Қиямет қайым жақындағанда жер бетін тұман қаптайды. Тұман қырық күн, қырық түн бойы жалғасады. Бұл тұманнан мумин пенделер тұмауратып, кәпірлер мас адам секілді сенделіп жүретін болады. Жер бетін қаптаған тұманнан имансыз болған пенделер көз жұматындығы риуаят етіледі. Бір хадисте бы
Бір хадисте былай дейді: «Ақырзаманда бір тұман шығады. Бұл тұман кәпірлерді өлтіреді, муминдерді тұмауратады» (Муслим, Мунафиқун 39).
   
 

Дажжал: Ақырзаман таяғанда Дажжал есіміндегі бір кісі шығып, адамдарға өзін құдаймын деп танытып, өзінің жолымен жүруге үндейді. Хадисте: «Дажжал сол көзі көр, қалың қою шашты бір адам. Оның қасында жәннәт пен от бар. Оның оты негізінде жәннәт болып, жәннәті де тозақ болады», - деп келтіреді (Муслим риуаяты).

 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Дажжалдың шығатын мекені жайында былай дейді: «Ол Шам теңізінде немесе Йемен теңізінде. Жоқ, ол шығыс жақтан шығады. Иә, ол шығыс жақтан шығады. Ол шығыс жақтан шығады! – деп қолымен шығыс жақты меңзеді» (Муслим, Фитән 119; Әбу Дәуіт, Мәлахим 15).

 

Тағы бір хадисте былай дейді: «Дажжал шыққан кезде өзімен бірге су мен от болады. Бірақ елдің от деп көргені тәтті су, су деп көргені күйдіретін бір от болады. Сендерден кім сол күнге жететін болса елдің от деп көргенін қабыл етсін. Өйткені ол тәтті мұздай су»  (Бухари, Фитән 26; Муслим Фитән 105).

 

Даббатул арз (жерден шығатын хайуан): ақырзаманда «дабба» есімді бір хайуанның шығатындығын жайында Құранда былай дейді: «Оларға айтылған (Қиямет) бастарына келген кезде, олар үшін жерден бір хайуан шығарамыз да, ол оларға адамдардың аяттарымызға мүлде сенбегендіктерін айтады» (27.Нәмл-82). Бұған қатысты көптеген хадис бар.

 

Күннің батқан жерінен  қайта шығуы: Қиямет қайымның және бір белгісі – Аллаһтың әмірімен табиғат заңдылығына қайшы құбылыс орын алып, күннің батқан жерінен қайта шығуымен байланысты. Бұл күн жұма күніне сәйкес келеді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Күн батыстан шықпайынша қиямет болмайды. Күн батыстан шыққанда адамдар оны көріп, жаппай иман етеді. Оған дейін иман етпеген немесе иманында жақсылық болмаған пендерлерге сол күні еткен имандары пайда бермейді» (Бухари,Фитән 25; Муслим, Иман 72; Әбу Дәуіт, Мәлахим 12).

 

Хазіреті Исаның (а.с.) көктен түсуі: ақырзаман таяғанда Дажжал шығып, өзін құдаймын деп жариялап, түрлі сиқыр мен истидраж (имансыз пенденің көрсеткен сиқыры) көрсетіп жүрген уақытта, Аллаһ көктен Иса пайғамбарды түсіреді. Хазіреті Иса жер бетіне түскен соң, Хазіреті Мұхаммед пайғамбардың дінімен жүріп, Исламды жаю үшін күреседі. Себебі, оған түсірілген дін, Ислам діні келгеннен соң күшін жойған болатын.

 

Иса Дажжалды өлтіріп, адамдар арасында әділдік орнатады. Иса пайғамбардың ақырзаманда түсетіндігін және не істейтіндігін Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыздың мына хадисінен білуге болады: «Барлық пайғамбарлар әке жағынан бауыр болғанымен, аналары бөлек. Бірақ діндері бір. Мен Мариямұлы Исаға жақынмын. Өйткені менімен оның арасында басқа пайғамбар келмеді. Расында да ол ақырзаманда жер бетіне түседі. Оны көрген кездеріңде мынадай ерекшеліктерімен танисыңдар: «Орта бойлы, тәні қызыл мен ақ түске жақын, үсті - басы өте таза, шаштарына су тимесе де су тәрізді болып тұрады, ол айырды (кресті) сындырады, шошқаны өлтіреді, жан салығын жояды, мал дүние көп болып, судай ағады, адамзатты Ислам дініне шақырады. Аллаһ Тағала оның кезінде Исламнан басқа діндерді жоқ етеді, ол Аллаһтың қалауымен Дажжалды өлтіреді. Ол кезде жер бетінде бейбіт заман орнап, арыстандар түйелермен, жолбарыстар сиырлармен, қасқырлар қойлармен жайлауда бірге жүріп, балалар жыландармен ойнайтын болады.  Хазіреті Иса жер бетінде 40 жыл өмір сүргеннен кейін қайтыс болады және мұсылмандар оның жаназасын шығарып, жерлейді» (Бухари, Әнбия 48; Муслим, Фәзәйл 143; Әбу Дәуіт, Сүннет 13).

 

Яжуж – Мәжуждың шығуы: ақырзаманның және бір белгісі ретінде Яжуж – Мәжуж атты екі тайпаның шығатындығы жайында аяттар мен хадистерде баян етіледі. Бұл қауымның кімдер екені белгісіз. Бірақ, хадистерде қорғанның ішінде қамалған Яжуж‑Мәжуж елі ақырзаманда жер бетін құмырсқадай қаптап, олардың жүріп өткен жерлерінен шөп шықпайтындай болатындығы айтылады.

 

Шығыста бір жердің батуы; Батыста бір жердің батуы; Араб түбегінде бір жердің батуы: Хадисте айтылғандай шығыста, батыста, араб түбегінде бір жердің батуымен ақырзаманның таялғаны анық болады. Бірақ бататын жерлердің қай мемлекетте болатындығын Аллаһ біледі.

 

Хижаз тарапынан үлкен от шығады: Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жайында былай дейді: «Хижаз жерінен шығатын, Бусрадағы түйелердің мойындарын жарқырататындай бір от шықпайынша қиямет қайым болмайды» (Мслим, Фитән 42).

 

Осы айтылған оқиғалардың қайсысы орын алды? Әрине ешбірі. Олай болса, дініміз ақырзаман жайында осындай мәлімет берген соң, біздің міндетіміз осы айтылғандарға сеніп, ақыретіміз үшін тиісті амалымызды жасау. Ақырзаманның қорқынышты сәтін жүрегінде иманы бар пенденің көрмейтіндігін Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтып кеткендіктен біздің даурыққанымыз орынсыз: «Аллаһ Тағала Йемен тарапынан жібектен де жұмсақ болып тиетін бір самал естіреді. Бұл самал жүрегінде бидайдай иманы болған пенделерді бақилық етеді» (Муслим, Фитән – 23). «Өздері тірі тұрып, қияметтің болғанын көрген кісілер адамдардың жамандары» (Бухари, Фитән 5; Ибн Мажа, Фитән 24).

 

Дегенмен жоғарыда айтылған хадиске ой жүгірсек, Иса пайғамбар Аллаһтың қалауымен көктен түскен соң әлемді 40 жыл басқаратын болады. Сонда дейміз-ау «21 желтоқсан 2012 жыл» деген сандырақтың қисынсыз екендігі айтпаса да түсінікті болмақ.

 

С.Сейтбеков

ҚМДБ-ның Діни оқу-ағарту

бөлімінің меңгерушісі
+3 дауыс
Көзбен көрмейінше сенбейтін сияқтымын. Негізі болады деп көп жерлерде айтылып жур ғой))
Акмарал жалпы озинде дайындык калай 21 желтоксанга
–4 дауыс
Ақырзаманды вахабтардан сұраныз!
+3 дауыс
21.12.2012ж барлық планеталар,ай,күн бір тізімге түзеледі. сонда темрература бірнеше мың градусқа дейін көтеріледі деп естігенмін. Сонда өздеріңіз ойлаңыздар не болатынын.....
+2 дауыс
Оны біз қайдан білейік. Оны тек бір алла біледі.
+1 дауыс
пенде ақыр заманға адам қаншалықты сенсе соншалықты жақындайды.(ұлан газетінен үзінді)    Сендер сенбей-ақ қойыңдар! Бірақ түбінде болады делінген (қашан екені белгісіз) Мен сенбеймін
1)Осы қауесетті жылда айтады
2)2012 деген киноға қарап көбі шошынып қалған
3)TV3 деген каналға келген №1 көріпкел осы жылы болмайды деді
Сендерде осыған басты қатырмаңдар!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
+1 дауыс
Бір Алла шешеді оны! Алла сақтасын бізді!
Алланың атын қатесіз жазсай.Көкте қарап тұр ғо
Белгісіз
–1 дауыс
ЕСТІГЕН ӘҢГІМЕ ))))))))))))))))))))))))((
+1 дауыс
Ақыр заман болып жатыр ғой.Биік ғимараттар,су тасқыны,адамдырдың пиғылының өзгеруі,т.с.с.сідің айтып отқаныңыз қиямет күні.АА оссы қай күні болатыны белгісіз.Ақыр заман деп атаған бұл күн Майя күнтізбесінің бітіуіне байланысты айтылған және бұл ӨТІРІК
–1 дауыс
"Ақыр заманның" қашан болуы не болмауы тек Аллаһқа ғана аян! Оны болады не болмайды деп талқылағаннан ешқандай да пайда жоқ! Болатын істің ертерек болғаны дұрыс, жақсы-жаман болса да. Тек тәубамызға келіп, иман келтірген жөн менің ойымша!
+1 дауыс
менде далбаса,калбасаларға қосылам
хехе))
........
Кім болсаң да аузыңды жап.
+2 дауыс
оны бір жаратушы АЛЛАҺ тағаладан басқа ешкім білмейді!!!
+1 дауыс
Ақыр заман болмайды,менің ойымша бұл саясат халықтың назарын басқа жақа аударып,өз білгендерін жасау үшін.
+2 дауыс
Техникалық ақауларға байланысты ақыр заман кейінгі қалдырылды.
Алдын-ала кешірім сұраймыз.
+1 дауыс
Босқа басыңды қатыр ма?Бұл адамның қолын да емес.ондай сөздерге көп бермейік бауырлар.
...