+1 дауыс
[Джино][1] - ға kz зонасындағы доменіммен сайтты салуға болама?


  [1]: http://jino.ru
28.12.2012 399 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
Джинодан хостинг алып .kz зонасындағы домендермен жұмыс жасай бересің. Оның еш қиындығы жоқ. Бірақ Джинода kz зонасында домен сатылмайды. Елімізге ұзақ уақыттан бері жұмыс жасап келе жатқан танымал регистраторларда домен  сатып алып тіркейсің де, доменіңнің NS серверлеріне Джиноның NS адрестерін жазасың. Яғни олардыңкі: ns1.jino.ru (217.107.34.200), ns2.jino.ru (217.107.217.16). IP міндетті емес. Бірнеше сағаттан соң доменіңді тіркеген регистратор Джиноның NS серверлеріне тіркейді де, сен өз доменіңе Джиноның хостингін қоя аласың. Сенің сайтың Джинода орналасады.
04.07.2013
127,960Сұрақ
322,892Жауап
153,169Пікір
73,014Қолданушы