+1 дауыс
401 көрілді
PS.KZ компаниясынан алынған хостингке тегін 1 жыл SSL қауіпсіздік сертификаты сыйға беріледі сол аталған сертификат қанша сайтқа жарамды?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ол сайттағы беріліп жатқан сертификат тек бір сайтқа жарамды болуы қажет. Сосын сертификаттың субдоменге де жарайтындары бар бірақ оның бағасы бір доменге жарайтын сертификаттан қымбат болып келеді. 

Бұрындары мен сайтқа сертификат аларда мынадай айырмашылықты байқаған едім. Мысалы: Baribar.kz домені бар, сосын Surak.baribar.kz домені бар. Test.baribar.kz домені бар делік. Осының барлығына жарай беретін сертификат бар. Бірақ оның бағасы қымбат. Одан да маған әр субдомен мен сайттың өзіне жеке-жеке сертификат сатып ала салғаным арзанырақ шығатынын байқадым.

Мысалы мен сертифиткатты мына сайттан сатып аламын:

https://www.ihc.ru/sslcerts.html

Бір жылға 4500 теңге төлеймін. Егер судоменнің барлығын қамтитын сертификат алсам онда мен 55 000 төлеуім қажет еді.

Жалпы мен тақырыптан ауытқып кеттім. Сіздің сұрағыңыз бойынша тек бір доменге ғана жарамды. Басқа сайттарға қоя алмайсыз.

Қазір https://letsencrypt.org/ сервисі арқылы тегін SSL кілттер алуға болады дейді. Толық қолданып көрмедім. Мына видеоуроктар арқылы қарап көрсеңіз болады.

Рахмет Ереке!!!
...