+2 дауыс
357 көрілді
Мен соңғы кезде серверлерге көзім түсіп жүр еді. Енді мен алдағы ашатын сайтыма сол серверді алып хостинг жалдамасам қалай болар екен деп ойланып отырмын.  Сайт үшін хостинг алмай серверді хостинг ретінде пайдалануға болама?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазіргі кезде жаңадан ашатын сайт болсаң хостинг тиімді. Бағасы да арзан болады. Жылына 10 мың теңге төлеп сайтты ашып қолдана беруге болады. Ал егер сайтыңа көп адам кіретін болса, онда хостинг көтере алмайды. Ол кезде серверге көшуге тура келеді. Қазіргі кезде ірі хостинг ұсынатын компаниялар бір серверді 3-4 ке бөліп VPS сервер түрінде береді. Оның бағасы қымбат болады, ол серверге өзің қалаған түрлі бағдарламаларды орнатуыңа болады. Жақсы білу үшін сен Линукс Операциялық жүйесін жақсы білуің керек. Оның баптаулары бар, үнемі Putty бағдарламасы арқылы кіріп қадағалап отыруың керек. Серверді басқару үшін, ispManager, PleskPanel, cPanel атты түрлі-түрлі графикалық жүиелер қолданылады. Бірақ көбіне басқарулар Putty арқылы орындалады. Оны арнайы мамандар басқарып отырғаны дұрыс. Себебі баптаулар жасап отыруға тура келеді, егер дұрыс бап отырмасаң артық оперативті жады, процессорды жеп қояды. Бұл менің айтып отқаным ВПС-сервер туралы. Бұл ВПС серверді хостинг компаниялар ұсынады. Масалы біздің СЖ-сайты ВПС-серверде орнатулы тұр. Жылына біз 150 мың теңгедей төлейміз. Айына 12-13 ымң теңгедей болады.  Оған қоса серверді баптап отыру, қажағалауды қос. Жылына 150 ымң теңгедей ақшаң болса ВПС-сервер алуға болады.

Және бұдан бөлек қазіргі жеке өзіңнің серверіңді алып ДатаЦентрге орнатуыңа болады. Оны Colocation деп атайды. Бізде қазіргі таңда мен білетін днр.кз, қазақтелеком,пс.кз серверді қоюға қызмет етеді. Олар бір серверге қызмет көрсету үшін қазақтелеком айына 25 ымң теңге, ал пс.кз 20 ымң теңге көлемінде қызмет етеді. Яғни серверіңді осы дата центрге қоятын бослаң жылына 20 000 *12=240000 теңге ақшаң кетеді. Оған тағы өзің серверді басқарып қадағалап отыра алмайсың. Оған арнайы бір системшикті жалдайсың, немесе сол қызмет көрсететін компанияның адамдарын жалға аласың. Оған тағы айына 10 мың теңгедей бөлеп отқанның өзіңде бір серверді дата центрге қою 350000 мың теңгеге дейін шығып кетеді. Жақсы серверлердің бағасы 450-500 000 мың теңгеден ары қарай алуға болады. Енді өзің есептей бер. 

Сенің компьютерің сервер бола алмайды. Серверлер мынадай түрде болады.

Компьютерге сервер бағдарламасын орнатып істеуге болады, бірақ олар сервер сияқты жұмыс атқара алмайды.

Сондықтан ең дұрысы хостинг алып, сонымен сайт жасай бергенің дұрыс. Егер күніне 20-30 000 адам кіретін сайт болып жатса онда сервер алудың жолын қарастыра бастайсың. Әзірге жылына 10 ымң теңге төлеп хостинг алып отқаның дұрыс.

 

p.s. Ал мен СЖ-ның VPS-Серверін басқарып отыру үшін күнде осындай командалармен жұмыс істеуге тура келіп отырады. Оңай шаруа емес.

 

Жауабыңызға үлкен рахмет!
Белгісіз
...