Менде де солай болып тұр. Үнемі бүкірейіп отырамын компьютердің алдында. Аяғым қыздар сияқты бірінің үстіне бірі қойылып тұрады. Бірақ көбіне аяғымды столға көтеріп алып аяғымды жинап отырамын. Өткен жолы арқам сәл бүкірейіп қатайып қалған кезде барып бірақ байқадым. Содан бері түзу отыруға тырысып жүрмін. Бір жерден "бүкірдің арқасын көр жөндейді" дегенді оқып, арқам бүкірейіп орнына келмей қала ма деп қорыққаннан түзу отырып жүрмін:) Былайынша соңғы кездері негізі компьютердің алдына отырмауға да тырысып жүрмін.