0 дауыс
4.9k көрілді
Айгөлек журналына қай сайт арқылы хат жіберуге  болады?

7 жауап

0 дауыс
Міне сайты, ар жағын өзіңіз қарарсыз--->
e-mail:[email protected]
Қазақтың байырғы  қара есептері
Ерте, ерте, ертеде

Ерте, ерте, ертеде
Ешкі құйрығы келтеде
Қырғауыл деген қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен

 Бір шал мен оның қара кемпірінің үш баласы болыпты. Ағайындылар жұмыртқа теріп ну қамысты Шалқар көліне барыпты. Жұмыртқа қызығына түсіп, оны тере беріпті, тере беріпті. Ақыры олар адасып кетіпті. Үлкені басқаларын күте-күте қарны ашқан соң , алып шыққан жез шәйнекке су құйып, жұмыртқаны толтыра салып , астына от жағып, бойы жылыған соң  қисайса ұйықтап кетіпті. Әлден уақытта ортаншы келіп ,  шәйнектегі  піскен жұмыртқаның үштен бірін жеді де ұйықтап қалды. Мұны білмеген кенже інісі де қалған жұмыртқаның  үштен бірін жеп, қисая кетті. бір кезде үлкені оянса, екі інісінің ұйқтап жатқанын көрді. Оларды оятқысы келмей, өз сыбағасы – жұмыртқаның үштен бірін жеді. Сонда қалған жұмыртқа кімнің сыбағасы?


Шекпен киген қара мен мен қарқаралы хан

-    Мейірімді алдияр! Өз бағыңыздан бір алма алуға рұқсат етіңіз, - деді. Хан алуға рұқсат етті. Қара баққа келсе, бақ үш рет қоршауға алыңған екен. Әрбір қоршау қақпасында жасауыл тұр.
Қара бірінші жасауылға келіп:
-    Хан маған бір алма алуға мейірімділік жасады, - деді.
-    Ал, бірақ шығарда алған алмаңның тең жартысын және бір алма  бересің, - деді жасауыл.
Қақпадағы екінші және үшінші  жасауыл да оған осылай деді. Жасауылдарға сұраған алмаларын беру үшін, Қара бақтан неше алма алу керек?


Ақтоғай ауданы Қошқар селосының жалпы орта білім беру мектебінің 4-сынып оқушысы
Серік Манас
0 дауыс
Сәлеметсіздер ме! сіздің журналға спортты серік еткен балалар туралы жазған шағын мақаламды берсем бола ма?
0 дауыс
Сәлеметсіздер ме! "Айгөлек" балалар журналының электорнды поштасы: [email protected]

Сондай-ақ, журналдың ВК желісінде және Facebook желісінде парақшалары бар.

Тағы сұрақтарыңыз болса, +7 727 392 71 22 номері бойынша хабарласып біле аласыздар.

Журналға шығармаларыңызды не балалардың салған суреттерін жариялау үшін журналға бір жылға толық жазылу керек.
0 дауыс
Айнабұлақ ауылым

Ауылым айналайын Айнабұлақ
Кіндік қаным тамған ауылым.

Туған ел  туған ауыл - жұртым менің

Аяулы атамекен - алтын бесік .

Көрмесем ауылымды сағынамын
Аяулы туған жерім Айнабұлақ.
0 дауыс

ҚЫМБАТ АПАЙ МЕНІҢ "АНАШЫМ" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ МАҚАЛАМДЫ "АЙГӨЛЕК" ЖУРНАЛЫНА ШЫҒАРУЫҢЫЗДЫ ӨТІНЕМІН!!!

АНАШЫМ МЕНІҢ ӨМІРІМ!

Менің анашым әлемдегі ең керемет жан. Анамның есімі КАЛИЕВА ЭЛЬМИРА . Мен анашымды жақсы көремін!!! Анашым менің өмірім!!!Менің анамның сүйікті ісі шаш қию . Анамның мамандығы шаштараз . Менің анама арналған өлең шумақтарым;

Анашым,анашым мен сізді жаксы көремін,

Өмір бойы қасыңызда жүремін .

Тек сіз ауырмаңыз анашым ,

Мен сізді өте жаксы көремін.



Ана деген асыл жан,

Жасаған оны асылдан.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Табылды менің қасымнан.

Ана өмірдің гүлі,біздің қуанышымыз,қамқоршымыз!Мен анама алғыс айтамын!!!Анашым мен сізді жақсы көремін!!!


КАБЕНОВА АРУЖАН 7-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ , БҚО КАЗТАЛОВ ауданы , ҚАРАСУ ауылы

НОМЕР;87778638000

0 дауыс
ҚҰРМЕТТІ ҚЫМБАТ АПАЙ "АЙГӨЛЕК" ЖУРНАЛЫНЫҢ №2 (199)САНЫНДА 12-БЕТТЕГІ БӘЙГЕГЕ АРНАЛҒАН МАҚАЛАМДЫ ҚАБЫЛ АЛЫҢЫЗ
А әрпінен басталатын сөздерден құралған өлең

Қыс болса міні балалар ,

Аққала жасап ойнайды .

Жаз болса міні балалар,

Ау салып күнде қоймайды.

Аққуда ұшып самғайды ,

Көктемде кеш қалмайды.

Жылы жақтан келеді,

Қиқулап салем береді .

Айнаға қарап тамсанып ,

Отыр ата жар салып .

Жанағы келген аққуға,

Қол бұлғап оны карсалып.

КАБЕНОВА АРУЖАН 7-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ,БҚО КАЗТАЛОВ ауданы,ҚАРАСУ ауылы

НОМЕР 87778638000
0 дауыс
Осы айгөлек журналынан 2010 жылы длстарыма деген олен шумак жаттап едим соны калай табуга болады басы былай басталу шеди достарым кутты болсын кадамдарын али талай бар шыгар асуларын осылай басталу шеди
...