0 дауыс
559 көрілді
Менің электронды почтамды біреудің   қарап  жүргенін  сезіп  жүрмін. Блогқа  бірдемелер жазып тастайды, немесе почтамды ақтарып хаттарды  корзинаға  лақтырады  т.с .с .Парольды  күнде ауыстырам ,тіпті  өте  қиын пароль  жазам , сонда  да бәрібір тағы  ашылып тексерілгені  белгілі  болады. Не  істерімді  білмей  жүрмін. Жас емеспін,  блогыма  жаман сөздерді  жазып  қойса  оқушыларымнан   ұят  бола   ма  деп алаңдаймын,  көмектесе  аласыздар ма?  алдын ала  рахмет

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

1. Пароль ретінде қиын, сирек кездесетін таңбаларды қосыңыз. Үлкен қаріп, кіші қаріп, сан үшеуін де қолдануға тырысыңыз. Бұл сіздің поштаңызды паролін бұзуды қиындатады. Қиын паролді бұзу көп уақыт алады. Мысалы: P@$$w0rD

2. Браузер сіздің паролді сақтауға сұраған кезде рұқсат бермеңіз. 

3. Браузердегі кэшті, кукиларды тазартып шығып, паролді тағы бір мәрте ауыстырған дұрыс болатын шығар. 

4. Поштамен жұмыс істеп болған соң, сеансты аяқтап, аккаунттан шығып отырыңыз. 

5. Компьютер қосылған кезде басқа 'артық' программалар қосылмағанына куә болыңыз. Сіздің клавиатурадан енгізген символдарды сақтап отыратын программа болу мүмкін.

6. Сіз қолданып отырған интернет/wi-fi желісі қауіпсіз болуын қараңыз. Себебі сіздің пакеттеріңізді біреу 'аулап' отыру мүмкін. 

Осы жағдайлар орындалса, сіз толықтай қауіпсіздіктесіз)

Парольге үлкен әрiптер автоматты түрде кiшi арiпке айналмайды ма? Жане $ осындай таңбалар қолданылмайды қателеспесем!
Таңбаларды білмедім, бірақ үлкен және кіші әріптер бөлек яғни басқа-басқа болып есептеледі, үлкен әріп - үлкен болып қала береді.
0 дауыс
Маған coderдің    жауабы  ұнады,   бірақ   кэш  және куки  деген  сөздің мағынасын түсінбей отырғаным ,  сонымен қатар

"Компьютер қосылған кезде басқа 'артық' программалар қосылмағанына куә болыңыз. Сіздің клавиатурадан енгізген символдарды сақтап отыратын программа болу мүмкін"-  дегенге толық анықтама  беруіңізді  өтінемін.  ол қандай программа  болуы  мүмкін және  оны қалай  анықтаймын.  Үлкен  рахмет сізге .
ия естуімше ондай программа бар. Сіз клавитураға не терсеңіз сол ана адамға барып отырады.
сол  программа қандай екенін  айта  аласыз ба?  аты  қандай  екен?
Со атын білми тұрмын.Ол программа болса хакерлерде болады.
Рахмет сизге,  егер  проганың  атын  және  осы  туралы  толығырақ  білсеңіз  хабарлап айтсаңыз жақсы  болар еді. Алдын ала  үлкен  рахмет
Жеке хат жіберемін тапқан бойда.
Кэш деп отырғанымыз - сіз көбіне қолданатын ақпараттар сақталатын жер. Бұның паролдің бұзылуына тікелей қатысы бар-жоғын білмедім, бірақ сақтықта қорлық жоқ дегендей ғой) Ал, куки болса, сіз бір сайтты қолданып отырған кезде браузерде сақталатын ақпараттар. Логин, пароль, т.б. Бұларды браузердің баптауларынан кетіре аласыз, сізде гугл хром болса chrome://settings/clearBrowserData .  

Шпион программалардың тізімін, аттарын білмеймін. Бұлар туралы ақпарды кейлоггер деп іздесіңіз интернеттен таба аласыз.
Былай істеп көріңіз:
1. Пуск -> msconfig (іздейтін жерге) -> Автозагрузка Бұлар - компьютер қосылған кезде бірден қосылатындар, ішінен ұнамағанынан птичканы алып тастаңыз.
2. CTRL+ALT-DEL -> Диспетчер задач - Қандай процестер қосулы, жасап тұрғанын көрсетеді. Солардың ішін көріңіз, бірақ ондайлар шпион болғандықтан аттары басқа процесс атымен бүркену мүмкін)
...