+1 дауыс
39.9k көрілді
Адам - көркі еңбек дегенге шығарма керек?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Адамға өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оньщ сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Еңбектің техникалық жарақтану дорежесі, оның дагдысын, әдетін, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру жеке тұлғаның дамуында ерекше маңызды. Еңбектің олеуметтік сипаты, оның тарихи даму сатылары еңбек процесінде адамдар арасында орнығатын және еңбек өнімдері мен түрлерін таратуға әсер ете отырып, қоғамдағы олеуметтік қатынастар жүйесінің негізі болып табылатын өндірістік қатынастар ерекшелігіне байланысты. Адам экологиясы үшін еңбек әрекетіне талдау жасау және орқилы табигат және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы оның әр түрлерінің ерекшеліктерін білудің тұрғындардың өмір сүру жағдайын бағалауда маңызы зор, өйткені еңбек демалыс және түрмыспен катар адамның өмір сүруіндегі негізгі элемент болып есептеледі.
123456789
0 дауыс

«Еңбек етпеген адам ішім-жемге жарымайды, еңбектенген адам ішім-жемнен тарылмайды», — дейді халық даналығы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дәл осындай сөздердің мәнін одан әрі тереңдетіп, саналы адамдарға сәуле түсірердей етіп тұжырым жасап берді. Нақтылап айтқанда, ол: «Әлемнің әміршісі – еңбек.

Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек», — деп, қазақ халқын ел игілігі жолында табанды еңбек етуге шақырып, тәуелсіздіктің тұтқасын еңбекпен ғана ұстап тұруды ұғындырды. Расында да, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалға ешқандай дәлелдің қажеті жоқ, айқын қағида.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық тапсырмасында адамдарды еңбекке баулу арқылы түйінді мәселені шешу қажеттігін алға тартты. Мұндай жақсы іске жақсылықпен жауап қату — әрбір нұротандықтардың басты міндеті. Елбасының еңбекке қарай қарышты қадамы жыл басында халыққа жолдаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауының жалғасы десек те болады. Бұлардың екеуінде де халықтың игілігі үшін жасалатын маңызды міндеттер бір-бірімен үндесіп жатыр. Аталмыш тұжырымдамада «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясына жүктелген міндеттер салмақты. Елбасының Үкімет пен «Нұр Отанға» жүктеген бірінші тапсырмасы — 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін «Қазақстан 2030 стратегиясы ережелері мен қазақстандық әлеуметтік жүйе мен экономикалық жаңғырту міндеттері қоғамын бірлесіп дамыту мәселелеріне қатысты басқа да стратегиялық құжаттарға арқа сүйейтін 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың жалпыұлттық тұжырымдамасының» жобасын және әлеуметтік саладағы ұлттық заңдарға түгендеу жүргізу, әлеуметтік жаңғыртудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оны реформалаудың жобасын жасау. Елбасының ұсынып отырған бұл тұжырымдамасы біздің алдағы міндеттерімізді шешу үшін қоғамды еңбекке жұмылдыратын түйінді фактор болып отыр. Мен «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде және облыстық мәслихаттың депутаты ретінде жерлестерімді Елбасының осындай өзекті тұжырымдамасын жұмыла жүзеге асыруға шақырамын.

Аталмыш тұжырымдамаға біздің солтүстік өңірінің ауыл шаруашылығы саласы мен біздің ғалымдарымыз да өз үлестерін қосады деп айтуға толық негіз бар. Соңғы жылдары Үкімет елдегі аграрлық салаға мықтап бет бұрды. Соның ішінде жергілікті тұрғындардың отандық өнімдерді тұтынулары үшін ауыл шаруашылығы ғалымдарының жұмысын жандандыру қажеттігі де назарға алынды. Бұл біздің жұмысымызға үлкен серпін береді. Қазіргі таңда біздің Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары көптеген меншік нысандарының шаруашылықтарында ет және сүтті бағыттағы малдардың жаңа тұқымдарын зерттеу, ет, сүт, жүн өндірісінде заманауи технологияларды құру, тағы басқа да жұмыстармен айналысып келеді. Біздің басты мақсатымыз — әрбір ғалымның ғылыми еңбегін жаңа инновациялық жобаларға негіздеп, шаруашылықтың барлық салаларына енгізу, ғылыми ізденістердің нәтижесі арқылы еліміздің экономикасын дамыту және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі үшін мал шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін нығайту. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл басындағы Жолдауында еңбек өнімділігін арттыру үшін жаңа инновациялық жобаларды батыл енгізуге баса назар аударды. Соның ішінде ауыл шаруашылығын әлемдік стандарттарға сай жан-жақты дамыту — басты шарт. Соған орай, біздің институтта да нақты шаралар жүзеге аса бас-тады. Соның бірі — агроқұрылым мамандарын жаңа әлемдік технологияларға орай қайта даярлықтан өткізу. Үстіміздегі жылы институт жанынан мамандарды қайта даярлайтын «Қызылжар» білім тарату орталығы ашылды. Онда белгіленген жоспар бойынша шаруашылық мамандары орталыққа келіп теориялық және тәжірибелік білімдерін арттырып, сертификатқа ие болуда. Елбасы тапсырмасының ең өзектілігі өндіріс орындарын ашып, оның өнімдерінің сапасын арттыру, жұмыспен қамту мәселелерін оңтайлы тетігін табу болса, мен айтып отырған аталмыш орталықтың келешекте де қажеті зор болмақ.

Жастар — еліміздің болашағы. Оларға қолдау жасау — уақыт күттірмейтін мәселе. Соңғы жылдары өзім басқаратын институтта қызмет істейтін жас мамандар 60 пайызды құрап отыр. Біз олардың келешегінен үлкен үміт күтеміз. Жастарға ең қажеттісі қолжетімді баспана болса, биылғы жылы Қызылжар ауданында әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін мамандармен бірге ветеринария мамандарына да 0,01 %-бен баспана сатып алуға 2 427 000 теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріліп отыр. Диплом алған жастар бұл тұрғыда ойланулары керек. Ауылдан қашпай, елдің дамуына өз үлестерін қосулары қазіргі қоғамға ауадай қажет. Жастар «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Нұр Отан» партиясының төңірегіне бірігіп, келешектегі стратегияларды бірге жүзеге асырулары қажет деп ойлаймын. Дәл қазір біздің қоғамымызға нақты өнімді еңбек қажет. Бейнетсіз зейнет жоқ. Өкінішке орай, көбісі білім-біліктерін меңгерудің орнына әке-шешесінің тапқан ақшасына көлік сатып алып, «такси» жүргізуден арыла алмай отырғаны өкінішті. Егер біз бәсекеге қабілетті ұлт болғымыз келсе, санамызды жаңғыртып, масылдықтан арылуымыз керек. 

Ел экономикасының қарқынды дамуының қозғау-шы күші жаңа серпіндегі, тың бағыттағы әлеумет-тік-инновациялық жобалар мен бағдарламалар болмақ. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 20 маңызды міндет жүктеген тұжырымдамасында өзін-өзі жұ-мыспен қамтыған халық саны неғұрлым басым орналасқан елде индустриялық және инновациялық экономиканың жаңа нысандарын құру туралы мәселе де назарға алынған. Бұл — ауылдағы әрбір отбасын ойландыратын мәселе. Ауылдың гүлденіп көркеюі үшін еңбекке жарамды әрбір қазақстандық өз үлестерін қосулары керек. Мұндай бастамалар мен бағдарламаларды ғалым болсын, мемлекеттік қызметкер болсын, дәрігер, педагог, басқа да қай саланың маманы болсын, барлығы бір тудың астына бірігіп, жұмылып жүзеге асырғанда ғана еңбек қоғамына қарышты қадам жасай аламыз.

0 дауыс
сейітқұл еңбек адамы тақрыбына ессе тауып беріңіздерші
...