0 дауыс
565 көрілді

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Skype  - бұл тегін таратылатын бағдарлама, оның көмегімен сіз достарыңызға қай жерде болмасын қоңырау шала аласыз, тек олар да Skype пайдаланушылары болса болғаны. Құрастырушы компания Skype Limited болып табылады. Бағдарламада сондай-ақ конференц-қоңыраулар (25 абоненттердің арасында, жетекшіні қоса алғанда), бейнеқоңыраулар (10 абоненттің арасында) жасауға, жылдам хабар алмасу (чат) және файл жіберу, экран мониторының бейнесін көрсету, қоңырауды адресаттау бұдан да басқа көптеген мүмкіндіктері жетерлік.
 
 Сонымен қатар Skype компьютерлердің арасында Интернет арқылы шифрленген дыбыс байланысын қамтамасыз  (VoIP) ететін тегін жабық кодты патенттелген бағдарламалық қамсыздандырумен тиімді тарифтермен ұялы және стационарлық телефондарға арналған ақылы қызметтерін көрсетеді.
 
Өткен жылдың қазан айынан бастап Skype арқылы Facebook-тағы достарыңызбен хат алмасып, қоңырау соғу мүмкіндігі қосылды. Және әрбір жаңа нұсқасы шыққан сайын жетілдіріліп отырады.
 
Skype-тың келесідей оперциялық жүйелерге арналған нұсқасы бар: Windows, Mac OS X, Linux, iOS, Windows Mobile, Google Android, PSP, Symbian. Біз қарастыратынымыз әдетте қолданатын дербес компьютерлік Windows ОЖ арналған нұсқасы.
 
 Skype-тың өзге туыстары ICQ, QIP немесе Jabber-ден ерекшелігі сіз бірнеше адаммен қатар чатта және дауысты байланыс орнатып сөйлесе аласыз. Және бейнебайланыс сапасы үздік деп айтуға болады.

SKIPE бағдарламасы депсіз ал мен SKYPE іздедім өйткені SKIPE ондай бағдарлама жоқ екен сіз қателестіңіз немесе шынымен де бар шығар ал егерде менің тапқаным басқа болса әрине кешіріңіз бірақ керек болып қалар!
кешіріңіз мен қате жазыппын! skype)))
...