0 дауыс
533 көрілді
Серпін бағдарламасы туралы толық ақпарат керек. 2019-2020 жылы бағдарлама жалғасадыма?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ел Президентінің салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап жастар саясаты еліміздің басты басымдықтарының біріне айналған.  «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында: Қазақстандықтар – жасампаз және жас ұлт: республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен  байланысты, болашақтың негізі бүгін қаланады делінген.

Елбасы жастарға арнап сөйлеген сөзінде: «Ықылым заманнан бері қазақ атамыз „Білекті бірді, білімді мыңды жығады“ деген сөз қалдырған. Қазақтың бұл мақаланың өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын күрделі, орасан қажыр қайрат пен ерік — жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл», — деген болатын.

Ел ертеңі – жастар дейді екенбіз ел жастарының сапалы білім алуын қамтамасыз етуіміз керек. Осы бағытта мемлекет тарапынан жүйелі жобалар жасалуда. Жастардың білім алуын елдегі түрлі бағдарламар аясында іске асырылуда. Күнгей жұртын теріскейге алдыртып, сондағы тіршілік қазанын қайнатуды көздеген Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы – көргенділікпен қолға алынған жоба деп санаймыз. Себебі, оңтүстік өңірдің халқы жыл санап көбейіп, жұмыс табу қиындап бара жатса; солтүстікттің кең-байтақ даласында адам саны азайып барады. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін ел билігі осындай шешім шығарғалы бірнеше жылдың жүзі болды.

Осы бағдарлама аясында оңтүстік өңірдің жастарын еліміздің солтүстігіндегі облыстарда оқып, білім алуға мүмкіндіктер жасалды. Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» атты арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданған болаты. Аталған бағдарлама бойынша 7 ЖОО мен 25 колледж жұмылдырылып, Маңғыстау, Қызылорда,  Оңтүстік Қазақстан,  Жамбыл,  Алматы облыстарының жастары қатысты. Сол жылдары жоғары оқу орындарына 1 050, колледждерге 1 000 грант бөлінгенімен, маусымның аяғына дейін, бар болғаны 30 өтініш қана келіп түсіп, жоба өз мақсатына жете алмады.

Артынша еріктілердің арқасында 2014 жылы «Серпін» жалпыұлттық, қоғамдық жобасы дүниеге келді. Бұл жобаның қажет екендігін дәлелдеу мақсатында зерттеу жұмыстары да жүргізілді. «Серпін» әлеуметтік жобасы бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік бастамалардың бірі болып саналады. Қазір халықтың жобаға деген қызығушылығы күн санап артып келеді. 2014 жылы жоба аясында 2050 студент, 2015 жылы 6 200, 2016 жылы 11 296 студент білім алды.

Бағдарлама аясында мыңдаған жас білім алды, Солтүстіктегі ЖОО-лар жанданады. Студент – мемлекеттің даму потенциялын айқындайтын күш. Қай қалада студент көп болса, сол қаланың болашағы зор. «Серпіннен» бітірген жастардың кемі 50 пайызы сол өңірлерде қалса, үміттің ақталғаны. Оларды оқытқанда, болашақта жұмыссыз қалмайтын, сол өңірге аса қажетті мамандықтар бойынша оқытқан дұрыс.

«Серпін» индустриалды-инновациялық жобаларға мамандарды даярлап, жұмыс күші мол аймақтардағы жастарға сұранысқа ие кәсіби білім беруді ұйымдастырады; жұмыс күші мол аймақтардағы жастарды жұмыс күші тапшы аймақтардағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға тартады. Екіншіден, техникалық және кәсіптік білім берудің беделін арттырып, жастардың жұмысшы мамандықтар алуға деген оң көзқарасын қалыптастырады. Үшіншіден, жастардың әлеуеттік және жұмыссыздық мәселелерін шешеді.

Жоба жүзеге асырылған алғашқы 3 жыл ішінде 12 мыңнан астам азамат бұл бастаманың пайдалы тұстарына куә болды. 9212 студент ЖОО-ларын таңдаса, қалғаны кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде оқып білім алды. Әрі оларды жұмыспен қамту жағы да қарастырылған. Жобаға қатысатын ЖОО саны да аз болған жоқ. Әлеуметтік бастама аясында елімізде тапшы мамандарды даярлау көзделген. Бағдарлама аясында оңтүстік жастары шығыс пен солтүстіктен білім алып, аймақтағы халық саны мен экономикасын көтеруге өз үлестерін қосады. Ең бастысы, ана тілін ұмытқан жандарды қазақыландыруға атсалыспақ. Жобаға бүгінде Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының түлектері қатыса алады.

Осы бағдарлама оңтүстіктің халқын солтүстікке көшіру жобасының жүгін жеңілдетті. Себебі, жеңілдетілген мүмкіндікпен бөлінген мол грант тек солтүстік өңірдегі жеті жоғары оқу орнына түсуді міндеттеді. Мемлекеттік грант алуды мақсат еткен жастар солтүстік өңірді бетке алды. Бұл жастар оқу бітірген соң сол өңірлерде қалып, еңбек етер болса біз сөз етіп отырған мақсаттың жүзеге асқаны дер едік. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы Республикалық Үйлестіру Кеңесінің төрағасы Мұрат Абдуламитұлы Әбеновтің айтуынша, бұл бағдарлама мемлекеттік ірі бастамаға үндеу қосып, барынша жастарға қолдау көрсету болып табылады екен.

– Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында жаhандық деңгейдегі дағдарыс кезінде елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін көрсетіп, өткен ғасырдың 60-жылдарынан кеңінен тараған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасы орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Сонымен қатар, «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек» -деп көрсетті.

Мемлекет басшысының осы идеяларын негізге ала отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап арнайы бағдарлама қабылдады. Бүгінгі «Мәңгілік Ел Жастары – индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы осы бір бастамаға үндеу қосып, барынша жастарға қолдау көрсету болып табылады.

Қазіргі таңда Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында бүгінгі күні бала туу деңгейі жоғары, көшіп келушілер көп. Мұның барлығы жұмыссыздық мәселесін тудырады. Әлеуметтік нысандар, үй, мектеп, балабақша жетпейді. Қанша адам оқу бітірсе де, жұмыссыз жүр. Мектеп бітіргендер колледждерге оқуға түсе алмайды – себебі үміткерлер көп болғасын, орын жетіспейді. Еңбек күші артып тұрғасын кадрлық сұраныс аз болады. Бұл – нарық экономикасының заңдылығы. Оқуды бұрын бітіргендер жұмыссыз жүргесін грант та аз бөлінеді. Керісінше, еліміздің кейбір өңірлерінде кадр тапшылығы өте өзекті болып тұр. Бүгінгі таңда бұндай мәселе 7-8 облыста туындауда. Басты себебі – бала туу денгейінің төмендігі және сыртқа көшіп кету миграциясы. Сол өңірлердегі өндіріс орындары еңбек күші жетіспеушілігінен өз әлеуетін толық іске асыра алмай отыр.

Міне, кадр тапшылығын туындатқан осындай мәселелерді шешу үшін индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға, жастар арасындағы жұмыссыздық сияқты мәселелер шешімін тауып, жоғары білімді мамандар мен сауатты жұмысшылар даярлауда ел болашағына оң әсерін береді деп ойлаймыз, - дейді Әбенов.

Халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру бағдарламасы аясында көш бағытын солтүсікке бұрған ағайынға жасалатын тиімділік жылдан-жылға жақсарып келеді. Атап айтар болсақ, биылдан бастап тек отбасыларға ғана емес, некеде тұрмаған азаматтарға да мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бұл мәселе халықты жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері туралы заң жобасында көрініс тауып отыр.

Демек, Солтүстікке көшу үшін отбасылы болу міндет емес. Жұмыс іздеп жүрсіз бе? Әлде климат алмастырып, жер жаңалап, мекен ауыстырғыңыз келе ме? Онда жоспарыңызды жүзеге асыру үшін Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасының шарттарымен танысыңыз. Биыл бағдарлама шартына елеулі өзгеріс енгізілген. Яғни, бұған дейін аталған бағдарламаға отбасылы не туған-туысын ерткен адам жұбы қатыса алса, енді үйленбеген, не тұрмыс құрмаған адам да жалғыз қатыса алады. Биыл бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 1706 отбасыға квота бөлінген. 2015 жылы жүзеге асырыла бастаған бағдарлама әуелі елді елең еткізді. Содан бері біршама өзгерістерге ұшырап, әлі де жалғасып келеді. 2017 жылы «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында оңтүстік облыстардан солтүстік өңірлерге отбасыларды көшіруге 710 млн теңге қарастырылған.

Енді оңтүстіктің халқын солтүстікке не үшін көшіру керек деген сұрақ төңірегінде азырақ тоқталайық. Кейбір деректерге сүйенсек, 2030 жылға қарай Қазақстан халқы 20 миллионнан асады деген болжам бар. Бұл межеге жету – асқақ арман. Дегенмен, әлгі болжанған халық санының 50 пайыздан астамы оңтүстiк өңiрдегi бес облысқа ғана тиесiлi. Есесiне, солтүстiк аймақтардағы халық саны кеми түспек. Елдегi iшкi көшi-қон саясатын осы қалыпта ұстап тұрар болса, солтүстiктегi тұрғындар санының төмендей беретiнi айтпаса да түсiнiктi. Бұл өз кезегiнде солтүстiкке қарасты облыстарда жұмыс күшiнiң жетiспеушiлiгiн тудырады.

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы халқының тығыздығы жағынан көш басында. Сол себептен де екі қолға бір күрек таппай жүргендер көп. Еліміз осы тұрғыда екі мақсатты жобаны жүзеге асыруды қолға алған болатын. Бұл солтүстік өңірді қазақыландыруға және халықтың жұмыспен қамтылуына бағытталып отыр. Яғни, еңбек ресурсының теңсіздігін реттеу қазақыландыру саясатымен қатар жүреді. Осы тұрғыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында еңбек нарығын жаңғырту мақсатында еңбеккерлерді артық жұмыс күші бар өңірлерден жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету керектігін атап көрсеткен болатын. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына арнайы тармақ енгiзiп, бұл мәселенi шешудiң оңтайлы жолдарын белгiледi. Ондағы мақсат – ел азаматтарын, әсiресе, халқы тығыз, жұмыссыздығы басым оңтүстiк тұрғындарын жұмыс күшi тапшы өңiрлерге қарай көшiрiп, экономикалық тұрғыдан қолайлы етiп орналастыру. Бастама сәтiмен жүзеге асса, қоғамдағы бiрқатар өзектi мәселенiң түйiнi тарқатылмақ.

Ал демографиялық болжам бойынша, 2050 жылға қарай оңтүстік өңірлерде халық саны 5 миллион 300 мың адамға дейін жетіп, жұмыссыздық мәселесі күрделене түсуі мүмкін. Керісінше, солтүстік өңірлерде тұрғындар саны 900 мыңға кеміп, жұмыс күшінің жетіспеушілігі үлкен түйткілге айналу қаупі басым.

Бұған қоса оңтүстік өңірдегі экономикалық тұрғыда белсенді халықтың ішінде 62,7 мың адам жұмыссыздар қатарында. Қазір халықты жұмыспен қамтуға, жаппай кәсіпкерлікке тартуға көңіл бөлініп отырғаны белгілі. Облыс азаматтарының бірқатары жұмыс күші аз солтүстік облыстарға қоныс аударып, кәсібін дөңгелетуде. Мәселен, 2016 жылы облыстан Солтүстік Қазақстан облысына 125, Қостанай облысына 18, Шығыс Қазақстан облысына 3 отбасы қоныс аударған. Ал биыл осы мақсатта қанша отбасы қоныс аударуға ниетті? «Серпін» жобасы бойынша қанша шәкірт білім алмақ? Осы секілді маңызды мәселелер өңіраралық бірігуді дамыту жөніндегі шаралар бойынша өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде кеңінен айтылды.

Қысқартып айтқанда, басымыз көбейіп, баурымыз бүтін болсын десек, шекараны адамға толтырып, өндірісті нығайтуымыз керек. Әрі ел халқының өңірлерде орналасу тепе-теңдігін қалыптастыру керек. Ал ол – сенімді де сергек қоныс аударушылардың да оң жамбасына келер саясат. «Елге ел келсе – құт» деген аталы сөз алдымызға ұстар ұранымыз болғаны жөн-ақ.

Дереккөз: https://abai.kz/post/77686

...