0 дауыс
6.8k көрілді
Adobe InDesign бағдарламасы туралы қазақша ақпарат керек?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

1. «Adobe InDesign CS3» бағдарламасы

«Adobe InDesign CS3» бағдарламасы баспа, жарнама компаниялары мен агенттіктерінде басылымдарды дайындаумен айналысатын кәсiби беттеушілер, дизайнерлер мен суретшілердің сұранысын қанағаттандыру мақсатында жасалған. Бағдарлама әр түрлi полиграфиялық өнімдерді беттеуге арналып отыр. Ол құжат бетінде мәтiндiк блоктарды және графикалық суреттердi тиiстi тiзбек бойынша орналастыруға мүмкіндік береді.

«Adobe InDesign CS3» бағдарламасында мәтiн және графикалық файлдарды өзге бағдарламалардан импорттауға мүмкіндік жасалған. Жасалған макетті басып шығаруға, оның түс бөлінуін немесе электрондық нұсқасын басқа компьютерлерге жіберуге болады. «Adobe InDesign CS3» бағдарламасы нүктелік графика және беттеумен жұмыс жасайтын «Adobe» фирмасының өзге өнімдерімен, атап айтқанда «Adobe Photoshop CS3», «Adobe Illustrator CS3» бағдарламасымен үйлесімді жұмыс атқарады. Бұл мүмкіндік ұқсас бағдарламалардың өзара әрекетінен ойлаған жобаға сапа және сенiмдiлiктi қамтамасыз етіп, жоғары жылдамдықпен орындауға мүмкiндiк туғызады.

«Adobe InDesign CS3» бағдарламасының интерфейсі сырт көзге «Creative Suite CS3» базасында құрылған «Adobe Photoshop CS3», «Adobe Illustrator CS3» сериялық өнімдерге ұқсас болып келеді. Интерфейс өз құрамына типтік элементтерді, мәзір жолағы, құрал саймандар панелі, палитра және диалогтық терезені біріктірген.

Бағдарламадағы командалардың ұқсастығы жұмыс барысында қиындық тудырмайды. Ал интерфейстiң сыртқы ұқсастығы бірнеше бағдарламада қатар жұмыс жасауға қолайлы болып, қатардағы қолданушылар үшін жұмыс iстеудi жылдам меңгеруге мүмкiндiк бередi.

2. Adobe Indesign CS3 жаңа мүмкiндiктерi

«Adobe InDesign» бағдарламасы салыстырмалы түрде жас болып есептелінеді. Жұмыс барысында түсініктеме берілетін бағдарлама жағартылымы 5.0 нөмiрлі, яғни бесінші ұрпақтағы өнім. Бағдарламаның әрбiр жаңа нұсқасы шыққан сайын пайдалы қосымшалар және тиімді мүмкiндiктермен жарақтандырылады. Бұл нұсқаның да өзіндік ерекшеліктері бар:

  • қолданушы үшін жетiлдiрiлген интерфейс, бағдарламаның жоғары өнімділігі, ол өз кезегінде үлкен масштабтағы жарияланымдарды дайындауға, импорт және экспортты жылдамдатуға септік етеді;
  • бағдарламада қолданушының еркі бойынша шексіз көлемдегі операцияларды кері қайтару мүмкіндігі бар, өзге беттеу бағдарламаларында тек соңғы жиырма операцияны кері қайтаруға болатын;
  • графикалық бейнелермен жұмыс жасау барысында жұмыс орнының мөлдiр облыстарында әрекет жасау тетiгi жетiлдiрiлген;
  • Microsoft Word және Excel ден импортталған кестелерді бағдарламада форматтауға мүмкіндік жасалған, осындай операцияларды импортталған мәтiндiк файлдарға жүргізуге болады;
  • сапалы өнiм алу үшін мәтінді параграфтарға бөлу, жолақтар мен таңбааралық интервалдарды теңестіру және беттеудi алдын ала көру тетiгі іске асырылған;
  • «Adobe Photoshop» және «Adobe Illustrator»-дiң бағдарлама жасалған файлдардың еркін оқылуы;
  • «Adobe PDF» технологиясымен интеграция қолданып, басып шығару параметрлерiнiң сенiмдi әрі сапалы қалыптары қолданылған.
қалай дереу қазақшаға аударып аласыңдар
0 дауыс
Кітаптардың, газеттердің т.б. беттерін дайындауға арналған бағдарлама.
...