Шынын айтқанда, автоматтандырылған аударма жүйелеріне сенуге болмайды. Қанша дегенмен, ол жақтағы арнайы алгоритм кез келген тілдің грамматикалық көңіл күйін толық жеткізе алмайды. Өйткені, ол машиналды түрде алдын ала белгіленген, дерек қорына алдын ала топтастырып қойған сөздерді ғана аударып бере алады.
Қорытынды - ол сайттарды тек өосымша көмек, білмеген сөздеріңді аудару үшін ғана пайдалану керек. Ал, мәтіннің толық, грамматикалық дұрыс аудармасын өзің аударып, өзің өңдегенің жөн.
Дегенмен, сен іздеп отырған бағытта бірнеше ресурс бар. Олар:
1) http://perevod.nur.kz
2) http://lugat.kz/
Егер орыс тілінен, не орыс тіліне аудару керек болса:
1) http://sozdik.kz/
Жоғарыдағы ресурстар көмектесті ғой деген ниетпен өзіңе сәттілік тілеймін!