Әр түрлі қызба тән. *Қызу көтерілуі көбінесе субфебрильды болады, сонымен қатар ашуланшақ болуы немесе апатия болады, ұйқының қашуы немесе ұйқышылдықтың болуы, жылауық немесе көңілді болу. Терлегіштік болуы, әсіресе түнде және таңға жақын, жүрек соғысының жиелеуі, тәбеттіңбұзылуы, жүрек айну, бастың ауруы. Бұл белгілер өршу кезінде айқындалады да, басылған кезде айқын емес, немесе көрінбейді. Өкпе туберкулезінің ерте түрлерімен ауратын науқастардың 1/3 өздерін сау сезінеді, тек мұқият тексерген кезде ғана ауруы анықталады.*
Жөтел - *құрғақ немесе қақырық бөлінуімен. Себебі қабыну процесс, тыныс жолдарында кілегей, ірің, қан жиналуы. Қақырық бөлінуі қиын болады. Жөтел салқын ауа жұтқаннан, қатты даусын шығарып жөтелгеннен, тез қимылдағаннан күшейе түседі. Кейде бронхиалдық астмаға ұқсас болып, дәрілерді қолдану нәтижесіз болады. Жөтел көбінесе түнде мазалап, ұйқы бермей, кеудеде ауырғандық тудырып көгеру, құсумен бірге жүреді.*
*Жөтел пароксизмдері өкпе тінінің жарылуына, қабырғалар зақымдануына дейін апарады.
Қақырық - кілегейлі, кілегейлі-іріңді және іріңді, иіссіз болады. Иісі басқа инфекция қосарланғанда болуы мүмкін. Қақырықтың негізгі мөлшері таңертең және кешке бөлінеді. Үлкен деструктивті процесстерге тәуілігіне 100-200 мл және оданда жоғары бөлінуі мүмкін.*
Қан қақыру- *қақырыққа әр түрлі мөлшерде қан араласу - қабынуошағында майда тамырлардың, капиллярлардың бұзылуына байла-нысты. Туберкулездің инфильтративті, ошақты және диссемилила-цияланған түрлерінде болады.*
Қан кету - *таза қанның бір шай қасықтан бірнеше жүз миллилитрге
дейін бөлінуі – ірі тамырлардың бұзалуымен байланысты. Туберкулездің созылмалы кавернозды және цирротикалық түрлеріне тән.
Қан қақыру және қан кету қарт адамдарда – балалармен және жасөспірімдермен салыстырғанда 2-3 есе жиі кездеседі. Кейбір жағдайларда “ашық аспанда күн күркірегендей” жасырын түрде өтіп жатқан процесс кезінде бір рет болып ауру ағымына әсер етпейді. Туберкулездің ауыр түрінде қан кету – ескерту болады, өйткені қан кету ағзаны микробактериялармен тұқымдандырып – пневмония тудырып, өлімге әкелуі мүмкін*.
Ауырғандық - *туберкулезде тыныс алғанда және жөтелгенде мазалайды. Себебі – қабыну процесі кеуде клеткасын, диафрагманы, трахея, ірі бронхтарды қамтиды. Кейде ауырғандық құйымшақ нервісі бойымен, токсиндермен тітіркенуіне байланысты пайда болады.
Демікпе - тыныс алудың жиілеуі, үстірт болуы, өкпенің тыныс алу бетінің азаюына байланысты дамиды. Туберкулездің диссемили-нацияланған, инфильтративті, созылмалы фиброзды-кавернозды, цирротикалық түрлерінде кездеседі.*
Жүректің зақымдануы - *туберкулез токсиндері жүрек бұлшық етін уландырып, миокард-дистрофия тудырады, нәтижесінде жүрек қызметі төмендеп, демікпе күшейеді, пульсі жиі және әлсіз болады.
Қан аздық, арықтау- туберкулезде, әсіресе қан қақыру, қан кету болған жағдайда анемия дамиды. Қызба, терлегіш, тәбеттің төмен болуы арықтауға және ағза зорығуына әкеліп соқтырады*