+1 дауыс
6.1k көрілді
туберкулездің дақ болатын түрлері жайлы толығырақ және қалай не арқылы  жұғвды  т.с.с.мәліметтер керек еді қиын болмаса жауап беріңдерш...

1 жауап

0 дауыс
ТУБЕРКУЛЕЗ

- Бұл aғзағa туберкулез бактериялары түсіп дамитын жұқпалы ауру.


- Ең алдымен өкпе залалданады, кейде ми мен оның қабықшалары, омыртқа, бүйрек, лимфа туйіндері, буын, жыныс мүшелері және басқалары залалданады.


- Жұқтыру негізі туберкулезге шалдыққан адам болып табылады.


ТУБЕРКУЛЕЗ НЕЛІКТЕН КАУІПТІ АУРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.


- Жылсайын 8,8 миллион адам туберкулезбен аурады


- Ем қабылдамайтын әp6ip наукас 10 адамнан 15 адамға дейін ауруын жұктырады


- Туберкулезге шалдыққандардың 75% 20 - 40 жастағы адамдарды кұрайды


- Жылсайын 2 миллион адам қайтыс болады


- Туберкулезді дуниежүзінде әр секундта 1 адам жұктырады
- Жұқтырғандардың тек 5 -10%-ында ғaнa ауру дамуы мумкін

ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЖҰҚТЫРУ ҚАЛАЙ БОЛАДЫ




Егер ауру адам жөтеліп түшкірсе, туберкулез қоздырушысы ayaғa түседі. Залалданған ауамен айналадағы адамдар демалатын болса,  бактериялар тыныс алу жолдарымен өкпеге түседі. Туберкулезді осылайша жүқтыруға болады.




ТУБЕРКУЛЕЗ БАКТЕРИЯЛАРЫ ҰЗАҚ САКТАЛАДЫ:


- қалыпты жағдайда күннің көзінің болмауы - бірнеше ай;


- жарық тapaлғaн болса - 1-1,5 ай;


- көше шаңында - 10 күн;


- кiтan беттерінде - 3 ай;


- суда - 5 ай;


- сүт тағамдарында - 8 ай.





ТУБЕРКУЛЕЗ БАКТЕРИЯЛАРЫ ӨЛЕТІН ЖАҒДАЙ:




- күн сәулесіне шалдығу - 1,5 сағат;




- ультракүлгін сәулесінің әcepi - 2-3 мин.;




- сүтті қайнатқанда;




- күнсайын бөлмені желдеткенде;




- ылғалды шүберекпен бөлмені сүрткенде.




АДАМ АҒЗАСЫНА ТУБЕРКУЛЕЗ БАКТЕРИЯСЫНЫҢ ТҮСУ БАРЫСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ  МӘНДІ БОЛАТЫНЫ:


- Жұқпаның  көптігі, мөлшері, адам ағзасына туберкулез бактериялары түcyiнің  ұзақтығы.


- Иммунитет туберкулез бактерияларынан қорғануға қaншaлықты дaйын.





ӘРІ ҚАРАЙ НЕ БОЛАДЫ?




Туберкулез бактериялары кез келген мүшеде көбейеді, 6ipaқ. өкпенің жоғарғы бөлігінде жиі кездеседі. 2 - 10 аптада ағзаның иммундық жуйесі көбеюмен микробактериялардын әpi қарай таралуын тоқтатады.




АУРУДЫҢ  ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР




-      Жүргізілетін фактор-иммунитеттің әлсізденуі. Жеткіліксіз тамақтану;




-      Қосымша  ауыр түрдегі  ауру (АҚТҚ, қант диабеті, ойық жара ауруы және т.б.);




-      Қатты тоңазу;




-      Зиянды әдеттер;




-      Созылмалы күйзелу жағдайлар.




ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР МЕН БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАР ТУРАЛЫ




Кез келген зиянды әдеттер-темекі шегу, ішімдік iшy, наша шегу, дені cay aғзaғa да әcepi нашар.




Туберкулезге шалдыққандар аурудан айығып кетуі қиындыққа түседі.




ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ  ДАМУ БАРЫСЫНДА ТӨМЕНДЕГІДЕЙ БЕЛГІЛЕР ПАЙДА БОЛУЫ MYMKIH:


- екі аптадан артық уақытқа созылған жөтел,


- әлсіздік,


- дене қызуының көтepiлуi,


- тершендік,


- тәбеттің нашарлауы,


- жүдеу,


- шаршағыштық,


- кеуде тұсының  ауыруы.


- қан аралас қақырықтын түсуі,





Ағзаның жаксы қорғану күші барысында туберкулез бактериялары салауатты ұлпалардан жекеленеді, айнала тығыз қабықша дамып, аурудың дамуы токтатылады.




АУРУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІН БАЙҚАҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК




1. Тексерілу үшін тұғылықты және оқу орны бойынша медицина мекемесіне бару.




2. Бұл қалалық емханалар, ОДА, студенттер үшін - №3 емхана.




3. Уақытында анықталған туберкулез - ойдағыдай айығып  кетудің кепілдігі.




ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ




ТУБЕРКУЛЕЗ ТЕГІН ЕМДЕЛЕНЕДІ




ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЕМЕС TYPЛЕРI




Спецификалық:




- вакцинация және БЦЖ ревакцинациясы




Спецификалық емес:




-   салауатты өмір салты




-   тиімді тамақтану




-   дене шынықтыру белсенділігі




-   зиянды әдеттерден бас тарту




Астана қаласы туберкулезге қарсы диспансердің  2011-2012жж. туберкулезге қарсы қызметті жетілдіруі.




Астана қаласы «Туберкулезге қарсы диспансері» МКҚК  2012 жылдың қаңтар айынан бастап:


1. Ересектер және балалар диспансер бөлімшесінің емханалық қызметі қайта құрылымдалды. Туберкулез дертімен  ауыратындармен қатынаста болмау мақсатында Астана қаласының барлық емханаларында фтизиопедиатрлар қабылдауы енгізілді;


2. Омыртқа және ірі буындар туберкулезіне, перифериялық лимфа түйіндеріне операция жасап қайтадан қалпына келтіретін остео- хирургиялық бөлімше ашылды. Бөлімше 20 төсекке есептелген.





Остео - хирургиялық бөлімше меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер, Н.Ә.Назарбаев атындағы степендиат Дүйсенбаев Әділет Қизатұлы шетелден алған тәжірибесіне сүйене отырып, туберкулезбен зақымданып операция жасалған кез келген жастағы пациенттерді қайта қалпына келтіру мақсатында  жоғары технологиялық  шұғыл емдеу әдісін енгізді.




Бұл араласудың басты мақсаты тек қана патологиялық сүйек ошағын алып тастау ғана емес, тірек қабілетін, буын қимылын қалпына келтіріп, пациент өмірін сапалы жақсарту. Омыртқа мен ірі буын туберкулезі стадиясы процессіне диагностикалық және декомпрессивті араласудың жаңа әдісі енгізіліп, кеңінен пайдаланылуда.  Омыртқаның барлық бөліктеріне, зақымданған омыртқа денесінің алдыңғыбөлігіне инплантант қолданып ауыстыруға қолайлы операция жасау тұрақталды (трансторкальді, жамбастантыс).




Бөлімшеде қосымша омыртқаның  арт жағын ілгекпен  жүйелеп бекіту әдісі енгізіліп қолданылуда бұл зақымданған омыртқа бөлімін тұрақтандырып,науқастың  белсенділігін ерте арттырады.


3. Диспансердің клиникалық зертхнасында туберкулезді микробиологиялық диагностикалаудың заманауи тәсілдері қолданылады:




1) Туберкулезді  микробиологиялық диагностикалаудың жылдамдатылған тәсілі және МБТ туберкулезге қарсы препараттарға (ВАКТЕК) сезімталдығын тездетіп анықтайды (микобактерияның детекциясы үшін және оның дәрілік препаратқа сезімталдығын анықтайтын толық автоматтандырылған жүйе ):


- жылдам және нақты нәтиже


- сезгіштігі  жоғарыфлуоресцентті технология


- эксплуатациялаудың қарапайымдығы және ыңғайлылығы


- бактериологиялық зерттеу стандартизациясы


- дәріге сезімталдық нәтижесінің автоматты интерпретациясы (ЛЧ)


- 1- және 2- қатардағы препаратқа дәрілік сезімталдықты аықтау мүмкіндігі


- бір уақытта 960 үлгіні зерттеу ( жылына 8000тест )
- жұмыс кезінде персоналдың жоғары дәрежедегі қауіпсіздігі
- компьютерлік  мәлімет базасына және зертханалық ақпарат жүйесіне қосылу мүмкіндігі
2) Туберкулезді молекулярлы - генетикалық диагностикалау әдісі (Наіn - тест). Наіn Lіfescenіce тест - жүйесінің артықшылығы:
- жұмыстың қарапайымдылығы
Реагент жұмысы үшін қажет барлық набор қосылады
- әсіл үмітті
Спецификалық процедура комбинациясы амплификация және гибридизациясы жұмыс кепілділігіне үміт арттырады
- нәтиже шапшаң алынады 1-2күн ішінде
- сезімталдық және  тек өзіне тәндік жоғары екенін тәуелсіз мамандар бүкіл әлемде дәлелдеген.
Мына жерде толық ақпарат: http://www.tubdis.kz/en/2010-03-07-14-38-08.html
ренжіме лағып кетіпсің,мына ақпаратта  дақ жайлы дымда берілмегенго
Дым да берілмесе, жоқ та дақ туралы,сұрақты дұрыстап қойсай
Белгісіз
ари ойнаш бауырым а так болмаса болгызамызда.
Бауырым сұрақты дұрыс қоймағанына мен кінәлі емес шығармын
Белгісіз
э бауыр короче енды айналып өт меным сұрақтарымнан .
Мен не істейтінімді өзім білем маған олай бұйырмай-ақ қой
Белгісіз
окпеснде кара дак бар адам жугыруге бола ма?
...