Тазалық, Талғам сұрақ қойды | 26.7k қаралды
26.7k қаралды
«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!

12 жауап

жауап берді

Әр түрлі қызба тән. Қызу көтерілуі көбінесе субфебрильды болады, сонымен қатар ашуланшақ болуы немесе апатия болады, ұйқының қашуы немесе ұйқышылдықтың болуы, жылауық немесе көңілді болу. Терлегіштік болуы, әсіресе түнде және таңға жақын, жүрек соғысының жиелеуі, тәбеттіңбұзылуы, жүрек айну, бастың ауруы. Бұл белгілер өршу кезінде айқындалады да, басылған кезде айқын емес, немесе көрінбейді. Өкпе туберкулезінің ерте түрлерімен ауратын науқастардың 1/3 өздерін сау сезінеді, тек мұқият тексерген кезде ғана ауруы анықталады.
Жөтел - құрғақ немесе қақырық бөлінуімен. Себебі қабыну процесс, тыныс жолдарында кілегей, ірің, қан жиналуы. Қақырық бөлінуі қиын болады. Жөтел салқын ауа жұтқаннан, қатты даусын шығарып жөтелгеннен, тез қимылдағаннан күшейе түседі. Кейде бронхиалдық астмаға ұқсас болып, дәрілерді қолдану нәтижесіз болады. Жөтел көбінесе түнде мазалап, ұйқы бермей, кеудеде ауырғандық тудырып көгеру, құсумен бірге жүреді.

*Жөтел пароксизмдері өкпе тінінің жарылуына, қабырғалар зақымдануына дейін апарады.

Қақырық - кілегейлі, кілегейлі-іріңді және іріңді, иіссіз болады. Иісі басқа инфекция қосарланғанда болуы мүмкін. Қақырықтың негізгі мөлшері таңертең және кешке бөлінеді. Үлкен деструктивті процесстерге тәуілігіне 100-200 мл және оданда жоғары бөлінуі мүмкін.*

Қан қақыру- қақырыққа әр түрлі мөлшерде қан араласу - қабынуошағында майда тамырлардың, капиллярлардың бұзылуына байла-нысты. Туберкулездің инфильтративті, ошақты және диссемилила-цияланған түрлерінде болады.
Қан кету - *таза қанның бір шай қасықтан бірнеше жүз миллилитрге
дейін бөлінуі – ірі тамырлардың бұзалуымен байланысты. Туберкулездің созылмалы кавернозды және цирротикалық түрлеріне тән.

Қан қақыру және қан кету қарт адамдарда – балалармен және жасөспірімдермен салыстырғанда 2-3 есе жиі кездеседі. Кейбір жағдайларда “ашық аспанда күн күркірегендей” жасырын түрде өтіп жатқан процесс кезінде бір рет болып ауру ағымына әсер етпейді. Туберкулездің ауыр түрінде қан кету – ескерту болады, өйткені қан кету ағзаны микробактериялармен тұқымдандырып – пневмония тудырып, өлімге әкелуі мүмкін*.

Ауырғандық - туберкулезде тыныс алғанда және жөтелгенде мазалайды. Себебі – қабыну процесі кеуде клеткасын, диафрагманы, трахея, ірі бронхтарды қамтиды. Кейде ауырғандық құйымшақ нервісі бойымен, токсиндермен тітіркенуіне байланысты пайда болады.
Демікпе - тыныс алудың жиілеуі, үстірт болуы, өкпенің тыныс алу бетінің азаюына байланысты дамиды. Туберкулездің диссемили-нацияланған, инфильтративті, созылмалы фиброзды-кавернозды, цирротикалық түрлерінде кездеседі.

Жүректің зақымдануы - туберкулез токсиндері жүрек бұлшық етін уландырып, миокард-дистрофия тудырады, нәтижесінде жүрек қызметі төмендеп, демікпе күшейеді, пульсі жиі және әлсіз болады.
Қан аздық, арықтау- туберкулезде, әсіресе қан қақыру, қан кету болған жағдайда анемия дамиды. Қызба, терлегіш, тәбеттің төмен болуы арықтауға және ағза зорығуына әкеліп соқтырады

жауап берді

Адамның басы ауырады,жөтеледі. Жөтелі өте қатты болып жөтелмен бірге қан шығады

жауап берді
Салеметсиздерме мен казыр озимнин жагыдайымды айтайын мен ауырып жергениме 3кун болды салкын тиiп калды енди мен бурун осылау аурушы едим брак 2кунде жазлп кетп журдм грипостад анау мынауларды ишип енди осы казр тусунби отырмын алсизденип калдм басым аурады терли берем брак жутел болмаиды алсизденип жата берем тамагым аурады ангина бул ненин белгиси???
Саламатсыздарма сiздерден суйрайын дегеним мен осыдан 3 4 ай бурын окпеге салкын тиди деп ем алдым 2 апта укол сосын тауир болдын дедти али казирги кезде окпем шанышып аурад демалсам кейде аурад кобинесе шанышып аурад не себепти айтып жибересиздерма озим корем журмин
Vk парақшамызды қалдырыңызышы өтініш сұрағым бар еді
жауап берді
Жотелiм оте катты Кан шыкпайды басым ауырады
жауап берді
Сəлеметсіздерме, менде жөтел бірақ қан шықпайды, бас аурат, екі қолымның буындары аурат əсіресе иығым ол неден? Қанда
жауап берді
Маған кеңестеріңіз керек. Көпнесе азанда и түнде қақырық түседі, бірақ басым ауырмайды, жөтел жоқ грип болмағанмын, сонғы кезде кішкене қан араласып қақырық түсіп жатыр  рентгенге түскеніме ендігі айда 6 ай болады, сосын тексерілем деп жүрм , АЛЛА САҚТАСЫН жаман ауру болмасындеп тілеп жүрм
жауап берді
Сәлеметсіздерме, маған кеңестеріңіз керек. Көпнесе азанда и түнде қақырық түседі, бірақ басым ауырмайды, жөтел жоқ грип болмағанмын, сонғы кезде кішкене қан араласып қақырық түсіп жатыр  рентгенге түскеніме ендігі айда 6 ай болады, сосын тексерілем деп жүрм , АЛЛА САҚТАСЫН жаман ауру болмасындеп тілеп жүрм
жауап берді
Екы окпе ашуы анда санда екы кокырек ортасы суйек алде ет ауруы анда санда бул не
жауап берді
Менде жөтелемін тамағым ісініп кеткен
Бирак кан шыкпайды
Оның үстіне тұмау бар
Ол қауіпті емес пе
жауап берді
мен қан құстым бірақ темперетурам жоқ терлеп жатқаным жоқ шамалы əлсіздік байқалады бұл не ауру рентген нəтижесі туберкулез сияқты диді

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Азаттық жаңалықтары

Ұқсас сұрақтар

117,269 сұрақ
299,825 жауап
153,153 пікір
63,883 қолданушы