0 дауыс
2.4k көрілді
Құтырудың алғашқы белгілері қандай? Адам ауырғанын қалай анықтауға болады?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Құтырудың алғашқы белгілері:

Бас ауырып, ыстығы 39-40 градусқа бірден көтеріледі, тамаққа тәбеті болмайды, және көзі қызара бастайды.Егер дер кезінде дәрігерге қаралмаса 2 апта ішінде жүріп кетуі мүмкін.

Хайуандарда

Бір түрлі күйде болады, кейде сұлық жатады, мазасызданады, ашуланшақ болады;
Аузы көбіктенеді — ішіп-жей алмайды;
Жанына жолағанның бәрін қауып, тістеуі мүмкін.
Хайуан 5 күн 7 күннің аралығында өледі.

Адамдарда

Тістеген жер ауырып, ысиды;
Алқынып демалады, түрі жаңа гана жылаған адам сияқты болады;
Ауырсынып және қиналып жутынады, аузының сілекейі қоюланып, желімдесе береді;
Адамды үрей билейді, ашуланшақ келеді, құтырынып, алас урады;
Өлім алдында талма үстап, дене құрысып сал болып қалады.

Егер сізге біреуді тістеген немесе қапқан хайуан қутырған болуы мүмкін деген ой келсе:

Хайуанды байлаңыз немесе бір апта сыртқа шығармай ұстаңыз;
Тістеген жерді сабынмен, сумен және сутегі асқын тотығымен (перекисьпен) жақсылап тазартыңыз, жараны жаппай, ашық қалдырыңыз;
Егер хайуан бір аптага жетпей өлсе (егер ол өлтірілген болса немесе ұстатпай кетсе) зардап шеккен адамды ауруханаға апарыңыз, сол жерде оған қатарынан бірнеше рет құтыруға қарсы дәрі шанышады.

Құтырудың алғашқы белгілері тістегеннен кейін 10 күннен 2 жылға дейінгі уақыт аралығында (әдетте 3—7 аптадан кейін) байқалады. Емдеуді алғашқы белгілері білінгенге дейін бастау керек. Ал ол белгілер көрінгеннен кейін ештеңе де, тіпті осы заманғы медицина да адам өмірін құтқара ала алмайды.

Алдын алуӨңдеу

Құтырды деп сезік туғызған кез келген хайуанды өлтіріп, көміп тастаңыз (немесе бір апта бойы үйшікте ұстаңыз);
Иттерді вакцина жасау жөніндегі шараларға қатысыңыз;
Ауырған сияқты көрінген немесе мінезінде өзгеріс болган кез келген хайуаннан бала-ларды аулақ үстаңыз.

Ауырған сияқты көрінетін немесе мінезінде өзгеріс бар хайуандарға көңіл бөліп, барлық сақтық шараларын қолданыңыз. Тіпті ол ешкімді тістеп қаппағанда да оның сілекейі дененің кесілген немесе жырылған жеріне түссе құтыру туғызады.
0 дауыс
http://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1%D1%82%D1%8B%D1%80%D1%83
...