0 дауыс
6.5k көрілді
Салеметсиздерме биз осы уакытка дейин 3 мысык асырадык бирак 3 еуи де олип калды 2 еуи ауырып олип калды ол бизге куна болады ма? Немесе биздин уйде мысык турмайды ма ?

4 жауап

0 дауыс

Мысық қолға үйреткен мақлұқтың ішіндегі ең пайдасы азы. Мысықтың қазаққа келтіретін пайдасы тышқан аулағаны. Басқа жұрттар мысықтың терісін алу үшін де ұстайды.Мысықты Мысыр халқы қолға үйреткеніне көп болған. Басқа жерлерге онан кейін көптен соң тараған. Бұрынғы грек пен рум жұрттарында мысық асырау деген тіпті болмаған. Еуропа жұрттарына мысық тарағанына мың жылдай-ақ болды. Америке (Америка) жеріне мысықты Еуропа адамдары алып барып, таратқан. Мысық атаулының үйде ұсталатындарының бәрі де сол Мысыр мысығынан өрбіген. Мысырдың бұрынғы халқы мысықты қасиетті мақлұқ деп, Құдайдай қадірлеп, табынған. Өрт болса, бәрінен бұрын мысықты құтқаруға тырысқан. Мысық өлсе, қайғырып, аза тұтып, қара салған. Мысықты өлтіргендер өлімге бұйырылған. Мысық өсімтал мақлұқ. Жылында 2-3 балалайды. Баласы көзін ашып, өсе бастағанда-ақ, енесі тышқан ұстауға баулиды. Баулу үшін тірі тышқан әкеліп, баласына ұстатып үйретеді. Мысық тырнағын жәй кезде жоғары көтеріп, жүніне жасырып, қалжасын ұстар кезде ғана шығарады. Мысықтың мұрты – сезетін бес сайманының бірі. Біз қолымызбен сипап білетін нәрселерді мысықтар мұртымен біледі. Мысықтың аузын адалдаймыз деп мұртын кесетін біздің қазақта дағды бар. Олары мысыққа зор зәбір. Мысықтың мұртын кесу – қолымыздың саусағын кесумен бірдей. Тышқан жеген мысықтың арам аузын мұртын кесумен адалдаймыз деген құр адасқандық.Мысықпен тұқымдас толып жатқан аңдар бар. Олардың ішін-дегі қазақ білетіндері барыс, жолбарыс, арыстан, қазақ білмейтін-дері ягуар, леопард, пума. Қолға үйренбей, тағы күйінде қалған мысықтар да бар.Мысықпен тұқымдас аңдардың адамға келтірер пайдасы аз, жоқ қасында, залалы көп. Мысық тұқымды аңдардың бәрі де қанқұмар мақлұқтар. Өздері мықты, бірақ керіне тимей, мысықша бұғып жатып тиеді. Сондықтан олар бар жерде адамдарға да, басқа аңдарға да зияны көп. Әсіресе, күштілері арыстан, жолба-рыс, ягуар, леопард, пума. Бұлардың әлі жетпейтін хайуандары аз. Арыстан ақырған кезде естіген хайуанда ес қалмайды.

Толығырақ: http://ulagat.com/2020/01/19/%D0%BC%D1%8B%D1%81%D1%8B%D2%9B-2/

0 дауыс
Мысықтың пайдасы көп.Ауырса емдеуге тырысу керек.Әдейі өлтірмесеңіздер күнә жазылмайтын шығар.

Мысықты қолға үйретілгені жақсы.Яғни көшедегі жабайы мысықты алуға кеңес бермеймін.
0 дауыс

Мысықты көп адамдар жақтыра бермейді, бірақ өзім асырап жатырмын өзіне тез баурап алатын үй жануары. Жұмыстан келгенде кәдімгідей алдымнан шығып еркелейді, шаршағаның басылып қалады.  Ал енді сіздің мысықтарыңыз бойынша барлық нәрсе мәңгілік емес, ешкім бұл өмірде сақтандырылмаған. Егерде мысықты жақсы көрсеңіз қайта асырап көріңіз. Менің білгенім мысықтарға көңіл бөліп тұрыңыз.

0 дауыс
Біз падездін марғау тауып алп бактык 2ай оны ай дала га жверп жвердк ол бзге куна болама олсе
...