0 дауыс
16.7k көрілді
Қазақ жері-ежелгі адамдар мекені туралы маған шығарма тауып беріңіздерші отінем)ато апай урсад)Хд

4 жауап

+1 дауыс
Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бірлестігіне бірікті. Біздің заманымыздан бұрынғы 3-ғасырда Қазақстан жерінде кейбір тайпалар өз мемлекетін құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түсті. Олардың алғашқылары сюнну (ғұндар) болатын. Зерттеушілер ғұндарды түріктердің арғы ата-бабалары деп есептейді. Бұл бірлестікті Мөде басқарған кезде ғұндар бүкіл әлемге танылды. Ғұндардың батысқа жорығы “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” түрткі болды. Жетісуда ежелгі тиграхауда сақтарының жерін мұра етіп алған усундер (үйсіндер) біздің заманымыздан бұрынғы 160 ж. шамасында Іле алқабында өз мемлекетін құрды. Олар Қаңлы мемлекетімен шектесті. Бұл тайпалар құрған мемлекеттер Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыс орнатқан.
Қазақстанды Ресейдің отарлауы 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды. Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 1731 – 1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді. Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті.
1822 ж. “Сібір қазақтары туралы жарғы”, 1824 ж. “Орынбор қазақтары жөніндегі жарғы” деген құжаттармен қазақ жерін басқару тәртібі белгіленді. Осы заңдар бойынша Орта жүз бен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта жүзде “аға сұлтан” деген басқарушы қызмет енгізілді. Ішкі округтер құрылды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді.
19-ғасырдың басында Хиуа мен Қоқан хандары Оңтүстік Қазақстанға өз бақылауларын орнатты. Қазақтар Қоқан мен Хиуа билеушілеріне қарсы жиі-жиі бас көтеріп отырды. Отарлық езгінің күшеюі, шұрайлы жерлерді тартып алып, бекіністер салу Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын (1837 – 47) тудырды.
19-ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі аяқталды.
1914 ж. 1-тамызда Ресейдің 1-дүниежүзілік соғысқа тартылуы Қазақстан халқына ауыр соққы болып тиді.
Жаппай наразылықтар нәтижесінде 1916 жылғы көтеріліс шықты. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 жылғы 25-маусымдағы майдандағы қара жұмысқа Қазақ пен Түркістан өлкелерінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жас аралығындағы ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу мен Торғайда болды.
1917 ж. патшаны тақтан құлатқан Ақпан революциясының оқиғалары көп ұзамай Қазақстанға да жетті.
1917 ж. 21 – 28 шілдеде Орынборда 1-Бүкілқазақ съезі өтті. Делегаттар ұлттық автономия, жер-су, т.б. мәселелердің шешілуіне, Құрылтай жиналысына әзірлік және қазақ саяси партиясын құру мәселелеріне баса назар аударды. Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Жанша Досмұхамедұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мағжан Жұмабаев, т.б. қайраткерлер отаршылдыққа қарсы Алаш партиясын құрды. Олар қазақ халқын отарлық езгіден азат ету ұраны төңірегіне топтасып, қазақтың дербес, тәуелсіз Алашорда демократиялық мемлекетін құруға кірісті. Бірақ көп ұзамай бүкіл Ресейдегі сияқты қазақ жерінде де кеңес билігі орнады.
1917 жылы большевистік революциядан кейін Қазақстанда Кеңес билігі орнады. Бірінші дүниежүзілік және азамат соғыстары бүкіл ел шаруашылығын күйретті. 1920-1921 жж. қыста болған жұттың салдарынан ірі қараның жартысына жуығы қырылды. 1921 жылы жаз егінсіз болып, аштық орнады. Тек 20-жылдардың соңына қарай Қазақстан қалпына келді. 1920 жылы Қазақстан автономды, ал 1936 жылы КСРО құрамындағы одақтық республика болды.
Аймақтың экономикалық әлсіздігін есепке ала отырып, одақтық үкімет Қазақстан шаруашылығын қарқынды түрде дамытуды алға қойды және 1941 жылы өнеркәсіп өндіріс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда сегіз есеге артты.. Ірі экономикалық жобаларды орындауға ресурстарды топтастырудың жоспарлық жүйесінің мүмкіндіктері арқасында Қазақстан 30-жылдары көшпелі өлкесінен ірі және өнеркәсіптік, егіншілік пен мал шаруашылығы дамыған, жоғары мәдени деңгейі бар аймаққа айналды.
Қазақстан аумағында мыңдаған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылды, он мыңдаған шақырымға созылған темір және автомобиль жолдары түсті. Қазақстан түрлі түсті және қара металл, көмір, мұнай, бидай, мал шаруашылығы өнімдерінің ірі өндірушісі болды. 1991 жылы Қазақстан үлесіне қорғасын, мырыш, титан, магний, қалайыны өндіруде одақтық өндірістің 70 пайызы, фосфор мен хром өндірісінің 90 пайызы, күміс пен молибденнің 60 пайыздан астамы тиесілі болды. Қазақстан дәнді дақылдардың ірі өндірушісі болды.
Алайда, экономикалық дамудағы жетістіктер үшін қазақ халқы құнын өтеді. «Социалистік индустриялау» әдісі қайғылы жағдайға әкелді. Нәтижесінде ұжымдастыру бойынша қозғалыс 30-жылдары аштыққа әкеліп тіреді. Қазақтардың бір бөлігі тобымен Қытайға және көршілес ортаазия елдеріне кетті. 1931-1934 жылдары аштық пен аурудан бір жарым миллион адам қаза тапты, ол этностың 40 пайызын құрады.
Қазақстан бұрынғы КСРО аумағындағы негізгі тұрғындардың ең аз бөлігін құраған бірегей республика болды; мұндай жағдай 30-жылдары халықтың көп бөлігінен айырылғаннан емес, КСРО-ның басқа аймақтарынан Қазақстан аумағына жүз мыңдаған адамдарды жарамсыз большевиктік режимде 1937-1938 жж. террор құрбандарына арналған концлагерлер ұйымдастыру арқылы қоныс аудару салдарынан болды.
1935 жылдан 1940 жылға дейінгі кезеңде Батыс Украина, Белоруссия және Литвадан поляктардың жер аударуы көп орын алды (120 мыңға жуық адам). ІІ дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстанға Поволжья немістері, Кавказдан шешендер, ингуштар және басқа да ұлт өкілдері күштеп қоныс аударылды, ал 50-60 жж. тың игеруге байланысты біздің елге Ресей, Украина, Белоруссиядан миллиондаған тұрғындар көшіп келді. Нәтижесінде 1926 жылы республикадағы барлық тұрғынның меншікті салмағы 57,1% құрап, 1939 жылы бұл көрсеткіш 38%-ға дейін төмендеді, ал 1959 жылы небәрі 30 пайызға тең болды. Тек соңғы жылдары қазақтардың меншікті салмағы 50 %-дың көрсеткішке жетті. 70-80 жылдар қарсаңында КСРО-ның экономикалық және әлеуметтік-саяси өміріндегі дағдарыс Қазақстанға да әсер етті. Қатаң жоспарлық жүйе елдің экономикалық дамуын, әлеуметтік саланы тоқыратты. Сондықтан да қайта құру саясаты жариялылық пен демократияға сенген Қазақстан халқынан кең қолдау тапты. Алайда, 1986 жылғы 17 желтоқсанда орын алған Алматыдағы жастардың демократиялық көтерілісінің қатты қысымға алынғаны тағы да «әлеуметтік» жүйенің жарамсыздығын көрсетті.
+1 дауыс
Қазіргі Қазақстан аумағын адамдар ерте заманнан бері мекен еткен. Сондықтан елді мекеннің көне тарихы сол жердің табиғатынын, тарихы болып есептелінеді. Табиғаттың тарихы сол аймақтағы мекендеген халықтың тарихы бір-бірімен ұштасып жатқандықтан, Қазақстан жеріндегі көне тарихи ескерткіштердің сақталуы сол жердің табиғатының болмысын анықтайды. Мұны палеолит дәуіріндегі қоныстардың орны дәлелдейді. Қазақстан аумағындағы тас ғасырдың көне ескерткіштері Қаратау маңынан, Еділдің сағасынан, Бетпақдаладан, Бұқтырма өзенінің бойынан, т.б. жерлерден табылған. Қола дәуірінде Қазақстан металл қорытудың ежелгі орталықтарының біріне айналған. Алтай, Қаратау, Жезқазған және т.б. жерлерден өндірілген темір қорытылып, балқымалардан өткір жүзді құралдар, саймандар жасалған. Сол кезде Қазақстан жерінде өмір сүрген сақ тайпалары мәдениетінің қазылып алынған үлгілерінде бағалы металдардан жасалған әшекейлер көп кездеседі. Оған Алматыға жақын Есік қорғанынан табылған «Алтын киімді адамның» бейнесі нақты дәлел болады. Онда сақ жауынгері алтын әшекейлермен қапталған киіммен жерленген. Осындай жағдайларға байланысты Қазақстан жері туралы мәліметтер ерте замандарда-ақ Еуропа ғалымдары мен саяхатшыларына мәлім болған.
0 дауыс

Тарихтан белгілі болғандай ит- адамның қолына алғаш рет үйретілген хайуандардың бірі. Сонымен бірге ит- адамның сенімді серігі, қорғаушысы, күзетшісі, адал қызметшісі. Иттің осындай хайуан болуына байланысты ежелгі адамдар ол жайында неше түрлі наным-сенімдер, салт- ғұрыптарды дүниеге әкелгені аян. Сонымен қатар бұндай көріністер жерлеу рәсімдерінде де жалғасын тауып отырған.

Аталған мақала негізінде Қазақстан аумағындағы археологиялық нысандарды қарастырамыз. Бұрындары бұл тақырып төңірегінде арнайы зерттеулер жүргізілмегенін ескерсек, нақтылы бір қорытынды жасауға әлі ерте. Ит сүйектерінің қоныс аумақтарында, жерлеу кешендерінде кездесуі, жартас беттерінде бейнеленуі (петроглифтер) кездейсоқтық болмаса керек. Жерлеу рәсімдерінде ит қаңқасы жекелей немесе басқа да жануарлардың сүйектермен бірге кездессе, петроглифтерде түрлі оқиғалар барысында бейнеленеді.

Қазақстан территориясында ең алғаш рет энеолит дәуіріне жататын Ботай қонысынан(б.з.б. IY-III м.ж.) өте мол остеологиялық материалдар табылған. Басым көпшілігі 70 000- аса жылқы сүйектері болып келеді. Сондай- ақ зубрдың, турдың, бұланның, еліктің, аюдың, иттің, түлкінің, қарсақтың, түйенің т.б. аң- құстардың сүйектері де бар.Бұл қоныстағы жерлеу ғұрпы мен бірқатар символдық заттар тотемизмнің, аруақтарға табынудың болғандығынан хабар береді. Әсіресе, тұрғын жайлардың табалдырығы астында иттің көмілуі жиі кездеседі /1/. Бұл да бір рәсімдік сипаттан хабар берсе керек.

Қоныс аумақтарында ит сүйектерінің кездесуі кейінгі кезеңдерде, қола дәуіріне жататын бірқатар ескерткіштерден көрініс тапқан. С.М.Ақынжанов,

Л.А.Макарова, Т.Н.Нұрұмовтардың ортақ еңбектерінде Солтүстік және Орталық Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерден алынған остеологиялық материалдар негізінде біршама мәліметтер берілген. Мұнда негізінен Ә.Х.Марғұлан, Ә.М.Оразбаев, М.Қ.Қадырбаев, Ж.К.Құрманқұлов, К.Б.Зданович секілді т.б. ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып талдаулар жасалынған /2/. Ә.Х.Марғұланның Орталық Қазақстандағы Беғазы- Дәндібай мәдениеті жайлы монографиясында бұл тақырыпқа арқау боларлық материалдар да жеткілікті. Мысалы: Атасу I, Бұғылы I ескерткіштері /3/.

Қазақстанда алғаш С.С.Черников 1948 ж. ШҚО, Самар ауданы, Баты селосы маңында жерлеу ғұрпында адаммен бірге ит сүйегі қойылған Баты ескерткішін зерттеді. Құла- жорға кезеңіне жататын (б.з.б. III- I ғ.ғ.) Баты қорғандар тобындағы № 28 тас жәшіктің батыс жағында ірі тұқымды иттің сүйегі қойылған. Қорғанның құрылысына қысқаша тоқтала кетсек, диаметрі- 5 м, биіктігі- 30 см; 40 см тереңдікте қабір шұңқырының дағы белгілі болды. Қабір шұңқырында 1,2 м тереңдікте батыс жағында оң қырымен аяқтары созып жатқызылған иттің қаңқа сүйегі жатыр. Ит қаңқасының астында адамның аяқ, жамбас, анатомиялық тәртібін сақтаған омыртқа сүйектер бар/4/. Ерте темір дәуірінің бірқатар ескерткіштеріне де бұл көрініс тән болып табылады.

2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Шілікті-3 қорғандар тобындағы № 1 қорғаннан да иттің бас сүйегі табылды /5/. Бас сүйектің қабір шұңқырының дәл жанынан табылуы да кездейсоқ болмаса керек деп пайымдаймыз.

Осы ретте Үйсін тайпаларына тән итті қоса жерлеу рәсімі көршілес Қырғыз Республикасы территориясында 1974 жылы К.А.Абетековтың басқаруымен қазылған Шу алқабының Ыстық- Ата тау шатқалы маңында орналасқан Қарағайбұлақ қорғандар тобындағы №9 қорғанда көрініс табады.Қорғанның диаметрі- 15м, биіктігі- 1см. Орталық қоршаудың ішінде күлдің дағы жатқан жерде (тереңдігі– 0,7м) шала күйген сүйек, керамика сынықтары және жанған киіз қалдықтары кездессе,-0,9 мтереңдікте күл дағының астындағы киіз төсеніштің үстіне иттің кеуде бөлігі қойылған. Киізбен бірге иттің кейбір сүйектері қатты күйгені сонша, көмірге айналған. Ит сүйегі қабір шұңқырын жапқан тас үстіне қойылған. Тастардың арасынан көптеген керамика сынықтары мен екінщі иттің бас сүйегі, астыңғы жақ сүйегі табылды.

Бірінші иттің қаңқасының астына төселген тасты тазалау барысында ұзындығы- 2,8м, ені- 1м, тереңдігі- 1,8 м қабір шұңқыры аршылды. Қабір шұңқырын ашу кезінде ер адамның жекелеген сүйектері, ал 1,2м тереңдікте толық анатомиялық қалпын сақтаған үшінші иттің қаңқасы кездесті. Ит қаңқасының екі жағынан да тастардың арасынан керамика сынықтары мен бей- берекет шашылып жатқан адам сүйектері табылды. Қабір шұңқырының жалпы тереңдігі- 1,8м /6 /. Мұндай жерлеу салты Қарағай- бұлақ тұрғындарының дүниетанымдық наным- сенімдерімен тікелей байланыста болғанын пайымдауға болады. Біздің байқауымызша ол өз бастауларын зороастризмдік ғұрыптан алады.

Сонымен қатар, сармат кезеңіне тән Батыс Қазақстандағы Аллебастрова-2 қорғандар тобындағы №17 қорғанда да адаммен бірге ит қосып жерленген. Орал педагогикалық институтының археологиялық экспедициясы жүргізген қазба жұмытарының нәтижесінде қорғандар тобының ортасында орналасқан №17 туралы толық мәлімет алуға болады. Қорғанның диаметрі- 10м, биіктігі- 0,26м. қорған үйіндісі ірілі- ұсақты тастармен араластырып жабылған. Тастарды белгілі бір тәртіппен

орналастыру анық байқалмайды. Қорғанның ортасынан солтүстікке қарай 1,5 м жерде қабір шұңқырын ашу барысында шығарылған сары топырақ үйіндісі жатыр. Оның аумағы 1,5х0,8м, қалыңдығы- 0,1м. қабір шұңқыры қорғанның дәл ортасында батыс- шығыс бағытында орналасқан. Ұзындығы- 2,6, ені- 2,1м.

Қабірге ер адамның мәйіті қойылған. Адам шалқасынан басы батысқа қаратыла созыла жатқызылған. Мүрденің оң жағында сиыр сүйегі, сол шынтағы тұсында жылқының екі қабырғасы табылды. Адам қаңқасының үстіне белінен төменірек басы солтүстік- батысқа қаратыла ит сүйегі қойылған. Қабір шұңқырынан 12 дана қола жебенің ұшы, сүйек қасық, темір найза ұшының сынығы, темір қанжар кездескен/5 /.

Мұндай рәсімдер орта ғасырларда да жалғасын тауып, мәдени сабақтастық желісін нығайта түседі. 2003- 2004 жылдары Сарайшық қала жұртының қазбасынан жерленген төрт иттің сүйек қаңқалары шықты. Қатарынан екі ит қыш камераға жерленсе, тағы екеуі жеке- жеке жерленген (XIY-Xғ.ғ) /8 /.

Сонымен қатар, бертіндегі Ақмешіттің салынуы туралы қазақ әңгімелерінде Ақмешіттің қабырғасына иттің қаланғандығы жайлы дерек кездеседі/9/.

Жалпы ит культіне тоқталар болсақ, біраз зерттеуші ғалымдар итті символикалық категория ретінде қарастырып, байырғы түсініктердің арғы тегін зороастризмнен іздестіріп, нақты деректер келтіреді. Егерде бұл түсінік түркі халықтары фольклоры тұрғысында зерттеліп, этномәдени байланыс сабақтастығын тауып жатса маңыздылығы арта түсері сөзсіз.

0 дауыс

Алматы іргесінде ежелгі адамдардың өмір сүргені анықталды. Әйгілі Үшқоңыр жайлауының етегінен табылған тас құралдары мен өзге де бұйымдарды ғалымдар тас ғасырына жатқызып отыр.

Майбұлақ тұрағында ежелгі адамдардың мекендегенін мына ортадағы ошақ дәлелдейді. Жер бетінен 5 метр тереңдіктен қазылып алынған бұл жерден ғалымдар күл-қоқыстың қалдықтары мен өзге де тас бұйымдарын тапқан. Алайда, бұл жер әзірше сары топырақпен сыланып, жан-жағы жабылып тұр. Ал алдағы уақытта бұл ошақтың қай дәуірге тиесілі екені анықталмақ. Бұл жердегі алғашқы қазба жұмыстары 2004 жылы басталыпты. Бірақ арасында ұзақ уақытқа дейін үзілістер болған.Яғни, бұл жәдігерлер Жетісу жерінде 35 мың жыл бұрын тіршіліктің болғанын айғақтайды. Бірақ нақты кімдердің тұрғаны әзірге белгісіз. Сондықтан отандық археологтар шетелдік мамандармен бірлесіп қазір топырақ үлгісіне сараптама жасауда.

"Майбұлақ тұрағы осы Жетісу аймағындағы ең бірінші мәдени қабаты бар тұрақ. Тас дәуіріне жататын. Ал 8 метр тереңдіктен біз тас құралдар, өзекті тастар таптық. Әрине бұл жерде шеберхана болған. Онда тасты өңдеген, теріні илегендер қырғыштар пайдаланады", - дейді тарихшы-ғалым Жәкен Таймағамбетов.

Ал қазан-ошақтан табылған күл қалдықтары АҚШ-тың Калифорния университетінде сараптамадан өткізілген. Ондағы оқымыстылар бұл тұрақты осыдан 35 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар мекендегенін болжап отыр. Сондықтан қазір мұнда 4 мемлекеттен келген 12 археолог қазба жұмыстарын жалғастыруда.Бірақ бұл жерде нақты кімдердің мекендегенін дөп басып айту қиын. Оны тек адам сүйектеріне қарап ажыратуға болады екен. Алайда, әзірге Майбұлақ тұрағынан сүйек қалдықтары табылмапты. Мұны ғалымдар тас дәуірінде жерлеу рәсімі болмағанымен түсіндіреді. Соның салдарынан өлген адамдардың денелері жер бетінде қалып, жел мен күннің әсерінен жойылып кетеді екен.

...