0 дауыс
2.1k көрілді
ежелгі финикияның орналасқан жері қолайлы себебі

а. теңіз сауда жолдарының тоғысқан тұсы

б. финикияға грецияның керуен жолдары шығатын

в. финикияға египеттің сауда жолдары шығатын

д. қара теңіз жағалауына шығатын

е. финикияға қосөзен сауда жолдары шығатын

1 жауап

0 дауыс

Б.д.д. XI ғасыр басында Финикия мен Палестина дербес саяси даму мүмкіндігіне ие болады. Тарихи дәуір бұл елдерде кең көлемді сауда байланыстарына, қалалардың өркендеуі мен кәсіби қол өнерінің дамуына ықпалын тигізеді. Осы кезде финикиялықтардың эшекей бүйымдарын жасау, піл сүйегін оюлау, түрлі-түсті шыны жэне қара-қошқыл түсті мата дайындау шеберлері ретінде аты шығады. Өнерлі теңізшілер болған олар қүл сатумен, теңіз қарақшылығымен айналы-сады. Деректер б.д.д. ІІ-І мыңжылдықтар арасында Финикияның Тир жэне Сидон қалалары өз дамуында үлкен жетістіктерге жеткенінен хабар береді.

Финикияның эртүрлі аймагында орналасқан қалаларының өз пат-шалары болған. Бірақ, олардың билігіне абыздар мен ең бай түрғындар шектеу қойған. Кейбір қалалар қорғаныс үшін өзара одақтарға біріккен. Ежелгі дэуірде осындай одақта басты орынды — Сидон, кейін кең танымал болған Тир алса керек. Бүлардан басқа: Арвад, Триполис, Библос, Берит тэрізді жақсы дамыған қалалар да болған.

Финикия патшалары ішінен тек Тирді басқарған бірнешеуінің ғана аты осы заманға жеткен. Мысалы: Иерусалим ғибадатханасын түрғызу үшін Соломонға сэулетшілер мен қүрылыс материалдарын жіберген Хирам; карфагендік Дидонаның ағасы Пигмалион жэне Навуходоносордың замандасы Этбаал.

Финикия мэдениеті туралы мэліметтер үзік-үзік, жазба дерек-тер, бейнелеу өнері туындылары там-түм. Бүл туралы тек ежелгі грек, рим жазушылары мен тарихшыларының болар-болмас бүлдыр түсініктері сақталған.

Сауда-саттық мақсатын көздеген, теңіз жагалауына иелік еткен осы мэдениет өрісі Батыс Жерорта теңізі, Солтүстік Африка, Сарди-ния аралы, Пиреней түбегі аймағына тарайды.

Алғашқы сауда жағалауда орналасқан көршілерді тонау-дан, адамдарын үстап, құлдыққа сатқан теңіз қарақшылығынан басталған. Уақыт өте, бұл кэсібін қойған финикиялықтар, бейбіт түрде өндірген тауарла-рын басқа халықтармен матаға, металға, бағалы өсімдіктерге жэне т.б. айырбастаған. Ежелгі гректер халқының саны көп, қызу өмірге толы Финикия қалаларының дэулетін үлкен таңқалыспен мэлімдейді. Сауда-саттық орталықтары болған қалаларда ежелгі элемнің эртүрлі түкпірінен осында экелінген нені де болса: шарап, шыны, мата, салтанатты киім, зергерлік заттар, керемет өнер туындыларын да сатып алуға болатын. Сауда кемелері Финикияның Тир мен Сидон қалаларына күндіз-түні келіп-кетіп жатқан.

Тарих Финикия саудагерлерінің сауда-саттықтың өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін түрін өмірге экелгенін мэлімдейді. Өзге ел аумағына келген олар тауарларын жағаға шығарып, кемелеріне қайта оралып, лаулатып от жаққан. Түтінді көрген жергілікті халық жағаға келіп, жерге қойылған тауарлар ішінен өздеріне қажеттерін таңдап, жанына алтындарын қалдырып, үйлеріне қайтқан. Финикиялық саудагер үсынылған алтын көлеміне қанағаттанса, соны алып еліне оралған, қанағаттанбаса, алмай, одан ары күтіп отыра берген. Осындай үзаққа созылған күтулерден тұрақты елдімекендер пайда болып, оған халық келіп орналаса бастаған.

Финикиялықтар тек жағалауларды қоныстанған, түрғылықты халықтармен жаулап алу соғыстарын жүргізбеген. Олардың өзге ел-дермен байланысы тек сауда-саттық сипатын алған. Жақын орналасқан Кипрге жиі барып тұрған. Осы жерден мыс кені табылғаннан кейін, мұнда финикиялық елдімекендер пайда болған. Тарихи деректер белгілі бір уақыттан кейін сауда арқылы финикиялықтар эсерінің Жерорта теңізінің жағалаулары мен барлық аралдарына тарағанын көрсетеді. Испаниядан күміс кенінің мол қоры табылған. Аңыздардың айтуынша, олар осы жерге алғаш келгенінің өзінде-ақ күмісті көп өндіргені соншама, оны тек кемелеріне ғана тиеп қоймай, кеменің барлық жарағын, соның ішінде зэкірлерін де күмістен жасаған.

Жерорта теңізінің батыл теңізшілері ретінде Атлант мүхитына, Гибралтар бүғазына дейін барған. Атлант мүхиты арқылы Британ аралдарына дейін жетіп, ол жерден қалайы алған. Балтық теңізіне барып, Пруссия жағалауларынан ежелгі халықтар алтыннан да қымбат бағалаған янтарьды өздеріне экелген. Финикиялықтар Ги-бралтар бұғазы арқылы Африка жағалауларын да аралағаны туралы мэліметтер кездеседі.

Тарихта Мысыр перғауындарының бірі (Нехо) өзіне қызмет етіп жүрген финикия теңізшілеріне Африканы айналып келу жөнінде тапсырма бергені айтылады. Сапарға шыққан теңізшілер жылдың жауын-шашынды кезіне тап келіп, жағаға шығып, өздеріне баспана болатын үйшіктер түрғызады; егін егіп, оны жинап алғасын, саяхат-ты одан ары жалғастырған. Тек үшінші жылы ғана олар Мысырға аман-есен жеткен екен. Финикия теңіз саудагерлері басқалардың өз іздерімен жүріп, Гибралтар бүғазынан ары өткенін қаламаған. Сол үшін, эртүрлі бұрқасынды дауылдар, адамды күтіп тұратын теңіз қүбыжықтары мен теңізде кездесетін басқа да қатерлер туралы үрейлі эңгімелер таратқан…

Финикиялықтар қүрлықта да сауда жүмыстарымен айналысқан. Керуен жолдарымен жүзеге асырылған сауда солтүстікте Арменияға жетіп, қүлдар мен жылқыны; шығыста, Вавилоннан жібек пен ша-рап; оңтүстікте, Аравиядан алтын мен жерлеу рэсімін өткізген кезде пайдаланылатын жағымды иісі бар қарамай мен шайырды экелген.

Финикиялық сауда, эсіресе, қола дэуірі бұйымдарының әртүрлі елдерге таралуына мүмкіндік берді деген жорамал жасалады. Әлі де болса дамудың төменгі сатысында тұрған, тас құралдарды пайдала-натын (тас ғасыры) халықтар металл өңдеуді білмеді. Қару-жарақтар жэне үйдің керек-жарағы үшін пайдаланылған алғашқы металл, қақтауға жеңіл металл мыс болды. Алайда, мыс құралдар аса берік болмағандықтан, мысқа қалайы араластырған. Осы қосынды қола (қола дэуірі) деп аталады. Финикиялықтар қоладан көптеген бүйымдар жасаған. Уақыт өте келе, олар бұрынғыдан да қиын өнерді, темір (темір ғасыры) өндіруді, оны қақтауды жолға қояды. Әртүрлі өнімдер өндіру, бү_йымдар жасау жэне қалыптасқан кең көлемді сауда-саттық, Финикияны ежелгі дэуірдің ең бай елі ретінде көзге түсіреді. Финикия мануфактураларында металдан, піл сүйегінен, қара ағаштан озық үлгідегі бүйымдар жасалды; жүннен, жібектен қымбат маталар тоқылды. Әсіресе, түқымы ерекше үлудан алынған қызыл-күрең бояумен боялған маталар аса жоғары багаланады.

Ежелгі заманның көптеген жаңалығы мен өнертапқыштық эрекеттері финикиялықтарға таңылады. Мысалы, алғашқы кезде өте қымбат бағаланған, үйдің бөлмелері мен киімдерді эшекейлеуге пайдаланылған шыны жасау өнері. Ауа-райы қолайлы, жылы аймақта өмір сүрген ежелгі адамдардың үйлерінің терезелері эйнек салынбай тек жапқыштардан ғана түрған. Ал ыдыстар саз немесе металдан жасалған.

Б.д.д. II мыңжылдық соңында финикиялықтардың эріптік жазу өнерін өмірге экелуі мэдениет дамуындағы ірі жетістік бол-ды. Жоғарыда Қосөзен елдерінде жазу өнерінің эволюциясы сөздік-буындықтан таза буындық жүйеге бірізді дамығанын көрсеткенбіз. Енді финикиялық алфавиттің тек дауыссыз дыбыстарды білдіретін 24 таңбадан тұрғанын айтқан орынды. Бұл тіпті «эріптік жазу бол-ды», өйткені дауыстыны болжауға болатын еді (зерттеушілер: дау-ыссыз дыбыстар «нөлдік», демек қалайда дауысты болады дегенді айтады). Финикиялық эріптер жазудың буындық жүйесі мүрасын сақтады. Мүның пайда болуы мэдениет дамуының өте маңызды жетістігі еді.

Б.д.д. VIII ғ. гректер Финикия алфавиті негізіне дауыстылар ушін бірнеше таңбаны қосып, фонетикалық жазу өнерін өмірге алып келеді. Ол басқа жазу өнері жүйелерімен салыстырғанда өзінің қарапайымдылығымен үлкен артықшылыққа ие болады.

Қол өнері шеберлері мен суретшілер арасында Финикияның сэулетшілері мен тас қалаушыларының атағы шығады.

Ғалам туралы. Элдің жеңісі ғаламға ақтық түрді берді. Көзге көрінетін элем үстіне аспан мүхиты орналасты. Осы жоғарғы мүхитта аспан қүдайлары тіршілік етеді, солардың ішінде Баал-Хаммон жэне Тиннит бар. Ал осы мүхит астында күн, жұлдыздар және жарық шырақтарымен көзге көрінетін аспан орналасқан. Ең төменде астыңғы мүхит жайылып жатыр. Осы аспан және жер асты мұхиттары ортасын-да өзендері, көлдері, теңіздерімен жер орналасқан. Бұлар элемдік екі мұхитпен қосылатын тэрізді. Осы екі мұхит, бірегей ғарыштық ағымды құрайды. Оның белгісі өз қү_йрығын өзі жұтып жатқан, доға бойымен жиырылған жылан еді. Оның бейнесін ғибадатханалардан жиі көруге болады.

Финикиялықтар діні негізінен аспан жарық жұлдыздарына табы-нудан түрады. Олар күнді Ваал немесе Молох қүдай, ал айды Астар-та немесе Танита қүдай эйел деп таныған. Түсінік бойынша, Молох қатал жэне кекшіл. Жазғы жан төзгісіз ыстық, аңызақ — осы қүдайдың эрекеті… Сондықтан оның көңілін аулау үшін үлкен қүрбандықтар, керек десе, адамнан да құрбандық шалу орын алған. Кезінде Финикияның отары болған Карфагенде қолын жайған Молохтың мыс мүсіні тұрған. Құрбандық берілген кезде оның аяқ жағына от жағылған, ата-анасы алып келген баласын тас мүсін қолының үстіне қойған, оған ең жағьімды қүрбандық осы деп есептелген. Бүдан басқа, финикиялықтардың қүрметіне бөленген келесі қүдай — сауда мен теңізде жүзудің қамқоршысы, желеп-жебеушісі ретінде таныла-тын Малькарт немесе Тирскип Геркулес. Тир қаласында оған арнап керемет ғибадатхана түрғызылған. Жыл сайын басқа қалалардан оған арнап абыздар неше түрлі тарту-сыйлар экелген.

Финикия қалаларының байлығы басқа елдердің, сол тари-хи дэуірдегі Мысыр, Ассирия тэрізді күшті мемлекеттердің үлкен қызығушылығын тудырған. Інжілде ассириялық Салманасар патша шапқыншылығының аса қатерлі болғаны айтылады. Сосын Финики-яны вавилондық патша Навуходоносор бағындырған, осыдан кейін Тир тұралап қалған. Кир патша кезінде Финикия парсыларға тэуелді болған. Тирді жаулап алған Александр Македонский қаланы жер-мен-жексен етіп қүртып жіберген. Финикиялықтар сауда-саттығы басқа жерге, негізінен мысырлық Александрияға ауысқан. Сөйтіп, кедейленген Финикия бірте-бірте иесіз қалады.

Финикиялықтардың б.д.д. IX ғасырда түрғызған ірі қаласы -Карфаген. Қала финикиялықтардың орталығы Тир қаласына бағынышты болғанымен, салыстырмалы түрде, өз дербестігін сақтайды. Соның арқасында, Солтүстік Африкада бірнеше қалалар мен көптеген ливиялық тайпаларды бағындырған ол, үлкен жер көлеміне ие болады.

Б.д.д. IX ғ. Тирді Мутон, немесе Метен патша билеген. Оның Пигмалион деген үлы жэне Элиса атты қызы болған (арнайы эдебиеттерде римдіктер Карфагеннің негізін Дидона қалаған деп көрсетсе, б.д.д. III ғ. өмір сүрген грек тарихшысы Тимей қала іргетасын қалаушының финикиялық екенін айтады). Аңыз бой-ынша, патша қызын бас абыз Ахеребқа күйеуге береді. Ахереб өте бай болады. Әкесі бақилық болғаннан кейін, патша болған Пиг-малион жездесінің байлығын тартып алуды ойластырып, ақыры оны өлтіріп тынады. Інісінің зұлымдығынан, қудалауынан қашқан Элиса, жақтастарымен бірге кемемен үзақ жүзіп, Солтүстік Африка жағалауына келеді.

Элиса кезінде, аттың шүйде сүйегі табылған жерден қала түрғызатыны жайлы аян-түс көрген еді. Африка жағалауымен жүзіп, одан құрлыққа шығып ат басының шүйде сүйегін іздеген қашқындар ақыры сүйекті тауып, сол жерде түрақтауға шешім қабылдайды.

Бірақ, жат жердің патшасы көшіп келушілерді қабылдамай, олардың кемеден түсіп, орнығуына қарсылық көрсетеді. Сонда Эли-са патшадан бұқа терісінің көлеміндей ғана жер сатуын сүрайды. Бүқа терісі көлеміндей жерге осыншама адамның қалай сиятыны са-насына симаған патша, оның өтінішін күлкіге айналдырады. Түнде Элисаның бүйрығымен, финикиялықтар бүқа терісін жүп-жүқа ғып тіліп, иірілген жіптей жіңішке терімен аумағы үлкен жерді қоршап алады. Таңертең бүған қайран қалған Ливия патшасы сол аймақты Элисаға беруге мәжбүр болады. Осы жерде түрғызылған қала, Жаңа қала деп атала бастайды. Финикия тілінде бүл Картхадашт дегенді білдіреді. Элиса патша түқымынан болғандықтан осы, жаңа тұрғызылған қаланың патшасы болады.

Африкалықтар, жергілікті тұрғындар Дидона деп атаған Эли-са Карфагенде бірнеше жыл билік құрады. Қала тез өсіп, өркендей береді. Осы кезде Элисаға ынтық болған патша Гиарб, одан күйеуге шығуын талап етеді. Өз күштерінің аздығын мойындаған жэне пат-ша кэрінен қорыққан кеңесшілер, оның талабымен келісіп, күйеуге шыққанды дүрыс деп ұйғарады. Элисаның ливиялыққа күйеуге шыққысы келмейді. Уақыт ү_ту үшін тойға дайындалған түр көрсетеді. Ал расында өлуге бел буып, үлкен етіп от жағуға бүйрық береді. Бүл жайлы кейбіреулер патшайымның отқа түсіп, азаппен өлгенін айтса, екіншілері, ал-дын-ала өзін жарып өлтіргенін, сосын отқа тасталғанын жеткізеді [112].

Б.д.д. ІХғасыр соңындаКарфагендемонархиялықбилікжүйесі қалыптасқан, өйткені оның негізін қалаушы Элиса «патшайым» деп аталады. Дегенмен, мемлекет қүл иеленуші олигархиялық республика ретінде көзге түскен. Егін шаруашылығына қолайлы үлкен жер иелігінде көптеген құлдар жүмыс істеген. Карфагеннің егін шаруашылығының басқа елдерге, соның ішінде Сицилия мен Италияға үлкен эсері тигені эдебиеттерден мэлім.

Б.д.д. VI ғасыр мен V ғасыр аралықтарында құл иеленуші Карфагенде егін шаруашылығының теоретигі, сол тарихи дэуірде еңбегі елге кеңінен танымал болған жазушы Магон өмір сүреді. Б.д.д. II ғасырда Карфагенді қоршауға алған Рим эскерлеріне оның еңбегін сақтап қалуға бұйрық беріледі. Арнайы эдебиеттер римдік сенат үкімімен Магон еңбегінің финикия тілінен латын тіліне аударылғанын, сосын Римнің ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуде кең көлемді пайдаланылғанын жеткізеді.

Финикия туралы басты дереккөзді ежелгі грек географы Стра-бон еңбектері береді. Сонымен қатар, мэліметтер Ескі Наным (Інжіл) кітаптарында кездеседі. Соңғы уақытта Финикия тарихы туралы де-ректер Ассирияның сына жазулары мен Мысырдың иероглиф жазу-ларынан да табылды.

Б.д.д. III ғасыры шамасында мақсат-мүддесі қайшылықты кел-ген Карфаген мен Рим империясы арасындағы соғыс 100 жылға со-зылып, Карфагеннің толық жеңілісімен аяқталады.


Дереккөзі.

...