0 дауыс
11.5k көрілді
Қазақстан - ежелгі адамдар мекені тақырыбына Эссе жазу? Ой толгауды неден бастайын? Не жазу керек екен?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
– «Адам қайдан шықты?» деген сауалға бірнеше болжам бар. Бір ға¬лым¬дар Дарвиннің ілімі негізінде май¬мыл эволюциялық жолмен адамға айналды десе, енді біреулері Құдайдан жаратылды деп есептейді. Топырақтан туындады деушілер де жоқ емес. Адам¬заттың пайда болуына байланысты ең соңғы гипотеза – радиациялық құбы¬лыс, мутация нәтижесі. Әрбір бол¬жам¬ның өз шындығы бар. қазақ жерінде алғашқы адамдардың өмір сүру уақытын 600 мың жыл десе, қазір біз зерттеу нәтижесінде бұл уақиғаны мил¬лион жылға жеткізіп отырмыз. 1992 жылдан бастап Қазақстанға осы мақ¬сатта ресейлік мықты ғалымдарды ша¬қыр¬дым. Халықтың қалтасында қаражат жоқ, тоқырау кезі еді. Әлгі шетелдік ғалым¬дардың қаржысын, көлігін пай¬далана отырып, бес бөлімшеге дейін бөлініп жұмыс жасадық. Тыңғылықты зерттеу жұ¬мыстары жүргізген 10 жыл ішінде Ресейден 10 кітап шығардық. Оңтүстік Қазақ¬станның Қаратау жотасы, Маңғыс¬таудың Жаңаөзен маңайы, Ақ¬төбедегі Мұғал¬жар тауының етегі, Қарағандының Солтүстік Балқаш жағасы сияқты нулы-сулы, таулы-тасты аймақтарда тас дәуірінен қалған заттай айғақтар молы¬нан кездесті. Бұл тас құралдар – адамдар өмір сүргенінің дәлелі. 1995 жылы Жамбыл облысынан тапқан тұра¬ғымызды «Қызылтау» деп атап кеттік. Оның ұзын¬дығы – 40-50 шақы¬рым, ал ені – 7-8 ша¬қырым. Бір шаршы метрден 700-800 тас құралдары кездеседі. Қазіргі кездегі Билікөл, Ақкөл, Тұздыкөл деген шағын көлдер барлығы біртұтас үлкен көл болған екен. Қай уақытта да адамға судың жағасында өмір сүру қолайлы. Су тартылған сайын адамдар жағалауға қарай көшіп отырады. Табиғат жайлы. Аңға шығуға да болады. Шикізат бар, кли¬мат ыңғайлы. Табан аудармай, мыңдаған жылдар бойы тұрмыс-тіршілік кешкен. Біз үшін тас құ¬ралдардың жер бетінде емес, жер астынан табылғандары маңыздырақ. Өйткені жер астынан шыққан бұйымның нақты «жас мөлшерін» айта аламыз. Сыртта жатқан тас құрал¬дарды да қажетке жара¬тамыз. Мысалы, оларды әлемнің басқа елді мекендерінен табылған тастармен салыстырып, қорытынды шығаруға мүмкіндігіміз бар.
0 дауыс
Тарихтан белгілі болғандай ит- адамның қолына алғаш рет үйретілген хайуандардың бірі. Сонымен бірге ит- адамның сенімді серігі, қорғаушысы, күзетшісі, адал қызметшісі. Иттің осындай хайуан болуына байланысты ежелгі адамдар ол жайында неше түрлі наным-сенімдер, салт- ғұрыптарды дүниеге әкелгені аян. Сонымен қатар бұндай көріністер жерлеу рәсімдерінде де жалғасын тауып отырған.

Аталған мақала негізінде Қазақстан аумағындағы археологиялық нысандарды қарастырамыз. Бұрындары бұл тақырып төңірегінде арнайы зерттеулер жүргізілмегенін ескерсек, нақтылы бір қорытынды жасауға әлі ерте. Ит сүйектерінің қоныс аумақтарында, жерлеу кешендерінде кездесуі, жартас беттерінде бейнеленуі (петроглифтер) кездейсоқтық болмаса керек. Жерлеу рәсімдерінде ит қаңқасы жекелей немесе басқа да жануарлардың сүйектермен бірге кездессе, петроглифтерде түрлі оқиғалар барысында бейнеленеді.

Қазақстан территориясында ең алғаш рет энеолит дәуіріне жататын Ботай қонысынан(б.з.б. IY-III м.ж.) өте мол остеологиялық материалдар табылған. Басым көпшілігі 70 000- аса жылқы сүйектері болып келеді. Сондай- ақ зубрдың, турдың, бұланның, еліктің, аюдың, иттің, түлкінің, қарсақтың, түйенің т.б. аң- құстардың сүйектері де бар.Бұл қоныстағы жерлеу ғұрпы мен бірқатар символдық заттар тотемизмнің, аруақтарға табынудың болғандығынан хабар береді. Әсіресе, тұрғын жайлардың табалдырығы астында иттің көмілуі жиі кездеседі /1/. Бұл да бір рәсімдік сипаттан хабар берсе керек.

Қоныс аумақтарында ит сүйектерінің кездесуі кейінгі кезеңдерде, қола дәуіріне жататын бірқатар ескерткіштерден көрініс тапқан. С.М.Ақынжанов,

Л.А.Макарова, Т.Н.Нұрұмовтардың ортақ еңбектерінде Солтүстік және Орталық Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерден алынған остеологиялық материалдар негізінде біршама мәліметтер берілген. Мұнда негізінен Ә.Х.Марғұлан, Ә.М.Оразбаев, М.Қ.Қадырбаев, Ж.К.Құрманқұлов, К.Б.Зданович секілді т.б. ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып талдаулар жасалынған /2/. Ә.Х.Марғұланның Орталық Қазақстандағы Беғазы- Дәндібай мәдениеті жайлы монографиясында бұл тақырыпқа арқау боларлық материалдар да жеткілікті. Мысалы: Атасу I, Бұғылы I ескерткіштері /3/.

Қазақстанда алғаш С.С.Черников 1948 ж. ШҚО, Самар ауданы, Баты селосы маңында жерлеу ғұрпында адаммен бірге ит сүйегі қойылған Баты ескерткішін зерттеді. Құла- жорға кезеңіне жататын (б.з.б. III- I ғ.ғ.) Баты қорғандар тобындағы № 28 тас жәшіктің батыс жағында ірі тұқымды иттің сүйегі қойылған. Қорғанның құрылысына қысқаша тоқтала кетсек, диаметрі- 5 м, биіктігі- 30 см; 40 см тереңдікте қабір шұңқырының дағы белгілі болды. Қабір шұңқырында 1,2 м тереңдікте батыс жағында оң қырымен аяқтары созып жатқызылған иттің қаңқа сүйегі жатыр. Ит қаңқасының астында адамның аяқ, жамбас, анатомиялық тәртібін сақтаған омыртқа сүйектер бар/4/. Ерте темір дәуірінің бірқатар ескерткіштеріне де бұл көрініс тән болып табылады.

2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Шілікті-3 қорғандар тобындағы № 1 қорғаннан да иттің бас сүйегі табылды /5/. Бас сүйектің қабір шұңқырының дәл жанынан табылуы да кездейсоқ болмаса керек деп пайымдаймыз.

Осы ретте Үйсін тайпаларына тән итті қоса жерлеу рәсімі көршілес Қырғыз Республикасы территориясында 1974 жылы К.А.Абетековтың басқаруымен қазылған Шу алқабының Ыстық- Ата тау шатқалы маңында орналасқан Қарағайбұлақ қорғандар тобындағы №9 қорғанда көрініс табады.Қорғанның диаметрі- 15м, биіктігі- 1см. Орталық қоршаудың ішінде күлдің дағы жатқан жерде (тереңдігі– 0,7м) шала күйген сүйек, керамика сынықтары және жанған киіз қалдықтары кездессе,-0,9 мтереңдікте күл дағының астындағы киіз төсеніштің үстіне иттің кеуде бөлігі қойылған. Киізбен бірге иттің кейбір сүйектері қатты күйгені сонша, көмірге айналған. Ит сүйегі қабір шұңқырын жапқан тас үстіне қойылған. Тастардың арасынан көптеген керамика сынықтары мен екінщі иттің бас сүйегі, астыңғы жақ сүйегі табылды.

Бірінші иттің қаңқасының астына төселген тасты тазалау барысында ұзындығы- 2,8м, ені- 1м, тереңдігі- 1,8 м қабір шұңқыры аршылды. Қабір шұңқырын ашу кезінде ер адамның жекелеген сүйектері, ал 1,2м тереңдікте толық анатомиялық қалпын сақтаған үшінші иттің қаңқасы кездесті. Ит қаңқасының екі жағынан да тастардың арасынан керамика сынықтары мен бей- берекет шашылып жатқан адам сүйектері табылды. Қабір шұңқырының жалпы тереңдігі- 1,8м /6 /. Мұндай жерлеу салты Қарағай- бұлақ тұрғындарының дүниетанымдық наным- сенімдерімен тікелей байланыста болғанын пайымдауға болады. Біздің байқауымызша ол өз бастауларын зороастризмдік ғұрыптан алады.

Сонымен қатар, сармат кезеңіне тән Батыс Қазақстандағы Аллебастрова-2 қорғандар тобындағы №17 қорғанда да адаммен бірге ит қосып жерленген. Орал педагогикалық институтының археологиялық экспедициясы жүргізген қазба жұмытарының нәтижесінде қорғандар тобының ортасында орналасқан №17 туралы толық мәлімет алуға болады. Қорғанның диаметрі- 10м, биіктігі- 0,26м. қорған үйіндісі ірілі- ұсақты тастармен араластырып жабылған. Тастарды белгілі бір тәртіппен

орналастыру анық байқалмайды. Қорғанның ортасынан солтүстікке қарай 1,5 м жерде қабір шұңқырын ашу барысында шығарылған сары топырақ үйіндісі жатыр. Оның аумағы 1,5х0,8м, қалыңдығы- 0,1м. қабір шұңқыры қорғанның дәл ортасында батыс- шығыс бағытында орналасқан. Ұзындығы- 2,6, ені- 2,1м.

Қабірге ер адамның мәйіті қойылған. Адам шалқасынан басы батысқа қаратыла созыла жатқызылған. Мүрденің оң жағында сиыр сүйегі, сол шынтағы тұсында жылқының екі қабырғасы табылды. Адам қаңқасының үстіне белінен төменірек басы солтүстік- батысқа қаратыла ит сүйегі қойылған. Қабір шұңқырынан 12 дана қола жебенің ұшы, сүйек қасық, темір найза ұшының сынығы, темір қанжар кездескен/5 /.

Мұндай рәсімдер орта ғасырларда да жалғасын тауып, мәдени сабақтастық желісін нығайта түседі. 2003- 2004 жылдары Сарайшық қала жұртының қазбасынан жерленген төрт иттің сүйек қаңқалары шықты. Қатарынан екі ит қыш камераға жерленсе, тағы екеуі жеке- жеке жерленген (XIY-Xғ.ғ) /8 /.

Сонымен қатар, бертіндегі Ақмешіттің салынуы туралы қазақ әңгімелерінде Ақмешіттің қабырғасына иттің қаланғандығы жайлы дерек кездеседі/9/.

Жалпы ит культіне тоқталар болсақ, біраз зерттеуші ғалымдар итті символикалық категория ретінде қарастырып, байырғы түсініктердің арғы тегін зороастризмнен іздестіріп, нақты деректер келтіреді. Егерде бұл түсінік түркі халықтары фольклоры тұрғысында зерттеліп, этномәдени байланыс сабақтастығын тауып жатса маңыздылығы арта түсері сөзсіз.
0 дауыс
Алматы іргесінде ежелгі адамдардың өмір сүргені анықталды. Әйгілі Үшқоңыр жайлауының етегінен табылған тас құралдары мен өзге де бұйымдарды ғалымдар тас ғасырына жатқызып отыр.

Майбұлақ тұрағында ежелгі адамдардың мекендегенін мына ортадағы ошақ дәлелдейді. Жер бетінен 5 метр тереңдіктен қазылып алынған бұл жерден ғалымдар күл-қоқыстың қалдықтары мен өзге де тас бұйымдарын тапқан. Алайда, бұл жер әзірше сары топырақпен сыланып, жан-жағы жабылып тұр. Ал алдағы уақытта бұл ошақтың қай дәуірге тиесілі екені анықталмақ. Бұл жердегі алғашқы қазба жұмыстары 2004 жылы басталыпты. Бірақ арасында ұзақ уақытқа дейін үзілістер болған.Яғни, бұл жәдігерлер Жетісу жерінде 35 мың жыл бұрын тіршіліктің болғанын айғақтайды. Бірақ нақты кімдердің тұрғаны әзірге белгісіз. Сондықтан отандық археологтар шетелдік мамандармен бірлесіп қазір топырақ үлгісіне сараптама жасауда.

"Майбұлақ тұрағы осы Жетісу аймағындағы ең бірінші мәдени қабаты бар тұрақ. Тас дәуіріне жататын. Ал 8 метр тереңдіктен біз тас құралдар, өзекті тастар таптық. Әрине бұл жерде шеберхана болған. Онда тасты өңдеген, теріні илегендер қырғыштар пайдаланады", - дейді тарихшы-ғалым Жәкен Таймағамбетов.

Ал қазан-ошақтан табылған күл қалдықтары АҚШ-тың Калифорния университетінде сараптамадан өткізілген. Ондағы оқымыстылар бұл тұрақты осыдан 35 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар мекендегенін болжап отыр. Сондықтан қазір мұнда 4 мемлекеттен келген 12 археолог қазба жұмыстарын жалғастыруда.Бірақ бұл жерде нақты кімдердің мекендегенін дөп басып айту қиын. Оны тек адам сүйектеріне қарап ажыратуға болады екен. Алайда, әзірге Майбұлақ тұрағынан сүйек қалдықтары табылмапты. Мұны ғалымдар тас дәуірінде жерлеу рәсімі болмағанымен түсіндіреді. Соның салдарынан өлген адамдардың денелері жер бетінде қалып, жел мен күннің әсерінен жойылып кетеді екен.
...