+1 дауыс
613 көрілді
Бұл сұрағым негізі досым жайында болып отыр... Біз кішкентайдан бірге өстік , бірінші сыныпқа да бірге барып  енді міне кеше мектеп бітіріп студент атандық. Бірақ барлығы оқуға түсіп жатқанда ол оқуын келсіге шегеріпті.  ҰБТ қиын болды ма әлде біліміміз аз болдыма бәріміз ойдағы мақсатымызға жете алмадық. Сол себепті грантқа да қолымыз жетпеді... Оның оқуын  кейінге қалдыру себебі осында екен... Оны  ақылы оқуға түсіруге ата анасының жағыдайы келмеген екен.  Жақында ауылға бір құжаттарыма келгенімде оны көрдім , бұрынғы күліп жүретін ол  басқа адам сиақты, қатты тұйықталып қалған. Өзінен сыр тартып сұрағанымда  өмірден шаршадым дей береді.. достарымда алыстап кетті қатты жалғызсырап кеттім дейді. Естуімше ол  жұмыс істейді екен . Күні бойы қара жұмысқа жегіліп жүр , ешкіммен араласпайды деп естідім анасынан .  Содан кейін оның жағыдайы маза бермейтін болды. Достар оған қалай көмек бере аламын? Өмірге  деген қызығушылығы сөнгендей көрінеді маған.

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Оқуға грантқа түсе алмай, ал ақылы оқуға жағдай болмаған жағдайда білім несиелерін пайдалануға болады. Ол 10 жылдан 12 жылға дейін беріледі. Жылдық мөлшерлемесі де аз. Сонымен бірге оқу ақысына сай 6 миллион теңгеге дейін алуға болады. Кепілзат қажет емес.Оқу кезінде және оқу аяқталған соң 6 ай ішінде несиенің негізгі сомасын төлемеуге болады, тек несие бойынша пайыздарды төлеу керек. Толық ақпаратты мына жерден біле аласыздар. 

0 дауыс
Бауырым сен оны 1 апта қалаға оқып жатқан жеріне апар,достарыңмен таныстыр, паркке,бильярдка апар қалаға қыдырт өмірді көрсет досыңа шын  досың болса тауекелге бар..........
Бұл да ойымда жүрген бірақ ол келіспей  отыр.
+1 дауыс
"Олай өмірден түңілуге болмайды! Алла қаласа келер жылы түсесің оқуға. Жалғыз сен емес оқуға түспей қалған деп па..." ! (арине шамалы өзгеше қылып қой менің соөдерімнен). Менімше парк, бильярд деген БОС.
бұл да дұрыс қой ... Жақында барып қаламын сонда бір жағына шығаруым керек оны.
+1 дауыс
"Өкінбе,өкпелеме,бүгініңе,
Өмір,өмір болмайды түңілуге.
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге
Қайта тұрып хақың бар жүгіруге.."М.Мақатаев...
Өмірдің болмашы осындай бір қиындығы үшін өмірден түңіліп кетуге болмайды.әр істің бір қайыры бар демекші, бұл сәтсіздіктің артында керемет жақсылық күтіп тұруы мүмкін ғой. жұмыс істеп ата-анаға қолғабысыңды тигізіп,өз еңбегіңмен ақша табудың өзі бір бақыт қой.осы жыл бойы жұмыс жасап ақша тауып кейін оқуының ақысын өзі төлесе тіпті керемет емес пе?!"сабыр түбі-сары алты,сабырлы жетер мұратқа,сабырсыз қалар ұятқа"деген келесі жылды сабырмен күту керек.Сондықтан,  оқуға түспедім,жалғыз қалдым деп еңсені төмен түсірмей,шыдау керек."Шыда,шыда,шыдай түс шыда тағы,
Шыдамдыны мына өмір ұнатады.
Үміттің құлан йек құла-таңы
Әйтеуір бір атады,бір атады!"М.Мақатаев
...