+9 дауыс
2.8k көрілді
Өмірде ешкімге сенбеймін, сол есепте досыма да. Осылайша, барлық затты іште сақтап, қиын кезде ешкімге тәуелді болмай, мәселелерді өзім шешкенім дұрыс па? әлде, сенім білдіретін досыммен ақылдасып, сырласқаным жөн бе?

![description][1]


  [1]:

15 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Қанша дегенменде бір адамға сенуің керек ко. Бір бас жаксы екі бас оданда жаксы. Досыннында пікірін, ойын тындаганында жаксы го. Барлык нарсені іште сактаганнында денсаулыкка зиян екенінде естен шыгармаганын жон.
Рахмет ДжеГ, Пікіріне! Я дұрыс, бір адамға сенген едім өмірімде, ол адаммен арамыз суып кетті десем де болады, қазір хал-жағдайымды сұрамайды да, ал бұрын айтпасамда, қиналған кезімде, әйтеуір сұрап алатын еді)
Араларыннын сууына, сенін де катысын бар шыгар, караптан карап суымайтын шыгар енді
Иә, мойындаймын. Менің кінәм, өзім әдейі жасадым, меннен көңілі қалсын деп. Қолымнан келді!
Ренжімеңіз, мен ушін жақсы жауап маңызды емес, мен тек өз ойымды айтам болды, жақсы жауапта тұрған ештене жоқ сияқты, бірақ бұл менің ойым, сіз үшін маңызды шығар білкім
+8 дауыс
Бұрыннан досың болса сенуге болады, танитыныңа көп болмаған досың болса аса көп сеніп керек емес
+8 дауыс
барлығын айтпасаң да досыңа щет жағасын айтып қойғаның дұрыс ау. Әркім өз проблемасын тек өзі шешу керек дегенің ұнады, солай болу керек ғой! алайда шын жанашыр досың болса сырласқаның да артықтық болмайды
+10 дауыс
Жеке басым, ешкімге сенбеймін.Бұрын ашық ауыздығымнан бәрін жасырмай айтатынмын, бірнеше рет басыма таяқ болып тиді.
Сенбе ешкімге тұрса да қанша мақтап,
 Қор қылады қулығын ішке сақтап
 Өзіңе сен,өзіңді алып шығар
 Ақылың мен еңбегің екі жақтап
Абай Құнанбаев
+8 дауыс
Досыңа айтпағанда енді кімге айтасың???!!! Айтқаның дұрыс досыңа!!!
+3 дауыс
Ең бірінші өзіңізге сенгеніңіз дұрыс. Дегенмен, қиын сәтте ақыл-кеңес беріп, ой-пікір бөлісетін сенімді адамның да болғаны жақсы) Бірақ досыңызға қатты сенудің керегі жоқ. Біріншіден Аллаһқа, сосын өзіңіздің күшіңізге, жан дүниеңізге сеніңіз)
+2 дауыс
Достық деген ұлы сезім.Қадірін білген адамға!Менің жан подругам бар!Мен оған қатты сенем,сырымды тек соған айтып отырам.Ол маған не істейтінімді айтып көмектесіп отырады.Мен ашуланған кезде жынымды тек сол досым ғана баса алады! Оның бір-ақ өзі әр кезде көмектеседі!Досымның әрбір айтқан  жылы сөзі  мен үшін қымбат!Достықтың қадірін білсең бұл үлкен сезім ғой,досқа ешкім жетпейді,досың жол көрсетуші десеңде артық болмайды!Қиналғанда жаныңнан табылады,іштен тұнбай сырыңды бөлісетін досың болғанға не жетсін!Бірақ дос керек екен ғой деп кез-келген адамға сенім артпа!Адал дос пен Амал дос деген болады.Сондықтан қатты сенім артпаңыз!Яғни бастапқа араласқан кезіңізде бірден сенім артпаңыз кейін уақыт өте досыңа сенуге болатынын,болмайтынын өзің-ақ түсінесің!Іштей тұнбай сырлас досың болғанға не жетсін!
+1 дауыс
Әрине егер досын адал болса оған сеніп шер тарқатқаның жөн.Себебі барлығын ішінде сақтай берген де дұрыс емес.
+1 дауыс
Қазіргі заманда сенікі де жөн (Бұл менің ойым әрине)! Мен де ешкімге сенбеймін... Досыңды алдымен сынап көр дегім келеді...
+1 дауыс
ЖООООООООООҚ! ешкімге де сенбе өзіңнен бесқа!  адамдардың бәрі өтірікші........
+1 дауыс
Досым саған сенемін, сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен
Достық деген - адамның көрігі екен
Достық деген - ақылдың серігі екен
М. Мақатаев
Ақиық ақынымыз жырлап кеткендей достық -ақылдың серігі, адамның көркі. Әрбір адамзат баласы осы өмірде өз досын таба білуі керек. Егер сенің мына өмірде досың жоқ болса онда мына өмірдің қызығы не?!
Дос дегенің ол-сенің анаң, әкең, ағаң, інің немесе өмірлік жан жарың. "Доссыз өмір- тұзсыз ас" , "Досы көпті жау, дұшпаны көпті дау алмайды"демекші достарын көп, бірақ адал да, ғұмырлық болсын!
М.Мақатаевтың мына бір өлең жолдарын арнағалы отырмын
Сірә бізге тыныштық жоқ тұрмыста,
Іздеме оны, табамын деп тырыспа,
Тыныштық жоқ, тыныштық жоқ мәңгілік,
Тындырып бақ,ғұмыр қысқа, күн қысқа!.....
+1 дауыс
Менің ақылым қанша дегенменде бір адамға сенуің керек  адал болса ол да саған сенсін
+1 дауыс
Ішіңдегіні ақтарып, қуанышың мен қайғыңды бірге бөлісіп, күйбең тірліктен шаршағанда қолды бір сермеп, қасына барып, әңгіме дүкен құрып, көңіл көтеріп қайтатын досың болғанға не жетсін! Өз басым сәл көңіліме кірбің түссе болды, құрбыма барып бар өкпемді айтып алам. Ол мені жұбатып, көңілімді көтеріп, еркелетіп, ақыл қосып, көңілдендіріп шығарып салады.  Студент кезімде де оқудан келе сала папа мамамды құшақтап мауқымды басып алған соң достарыма асыға жөнелем. Сол кеткеннен уйге тек қонуға ғана келесін ғо. Қалған уақыттың бәрі құрбыларымның қасында өтетін. Доссыз қалай өмір сүретіндеріңе таң қаламын?!
+1 дауыс
Досын болганы жаксы гой арине сизге адал боса сиз оган адал болсаныз.Омирде  ешкимге сенбесен ол типти киын бир адам болу керек кой шер таркататын.Егер досына кишене болсада сенсен сеним билдиргенин жон болар сырласканын жоню Бир натижеси болады сеним билдирип кор сонда гана натижесин коресиз.
0 дауыс
Достар бір біріне сенім білдірмесе ол достықтың не қызығы бар? Жай ғана аты бар ма достық еген? Жоқ дос болған соң бір біріне сене білу керек.
...