Ірге тасын қалады деп жатады. Ірге көтерген шаңырақтың босағасы берік, ғұмыры ұзақ болуын қос құдағи осы жүзіктей берік ұстап, көңіліміз күмістей таза, жарқырап жүрсін деген ниетпен тағылған.
Осындай сөздер бар.
ірге
Ірге киіз. этногр. Керегенің аяқ жағынан шаң кірмес үшін айнала тұтылатын киіз (Ә.Тәжімұратов, Шебер., 36). Ірге көру. этногр. Болашақ құдалардың бір-біріне алғаш рет барып танысуы. – Мүмкін, әзіргеі р г е к ө р у тойын жасай тұрармыз? Ал әбден сауыққан соң ұзатамыз, - деді шешесі күйеуіне(Ш.Өтепов, Таушелекте туған., 185). Екі жақтың құдалары і р г е к ө р у г е барғанда босқа бармайды:жағдайларына қарай 1-3 қара немесе шапан-шақпат апарады (Қазақ, 01. 01. 2012, 9).