0 дауыс
2.4k көрілді
Қауынның тұқымын кептiрiп шағудың қандай пайдасы бар?

1 жауап

+1 дауыс
Кептіріп шағуды қайдам! Жалпы мынадай пайдалары бар.
Қауын тұқымы

Емдік қасиеті. Тәтті, дәмді, суық райлы, іркілген қанды таратады, өкпені тазалайды, ішекті дымқылдандырады. Ауыздың сасуына: қауын тұқымынан қажет мөлшерде алып талқандап, таңертең ашқарынға ауызды ысады немесе балмен араластырып дәрі жасап тіске басса да болады. Бел, аяқ қақсап ауырғанда: 120гр. қауын тұқымын талғандап 10 күн араққа шылап, бір ішкенде 10мл-ден үш күн ашқарынға ішеді. Ішекке ас тоқтап тынышсыздануға 6-15 гр. Қауын тұқымын талқандап сумен ішеді. Қауын тұқымы 10гр., аю балдырған 30 гр., жылан қабығын бір дана талқандап, әр ретте 12 гр., тамақ алдында ішеді. Соқыр ішек қабынуға: басқа дәрілерді қауын тұқыиын қосып ішкізсе, соқыр ішектің қабынуының алдын алады.
...