+2 дауыс
954 көрілді
Қазіргі жастардың  білімге деген, оқуға деген құлшынысы жоқ. Ал ҰБТ-ға келгенде, құлаудың көкесі... Неге осы жастарымыз ''өзім''-, деп оқуға кіріспейді, әлде біреуге сене ма?

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Сізге айтарым сұрағыңызғы Кейбір деген сөзді қосып,-----Қазіргі кейбір жастардың білімге деген, оқуға деген құлшынысы жоқ. Ал ҰБТ-ға келгенде, құлаудың көкесі... Неге осы кейбір жастарымыз ''өзім''-, деп оқуға кіріспейді, әлде біреуге сене ма?    ----деп  сұрағыңызды қойыңыз
Барлығы деуге болмайды.Себебі бес саусақ бірдей емес.
Ия,жастардың арасынан осындай білімге құлышынысы жоқ жастарды кездестіруге болатыны жасырын емес...
Кейбірі емес, жартысы да емес, жастардың 60-70%-ға жуығы оқу-білімге деген ынтасы әлсіз екенін, өкінішті болса да мойындауға тура келеді. Күнделікті немесе анда-санда оқылатын кітаптың өзін оқуға ерінеді. Сабақты мұғалімге айтып құтылу үшін, емтиханнан өтіп кету үшін оқиды. Осы жерге кем дегенде 20 адам мен жақсы оқимын, осылай оқып жүрмін десе, ойымды өзгертуге болар еді.
Белгісіз
+2 дауыс
Неге олай дейсіз! Құдайға шүкір өзімде осы уақытқа дейін барлығы 5! Және сыныпта жақсы оқитындар аз емес!
жарайсың)
мен бәріне бірдей қара күйе жақпаймын,менің айтайын дегенім сондай таныстарым бар. Егер оған айтайын десем менің шаруам жоқ, прост жаным ашиды.
ондайлар бар, бірақ көп емес деп ойлаймын)
+2 дауыс
Өзім деп оқымаса кейін өкінетін де өздері! Оқу мен білімге құлшынбаса, олар үшін білімнің еш маңызы болмағаны ғой! Тек өмірді қызықтап, соның қызығынан шыға алмай жүр ғой. Оқымағаны үшін ерте ме, кешпе өкінетіні анық! Біреуге сеніп оқымау ақымақтық, ол оны өмір бойы жететектеп өтпейді ғой! менің ойым осындай
0 дауыс
Бұның бір себебі, жер бетіндегі адамдар ойлануға қатты ерінеді, кітап оқу миының дамуын, ойлануын талап етеді, ал бірақ кітап оқығаннан гөрі интернетте отырған, теледидар қараған жеңіл болып тұр.
0 дауыс
Бастапқыда оқымай "фундамент" қаланбағасын қалған бөлігін тұрғызу мүмкін емес. Қанша жерден оқи берсін ол түсінбейді. Сондықтан кішкене кезде ата-ана баласын қадағалап, оқуға деген ынтасын жоғарылатса әрі қарай жолы ашыла береді. Жалқаулыққа салғызбай оқытса кейін оқуға деген көзқарасы аз да болса өзгереді.
...