+1 дауыс
3.1k көрілді
Статистика бойынша Алматы қаласында жылына 11-12 мыңдай адам негеге тұрады. Осы құрылған некенің тең жарсысы немесе тең жартысынан көбі бір жылға жетпей ажырасып үлгереді. Сонда бұл дегеніміз Отбасы құндылығына жете мән бермеу ма қалай?

5 жауап

0 дауыс
Ия, бұл шынымен де ащы да болса үлкен шындық! Бізді алаңдататыныда осы, қазіргі жастар өмірге оңай, сенімділікпен қарайды. Үйлене салу оңай деп ойлайды. Ажырасу себептері: екі жас арасындағы түсініспеушілік, сыйластықтың кешірімділіктің жоқтығы, баспана, қаржы, жұмыссыздық осының бәрі басты себепші.
0 дауыс

Ғашық адамдар, өкінішке орай, түрлі себептерге байланысты ажырасып жатады. Мұның себебі ерлі-зайыптылардың мінездері келіспеуі, жұбайынан компьютердің артық болуы, көзге шөп салу немесе ері не әйелі ішімдікке салынып кетуі болуы мүмкін.

0 дауыс

Сен сұрасын деп!  Көбінесе бір-бірін дұрыс түсінбей қалады да ұрыс-керіс шығарып ажырасады ... Әйелінің не күйеуінің ішімдікке салынуы, азартный ойындарға кіруі де себеп болады. Үйленгеннен кейін біреуі бесплодный болса ажырасып кетеді,енелері  келіндеріне  қысым жасағаннан шыдамай ажырасатындар да болады. Жоқшылықтың кесірінен,  ерлі зайыптылардың біреуі жаман аурумен ауырып немесе бір қиын жағдайға тап болса да ажырасады. Жалпы қазіргі кезде , өкінішке орай,   үйлену, ажырасу деген ойыншық болып кетті ғой...

0 дауыс
махаббат алғашында қыз-жігіт болып жүргенде барлық нәрсе ертегідей болып көрінеді...екеуі бір-біріне шынайы мінездерін көрсетпейді..тек бойларындағы жақсы қасиеттерді ғана көрсетеді..солай жүргенде одан асқан жақсы жан жоқ деп ойлап..шаңырақ құруға асығыстық танытады...сонымен қатар өмірге жеңіл көзбен қарайды..шынайы қиындықты сезінбейді..ал үйлене келе өмірдің басқа тұсы байқалады...алдыңғыдай тек жақсы қасиеттер емес..бойларындағы жаман қасиеттерді көрсете бастайды..тап келген қиындыққа сабырмен қарамайды.шайтанға еретіндер де бар..олардың көздеріне дүние-мүлік артық көрініп...теріс жолға түседі...мұның бәрі некенің бұзылуына себеп болады..
0 дауыс
Еліміз бойынша әрбір үшінші отбасы ажырасып жатады. Оның себептері: отбасы құруға дайын болмауы, амалсыздан үйленуі, алкоголизм, наркомания, жұмыссыздық, қызғаншақтық, қыздардың алаяқтықпен үйленуі (ажырасқаннан кейін күйеуінің отбасының тең жарым мүлкін бөліп алады, балаларына алимент алып тұрады).
...