+3 дауыс
6.8k көрілді
Қазақстанның экологиялық географиялық жағдайы?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақстан Республикасындағы қоршаған орта жағдайы туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндамада, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің сайтында жарияланатын айлық экологиялық бюллетеньде жиі жарық көреді.

Ұлттық баяндаманың зерттеу объектісі – шаруашылық қызметтерін жүзеге асыруда табиғи ресурстарды пайдалану кезіндегі Қазақстан Республикасының экологиялық ортасы.

Ұлттық баяндама мақсаты – шаруашылық қызметтерге табиғи ресурстарды пайдаланудағы қоршаған ортаға әсері мен кері әсерін төмендету шараларын орындауды бағалау және талдау.

Зерттеу үрдісінде министрліктерден, ведомстволардан, мемлекеттік және басқа да мекемелерден қабылданған, Қазақстан Республикасының қоршаған орта жағдайы туралы деректерді жинау, өңдеу, жүйелеу және талдау істері атқарылады.

Зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану деңгейіне шаруашылық қызметінің әсерін сипаттайтын көрсеткіштер анықталады. Жұмыстың мұндай нәтижелері төмендегідей сипаттық жағдайларды анықтайды:
қоршаған орта жағдайы (әуе және су бассейндері, жер ресурстары, өсімдік және жануарлар әлемі, ерекше қорғалатын табиғи территориялар, экологиялық апат аймақтары және т.б);
табиғи ресурстарды пайдалану сатылары;
Қазақстан экономикасының түрлі салаларындағы өндірістің жағдайы және техникалық жағдайы;
тасталған қоқыстар мен зияны жойылған ластайтын заттар көлемі;
басты экономикалық салалар шаруашылық қызметтердің қоршаған ортаға әсері;
облыстардағы экономикалық ахуал;
өндірістік және улы қалдықтардың жинақталған көлемі;
қоршаған ортаның ластануының адам денсаулығына әсері;
Қазақстан Республикасының территориясы бойынша радиациялық ахуал;
Қазақстан климатының және озон қабатының өзгеруі;
қоршаған ортаға кері әсер ету мөлшерін және олардың нәтижелілігі деңгейіне жасалатын шаралар;
экологиялық мониторинг жағдайы;
қоғамдық табиғатты қорғау қозғалысы мен деңгейімен өзара байланыс;
қоғамдастықтың экологиялық шешімдер қабылдау үрдісіне қатысуы.

Баяндамадағы жалпыланған мәліметтер мемлекеттік табиғатты қорғау саясаты, тұтас аймақтар мен өндірістегі жекелеген салаларды дамыту бағдарламасын жасау мен іске асыру кезінде, сонымен қатар экологиялық шешімдер қабылдау үрдісіндегі Қазақстанның экологиялық жағдайы туралы қоғамды ақпараттандыруда ақпарат базасы ретінде пайдаланылуы мүмкін

Баяндаманың мәтінін қарау үшін өт

http://eco.gov.kz/kaz/docs/orhus.pdf

 

P.S. сұрақ шикі)

бұл сұрақ Қазақстанның экологиялық географиялық жағдайына негізделген яғни бірінші Қазақстанның жер шарындағы орны, материктегі орны, сосын мұхит, теңіздер мен байланысы сосын экологиялық жағдайы сипатталуы тиіс
Егер сөз тіркесіне мән берсеңіз географиялық-экологиялық жағдайы - қоршаған орта жағдайы деп жатқандай көрінеді
Бізге мектепте осы географиядан  осы сұрақ келген. сонда бәріміз экологиясын жазып бергенбіз толтырып.Сонда апаймыз: егер географиялық деген сөз болса жанында онда ең бірінші географиялық орнына сипаттама бересіз деп еді! сосын экология
0 дауыс
Қоңыржай..........................
...