Есімім Айкеро. Негізінде интернетте алғашында mail.ru сайтына тіркелген кезімде Саске Учиха деген атпен тіркелгенмін. Анимешникпін. Яғни аниме көп көремін әрі жақсы көремін. Бірақ кейіннен барлық сайттарда Саске Учиха атты қолданушылар тым көп болып кетті. Бәрін бір-бірімен шатастырып жатты. Сол кезде мен де жай ғана сол талпа топырлаған Саске Учиха атты қолданушылардың арасында байқалмай кетуші едім. Кейіннен өзіме бір ерекше ат ойластыра бастадым. Барлық анимешник достарымды жинап алдымда маған әлі еш жерде қолданылмаған, ешқайда аталмаған ат ойлап табуға көмек сұрадым. Солай отырып қазақша сөздерді переводчик программа арқылы японшаға аударып отырып менің Айкен Айкедоку Айкеро деген атып дүниеге келді. Біреуі тегі, біреуі аты, біреу әкелігі. Бұл ат ешқандай кинода, ешқанда анимеде қолданылмағандықтан өзімнің мангамды жазып осы Айкен Айкедоку Айкеро бейнесін жарыққа шығарсам ба деп едім. Өзімнің суреттерімді фотошоп арқылы анимеге ұқсатып сол Айкеро өзім-ақ боламын:

