Есіміңіздің мағынасын қазақша түсіндіре аласыз ба?

+23 дауыс
26.0k қаралым
Есіміңіздің мағынасын қазақша түсіндіре аласыз ба?
• Санаты: Тұлға, Адам | 26.0k қаралым

85 жауап

+37 дауыс

Менің атымның мағынасы "Ұстаз", Шәкім-шәкірт, ұстаз және шәкірт. Араб тілінен алынған деп естігем.

+38 дауыс
Менің атым - Бекзат. Мағынасы бекзада, ханзада.
+38 дауыс

Қазір КТК телеарнасын көріп отыр едім, Жаңалық айтып жатыр бір кісінің әкесі немересіне Саммитхан деп ат қойыпты. Неге екенін түсіндірудің де қажеті жоқ шығар. 1-2 желтоқсанда дүниеге келіпті.

1-2 желтоқсанда дүниеге келмеген. 1-2 желтоқсандағы Саммитке байланысты баласының атын Саммитхан қойған, ал туылған күні 19 қараша
Ондай болса мен қате естіген болармын.
50жылдан сон сенің атың неге Самитхан дегенде ел самитті ұмытып кітапта тарих болып калганде баягыда Астанада самит болган екен. сосын атам Самит курметіне Самитхан деп айтқан деп самитті еске алып отырар. Сөйтіп өткен ұрпақ самиттің болғанын біле жүрер. бұллда болса жаксы есим болар деп ойдайык
Астана, Астанагүл, Азиада деген аттарды да естігенім бар)
+35 дауыс
Кешіріңіз орысша жаза салайыншы:

Ерлан - В переводе с казахского языка это имя означает: непринужденный, вольный, без трудностей. Слово лан переводится с арабского языка как лев. Лев - символ власти и силы.
Ерлан деген есім Ер Ұлан деген екі сөзден құралған.Кейін екеуі бірігіп Ерлан боп кеткен

Ерлан,демек ЕР Ұлан.атың қандай тамаша,бірақ өзің оған лайықты емессің.Орыс тіліне тәуелділіктен шыға алмай жүрген ұланға не қылған ерлік,кешір мені.ҰЯТ.

+52 дауыс
Есімім Админ. Осы сайтты істегенім үшін админ деп атайды. Админ сөзі жасаушы, істеуші, басқарушы дегенді білдіреді.
+39 дауыс
Атым Малика,ханшайыммын арабша. Венера жәй ник
малика-мәлике деген сөз.жыланның ұрғашысын солай атайды.
+37 дауыс
менің есімім Сауле-күннің сәулесі құсап нұр үстіне нұр болсын деп қойған))))
+34 дауыс
Ас Салям уа алейкум!!! Ал менің атым араб тілінен аударғанда Алия-возвышенная деген мағына береді екен.
Ассаламу-алайкум Ummu Asim!Ассаламу-алайкум деген сізге Алланың салемі болсын деген сөз сіз сол сөзді де бұрмалап бытшытын шығардыңыз ғой,уа алайкум деген сізгеде соны тилеимін деген сөз сосын араб тілінде  Ассалям деп оқылмайды Ассаламу алайкум деп оқылады "АЙН" деген аріп бар тамақтан шығатын сонымен оқылады сіздің мынауыңыз түсініксіз ғой не қазақшалап "Алланың сәлемі болсын сіздерге" деіңіз онсызда санаулы намаз оқитын қазақ күлкі болармыз
Ол сөздің мағынасы "Алланың нұры жаусын" деген деп үйретіп еді маған.
Өзіне өзі амандасып жатыр ма?(rofl)
Жауып жатқан ештеңе жоқ екен және ешқандай да 2 еселеп, 10 еселеп жаумайды екен ғой))).
Өзің жауап беріп неге ЖЖ таңдадың
+39 дауыс
Менің атым Нұрғайни.Ғайни арабша көз деген сөз,яғни көздің нұры деген мағына береді.
+36 дауыс
Менің есімім - жарық, шұғыла деген мағына береді грекшеден аударғанда...ұлыма қайынапамның "Диас" деген ат беремін деген шешімін естіген бойда дереу анықтамалықтарға жүгіндім, ондағым - "кемені қалай атасаң, солай жүзеді", ұлым жарқын болашаққа жақсы есім иеленсін деген ойым еді. Сөйтсем, Диас - испан тілінен аударғанда менің есіміммен мәндес екен. Жолдасымның есімі де "нұр" мағынасында.
+35 дауыс
Менің есімім ЖАЙНА! Өзі де айтып тұрғандай әр кез жайнап жүрсин деген мағынада, атыма затым сай деп ойлаймын!
+35 дауыс
Тоғжан-өмірге көңілі толатын жан деген мағынаны береді.
+40 дауыс

Уа'алайкумассалм уә рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ! Есімім - Нұрислам. Ислам дінінің, яғни Аллаһтың нұры жаусын деген тілектен пайда болған.

+34 дауыс
Әкем армияда жүргенде,дүниеге келіппін.Содан Әскербек қойған.
+35 дауыс

Менің есімім Арайлым. таң атып келе жатқан кезде туылғандықтан және сол жылдары ауылда жарық жоқ болғандықтан есімімді Арайлым қойыпты)))). Мағынасы - таңғы куннің шуағы, арай

+35 дауыс

Менің есімім Мейірман! айтпаса да түсінікті ғооой! Мейірімді, мейірманды болсын деген мақсатпен қойыпты, анам мен әкем!

+36 дауыс
Ассаламу-алайкум!Перзенттің әкеде 3 ақысы бар 1)туылған сәбиге жақсы мағыналы ислами есім қою       2)Ислами тәрбиемен тәрбиелеу  3)Жақсы ислами отбасынан қыз алып беру

Әкем ер болсын елін жерін қорғайтын деп Ербол қойған екен
+32 дауыс
<p>
    Атым Әбдіби қандай мағана беретінін білмеймін кезінде Әбді би деген би болған шығар<img alt="smiley" height="20" src="image title="smiley" width="20" /></p>
Абду деген арабшада Алланың құлы деген мағына береді бертін келе қазақшалап Әбді болып кеткен болар
+33 дауыс
Marseille - Францияның оңтүстігіндегі қала...
+33 дауыс
Ассаламу алейкум уа рахматулахи уа баракатух . Менің есімім-Исатай. Исатай батыр секілді , батыр болсын койғаны әжемнің...
+30 дауыс
Жантуған дүниеге ер бала келді деген мағына береді
+31 дауыс

Марат - жаңа есім боп саналады, совет уақытында пайда болып, француз революциясының басқарушысы Жан Поль Марат құрметіне пайда болды. (орыс тілінен аударғам)

+28 дауыс
Менің атым-Сенім . Орысшадан аударғанда Доверие деген мағына береді.
+34 дауыс

менің атым-Ақерке. Ақерке деп,әжем әппақ ерке қыз болсын деп қойыпты....

+30 дауыс

Арслан түрік тілінен аударылғанда "Арыстан"! АРЫСТАНҒА сипаттама беру қиын емес шығар

+32 дауыс

Менің атым Ғалымжан мені Ғалым болысын деп қойған.

+28 дауыс
МЕНІҢ АТЫМ МҰХАММЕД-СҰЛТАН, МАҒАН ПАЙҒАМБАРДЫҢ Аллаһтың сәлемімен игілігі болсын оған АТЫН ҚОЙҒАН ЖӘНЕ ОҒАН БАСТЫҚ БОЛСЫН ДЕП СҰЛТАНДЫ ҚОСЫП ЖІБЕРГЕН
+29 дауыс
Менің есімім Серікболсын. Әкеме көмекші,серік  болсын деп койған.
+28 дауыс
Атым Берік. Атымды кім қойғанын білмеймін. Бірақ папамнын аты Серік. Сол папам сияқты болсын деп қойған шығар!
+29 дауыс

Есімім Айкеро. Негізінде интернетте алғашында mail.ru сайтына тіркелген кезімде Саске Учиха деген атпен тіркелгенмін. Анимешникпін. Яғни аниме көп көремін әрі жақсы көремін. Бірақ кейіннен барлық сайттарда Саске Учиха атты қолданушылар тым көп болып кетті. Бәрін бір-бірімен шатастырып жатты. Сол кезде мен де жай ғана сол талпа топырлаған Саске Учиха атты қолданушылардың арасында байқалмай кетуші едім. Кейіннен өзіме бір ерекше ат ойластыра бастадым. Барлық анимешник достарымды жинап алдымда маған әлі еш жерде қолданылмаған, ешқайда аталмаған ат ойлап табуға көмек сұрадым. Солай отырып қазақша сөздерді переводчик программа арқылы японшаға аударып отырып менің Айкен Айкедоку Айкеро деген атып дүниеге келді. Біреуі тегі, біреуі аты, біреу әкелігі. Бұл ат ешқандай кинода, ешқанда анимеде қолданылмағандықтан өзімнің мангамды жазып осы Айкен Айкедоку Айкеро бейнесін жарыққа шығарсам ба деп едім. Өзімнің суреттерімді фотошоп арқылы анимеге ұқсатып сол Айкеро өзім-ақ боламын:

Тамаша!)smiley

Сонда сіздің өмірдегі есіміңіз Айреко ма?
Жоқ та) менің атым Абай ғоО http://sot.idhost.kz/?page_id=9
атыңыз керемет екен қыз баланың есімі секілді:D
+25 дауыс

Менің атым, яғни Мадина, Меккедегі қала атын білдіреді)) ;)))cheeky


өңдеді
Мадина қаласы Меккеде емес ол басқа қала екеуінің арасы 500 шақырым екеуі бір елде тек басқа-басқа қалалар осыны шатастырмаңдар
+29 дауыс

Түсіндіре аламын,есімім Жақып.ИАҚУП пайғамбардың есімін беріпті әкем,не ойлады екен жарықтық,тірі кезінде сұрамаппын,қазір өкінемін.

+27 дауыс
Дельфина - ....???? Мамамнан сұрау керек еді, білсе.. ))) Балық болса дельфин болар еді. Мынау кинодағы бір актрисанын аты ау деймін, Кім біледі?
Дельфи,Өзің де судағы ұстатпайтын балықтайсың,

Адамды қызықтырудан жалықпайсың.
Дельфина - Болгар қыздарының аты, "сестра, сестричка" деген мағынаны білдіреді
Сенің атыңның мағынасы интернетте бар ғо http://imenator.ru/jenskie/imena/delfina/
Соны сонша жыл білмей жүргенше интернеттен қарай салмайсың ба. Гугл аман болсыншы осы)))) http://goo.**/RoYrY
Айко рахмет! Өзіме келетін біраз мәліметтер бар екен мында.

(Обладатели этого числа имени всегда занимают активную жизненную позицию и всегда четко знают, чего хотят добиться. Они лучше всех ориентируются в сложных и даже экстремальных жизненных ситуациях, их невозможно смутить резко изменившимися обстоятельствами или застать врасплох сложностями. Однако «долгоиграющие» проекты не их конек – быстро теряют интерес к делу и выпускают нити из своих рук, что автоматически вычеркивает их из числа деловых людей. Конек «единиц» - исполнение порученных заданий, причем, чем сложнее и трудновыполнимее задача, тем больше вероятность, что именно «единица» решит ее быстрее и лучше всех. Мужчины и женщины «единицы» смелы и уверенны в своих силах, умеют заработать деньги, но и легки в тратах. Склонны к принятию импульсивных и необдуманных решений. В большинстве случаев являются душой компании и надежными друзьями. )
Оқа емес. Келесі жолы мені Айко деп атаудың қажеті жоқ.
+26 дауыс
Менин атым Гулзат. Онын магынасын менде билмеймин, сол есимди койган адамда билмейди! Менин алдымда еки агам бар аттары Ерзат, Нурзат соларга уксатып коя салганда.  Былай карасан еки тусиникти тубирден куралган Гул+зат. АЛАЙДА бул еки Тубир тас пен темирдей бир биримен араласпайды. ГУЛ назик болып басталса Зат Деп катан аякталады. Шынымды айтсам агамдардыкиде сондай:-)
+28 дауыс
Ия түсіндіре алам! Менің есімім-Дана! Әкем бұл есімді қызым ақылды және сондай жалғыз қыз болсын деп қойған! Төлебидің келіні сияқты ақылды болсын деген. Уміті ақталды деп ойлаймын)))

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
127,939 сұрақ
322,825 жауап
153,169 пікір
72,937 қолданушы