Есіміңіздің мағынасын қазақша түсіндіре аласыз ба?

+23 дауыс
24.1k қаралым
Есіміңіздің мағынасын қазақша түсіндіре аласыз ба?
• Санаты: Тұлға, Адам

85 жауап

+4 дауыс
Менің атым - Жақсыгүл  (Хороший цветочек). Шын мәнісіне келгенде, есімім - Яхшигул. Осы атымды бірде түсінгендей болсам, бірде түп қанығына жете алмаймын. Баяғыда бір марқұм жақсы әйел болған екен мен дүниеге келмей жатып, соған байланыстырып қойған болар. Бірақ, өзіме ұнай бермейді, құлаққа нәзік естілмейді. Сондықтан да біреумен танысқанда жай ғана - Жасико дей салам
+3 дауыс
Менің есімім - Бақдәулет.... Марқұм Атам менін есімімді ғұмыр бойы "Бақ" пен "Дәулет"ті болып жүрсін деп қойған...:)
Абдуррахим, Абд - құл деген, Ар-Рахим Аллһтың 99 Есімінің бірі! Мағынасы Аллаһтың құлы деген мағына, қандай керемет есім ааааааааааааа? Аллаһ разы болсын
Менің есімім - АРХАТ... қайратты, мықты деген мағына береді...
+3 дауыс
Менің есімім Айдана. Иран тілінен аударғанда "ай"-айдай сұлу, "дана"-ақылды деген мағына береді.
+2 дауыс
есімім - Жансая. үйдің кенжесі болғандықтан ата-анам әрқашан жанымызда болсын, Жанымыздың Саясы болсын деп қойған екен
+2 дауыс
менің атым Әсия, араб тілінен аударғанда емдеуші, дәрігер әйел деген мағына береді. Бірақ атыма затым сай бола алмадым)))
+2 дауыс
Менің есімім-Шуақ!!!!!!мейірімді, қайырымды және әрқашан жадырап  жайдары болсын-деп қойған!!!!!!
+2 дауыс
Меніңкі Өркен,мағынасы өркенің өссін дегенді білдіреді !!!!!!!!!!
+2 дауыс
өскен жақсы өніп өсу деген мағына білдіретін шығар
Белгісіз
+2 дауыс
Асима оның мағынасы защитница СЖ сайттат білдім оны
+2 дауыс
Менің атым-Бибарыс Би және Барыс деген сөздерден құралған.Кейін екеуі бірігіп Бибарыс деп аталып кеткен
+1 дауыс
Менің есімім - Айдана! Біздің үйде бір кітап бар "Қазақ есімдері " деген соның ішінде: Айдана иран тілінен аударғанда Білімді Тарбиалы ( тәрбиелі) деп берілген. Өз атыма лайық болсам деймин!
+1 дауыс

Менің атым- Гүлфайруз. Бұл есім араб тілінен аударғанда жаңбырдан соң шыққан гүл деген мағынаны білдіреді.

+1 дауыс

Менің есімім-Меруерт.Теңіздің астында жылтырап жататын тас.Зергерлік дүкендерде меруерт моншақтары бар,олар өөөөөөтттееее қымбат екен.Есімім өзіме қатты ұнайды.Және де менің әжемнің де есімі Мерует.

+1 дауыс

Менің атым Мейірболат.Әке-шешемнің айтуынша мейір деген сөз мейірімді деген мағына береді дейді.

Белгісіз
0 дауыс

Менің есімім-Жұбатхан. Мен туылардан 3 күн бұрын анамның анасы (нағашы әжем) қайтыс болған екен, сол себепті анамды жұбатсын деп атымды ЖҰБАТХАН деп қойған екен. 

Барлық құжаттарда да атым Жұбатхан болып жазылады.

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
15 жауап
0 дауыс
2 жауап
127,761 сұрақ
322,328 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы