+2 дауыс
2.2k қаралым
Мен кешке жалғыз ұйықтаудан қорқамын? Мен ондай емес едім! Сосын кешке қарай жалғыз отырсам да дірілдеп тұрам? Жалғыз ұйықтай алмаймын да? Және соңғы кездері қорқынышты түс жиі көре бастадым? Қандай ақыл-кеңес бере аласыздар! Жалғыз жатудан қорықпау, жалғыз отырудан қорықпау( тек кешке ғана)және қорқынышты түс көрмеу үшін не істеу керек? Мен соңғы кездері өте қатты қорқып жүрмін? Жасым 13-те!

11 жауап

+6 дауыс
Интернеттен не болсын соны қарап, түнде ұйықтаған кезде соны ойлап жататын шығарсын! Мен саған айтатын кеңесім: ұйықтайтын кезде физикалық тренинг жасау қажет,яғни шаршап жатуы керек!
Басқа білесіз ба?
+6 дауыс
Сен шамасы бірдеңелерге уайымдайтын боларсың.
кейде өз-өзімді уайымдаймын. Және отбасымды да уайымдай беремін. Өйткені мен басқа жақта болсам әрине!
+6 дауыс

Саған тунде жүру қорқынышынды үдетуі де мүмкін, достарыңмен  көп қыдырған жақсы нәтиже береді!!! Менде де уайым коп, жалғыз жүрсем мұңайып жүрем, ал достарымның қасында өзімді керемет сезінем... Сондықтан достарыңның қасында артық, көңіл күйді (настр) түсіретін әңгімелерді айтуға тырыспаңдар, сонда бәрі керемет болады

+5 дауыс

Мен де сондай болғанмын, түн болмаса деп тілейтінмін. Көзімді жай жұмып отырсам болды, ұйықтап кетемін де, қорқынышты түстер көремін, ол жағын сен сұрама, мен айтпайын, есіме түссе бойымды қорқыныш сезімі билейді. Түнде Ықылас, Фатиха сүресін оқып, Құранды басыма жастап жататынмын. Кейін қойып кетті, ал қазыр ол қорқынышты сәттер қайта басталды, түс көремін, түсім түсімнің ішінде, ол түстің ішінде тағы түс, шым-шытырық. Оянсам түк болмағандай болады, біраз уақыт ояу жатқан соң есіме түседі, бірақ түк шошымаймын, етім үйреніп кетті.

+2 дауыс
Мен де қорқақпын негізі. жалғыз қалғанда қорқамын ) Қазір үйрендім! Өйткені, жалғыз өзім қараңғы бөлмеде отырсам былай деймін: "Келіңдер, елестер, маған келгілерің келе ме? Иә, мен де сендермен кездесуді күтемін!":)
+1 дауыс
шынымды айтсам мендеде сіздің жасыңызда осындай жағдай болған!!!Бірақ маған сол кезде үлкен апам айтатын өз қорқақтығынды тек қана өзін жеңе аласын!!!Мен сол кезде сұрайтынмын мен қалай жеңем деп!Апам алдымен ойлан сен ең маңызды кімнен неден қорқасын,сол қорқатын нәрсеңе жақын бол дейтін!!Сол кезде ақ жеңе аласын!Егер сіз жалғыз жатудан қорықсаңыз керісінше күнде жалғыз жатыңыз және өзіңізге сұрақ қойыңыз Мен неден Қорқам?Мен кімнен қорқам?Мен неге қорқуым керек?Мені кім жейді?деген сұрақтар өзіңізге қоюңыз керек.Жаман түстеріңізді жақсылыққа болжаңызда ештене ойламауға тырысыңыз.Уйықтар алдында қорықпаңыз,жақсы өміріңізде болған қуанышты сәттеріңізді еске түсіріп уйықтап қалуға тырысыңыз!
+1 дауыс
озин жатпауга және уйыктар алдында тек жаксы нарселерди ойлауга тырыс, жатар алдында ла иллаhа иллалаh мухаммадан расуллаh созин айтып жатуга тырыс
0 дауыс
Иа....бұл сұрақты қойғаныңа біраз уақыт өтіпті. Дегенмен, менің ойымша ондай түнгі кездегі қорқыныштар жеткіншек уақыттағы қалыпты құбылыс.Кейін уақыт өте келе қорқыныштарың басылып қалады.Мүмкін, қазір басылып қалған да болар.
Ұйықтар кезде бар білетін дұғаларыңды айтып жат.
0 дауыс
Менің аздаған көмегім: ұйықтар алдында тілді кәлимаға келтіру, қорқыныштан арылу дұғасын оқу,көз ілінгенше күлкілі КВН, әзіл-сықақтар, кинолар көргенің дұрыс. өзің жақсы көретін әртіс әндерін тыңдап, қиялда, сонда армандап ұйықтап қаласың.
0 дауыс
Мектепте психолог апай былай айтатын. Егер қорықсаңдар қорқып отқан нәрсенің суретін ақ қағазға салып содан соң жыртып қоқысқа тастап жібер деп. Сонда өзің жеңілдеп жақсы болсып қаласың. Мүмкін осы әдісті байқап көрерсің!
0 дауыс
жатарда ЛА ИЛАХА ИЛЛАЛЛАХ МУХАММАДАР РАСУЛЛАЛАХ ДЕП ЖАТ
127,968
сұрақ
322,913
жауап
153,166
пікір
73,055
қолданушы
...