+5 дауыс
10.2k көрілді

7 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы жауап
қазақстанға өлім жазасы керек алдымен бұзық әкім қаралардың еркетотай ұлдарын жазалау керек әкесінің байлығына мас болып қылмыс әлеміне кіріп кеткен.
Иә, келісемін. Өлім жазасы керек. Олар адам жасамайтын істерді жасайды оларғы бірнеше жылға бас бостандығынан айырғанымен оның жазасы толық өтелмейді деп ойлаймын.  Бір адамның өмірін қиды делік. Оған қанша екенін білмеймін бірақ өлім жазасы берілмейді, өзіңіз  байлар айтпақшы ақшамен жазасын жеңілдетіп алады.Өмірін қиған адамның артынан қаншама адам қайғыдан қан жұтып қалады, оның өтеуін кім өтейді?
Өлім жазасын қолдану керек дейсіз. Жақсы сізбен келісемін, ал енді сіз айтыңызшы, қалай ойлайсыз біздің қазақ қоғамында осы өлім жазасы іске асырылған ба? Біз өлім жазасын қолдану арқылы қылмыстарды азайта аламыз ба?
Пікіріңізге рахмет!
әрине  өлім жазасын халықтың алдында орындалса қылмыс тоқтайды
Әрине...
+6 дауыс
Керек!!!!!!

Себебі қазіргі қоғам азып бара жатыр.... және де өлім жазасымен қоса дене мүшелерін кесу жазасында қолдану керек.... соңғысын жемқорлыққа қарсы....
Пікіріңізге рахмет!
+3 дауыс
Мен негізі жүрегі жұмсақ адаммын,сонда да өлім жазасы керек деп ойлаймын.Қылмыстық істердің ішінде өлім жазасына сұранып тұратын жазалар бар сияқты.Мысалы: бір үйдің жандарын түгелімен қырып кететін қылмыстар,Педофилья деген де бір пәле шығып жатыр.Осы қылмыскерлерді өмірлік қамақ жазасына кесіп,оларды тұз дәмдері біткенше 20-30жыл бойы шығын шығарып ұстап(содержать)отыру кімге тиімді.Ол аз қаржы емес және сол қаржы көзі салықшылардың ақшасы емес пе?Ал салықшы дегеніміз кім? Ол әлгі қылмыскер қырып тастаған жанұяның жақындары.зорланған кішкентай баланың әкесі.шешесі,бауырлары.Міне осы адамдардың салыққы төленген ақшалары есебінен өз жауларын асырап отыру әділеттілік пе?Міне асы факторларды есепке алсақ өлім жазасы әлі де болса керек сияқты.
+4 дауыс
Қазіргі уақытта керек. Осындай жаза болмаған соң,болып жатқан жағдайлар көп.
+1 дауыс
Адам өлтіретін маньяктар, терористер көбейіп кетті ғой. Өлім жазасымен барлығын өлтірмесе кей біреулерін түрме де ұстай алмайды. Ондай адамдарды тірі қалдыру қоғамға қауіпті. Ал қоғамға қауыпті кез келген объектті жою керек))
ия айтқаныңмен келісемін aikedoku
+2 дауыс
Казіргі  заманда  керек боп  тур,  кунде бір жан туршігерлік  окиға
+2 дауыс
Әуелі қылмыс жасауға әкелетін факторларды атап өтелік.
Қажеттілік, шарасыздық, өзін-өзі басқара алмау, көңілі толмау, көре алмаушылық т.б.
Жалпы өміріне көңілі тоқ, киімі бүтін адам өздігінен ерігіп қылмысқа бармайды.
Қылмыс - адамның негативті көзқарастары негізінде пайда болатын әрекеттің немесе әрекетсіздіктің шектен шыққан түрі.
Есептелік, жылына қанша адамды өлім жазасына тартуымыз мүмкін?
Максимум 20 адам.(Шындығында 20 адам ай-сайын білімсіз дәрігерлердің кесірінен ауруханада-ақ көз жұмып жатыр) Яғни өте ауыр қылмыс жасағандарды ғана.
Қылмыс жасағанның барлығына өлім жазасын бере алмаймыз. Демек, өлім жазасын енгізгенмен қызмыстың азаю коэффициенті азаяды деп тұжырымдама жасау қиын.
Жалпы, адам өлтіру қиын емес. Мысалға алып қарайық:
Бір адам, басқа бір азаматты белгілі бір себептермен өлтірді. Аяусыз өлтірді. Қылмыскер ұсталды. Екінші азаматты өлтіргені үшін, сот оған өлім жазасын тағайындады да әлгі қылмыскерді өлтіріп жазалады.
Бұл мысалға былайша қарасаңыз ештеңе көріп тұрмаған болуыңыз мүмкін. Ендеше, тыңдаңыз.
Әлгі адам өз мүддесі үшін басқа адамды өлтіргеніне бола мемлекет оған өлім жазасын берсе, онда мемлекет те қылмыскер болады. Өйткені, мемлекет те өз мүдделері (халық қауіпсіздігі, елдегі қалыптылық) үшін әлгі қылмыскерді дәлірек айтқанда, өз азаматын өлімге байлайды. Сондықтан, менің ойым дәл қазір бізге өлім жазасы керек емес.
Сұрағыңыз өте орынды, Нәзира! Түсіндіріп жауап бере алдым деп ойлаймын:)
Пікір   білдіргеніңізге рахмет, Садико))))
Сіз   қылмыстың  себептерінен  бастап,  салдарына дейін  толық, әрі  нақты  етіп жазыпсыз. "Өлім жазасын енгізгенмен қызмыстың азаю коэффициенті азаяды деп тұжырымдама жасау қиын" депсіз, рас  өлім жазасын қолдану арқылы  қылмысты  азайтамыз  деп айта  алмаймыз. Мұныңызбен келісемін. Садико  қалай  ойлайсыз,  қайтсек  бізде қылмыс  азаяды?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
12 жауап
...