0 дауыс
378 көрілді
ҚР өлім жазасы мораторий жариялаған.Осы тақырыпта мораторийді алып тастау тиімді ме?тиімсіз бе?Егерде алып тастамаған жағдайда қандай тиімдісі болар еді? Өз ой пікірлеріңізбен бөлісе отырсаңыздар керек еді алдын ала көп рахмет

1 жауап

0 дауыс

Қазақстанның өлім жазасынан бас тарту туралы халықаралық маңызды құжатқа қол қоюын халықаралық ұйымдар құптады. Ұлттық заңда оннан астам қылмыс түріне, соның ішінде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қастандық жасаушыға да өлім жазасы қарастырылған. Құқық қорғаушылар өлім жазасы туралы бап жазылған "Конституцияға өзгерту енгізу қажет емесін" айтқан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзімен келіспейді.

СІМ МЕН ТОҚАЕВТЫҢ КЕРЕҒАР ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІ

25 қыркүйекте Алматыға жұмыс сапарымен келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің өлім жазасынан бас тартуға міндеттейтін екінші факультативті хаттамасына қосылуы жөнінде түсініктеме берді. Өлім жазасына мораторий енгізгеніне 16 жылдан асқан Қазақстанның халықаралық құжатқа қосылу жайлы шешім қабылдағанын Тоқаев өткен аптада БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясындағы саяси пікірталас кезінде мәлімдеген.

көріп тұрғанымыздай өлім жазасын алып тастамақшы, өз ойым өлім жазасы болмағаны дұрыс сияқты. Ешкімді ешкім өмірінен қиюға қақысы жоқ.

Ұқсас сұрақтар

...