0 дауыс
788 көрілді
Дүниеде не себептен әліге дейін өлім жазасы бар? Конституцияның өзі адам құқықтарын қорғау емес пе?

12 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Өлім жазасы тәртіпті сақтап, қылмыс санын азайту үшін керек. Бет албаты өлім жазасы тағайындалмайды ең ауыр деп танылған және кінә толықтай дәлелденгенде кесіледі. Өлім жазасы болса, қателік жібермес үшін ішкі істер қызметкерлерінің жауапкершілігі артып, жұмысы жақсарар еді. Ия, бұл адамшершілікке жатпайды, бұны әлемдік адам құқығын қорғау ұйымдары да құп көрмейді. Әйтсе де, бір адамның өмірін қиып, кішкентай сәбилерге зорлық көрсетіп, келешегіне балта шапқан адамдардың(айуан) өмір сүріп, жер басып жүруге құқығы бар ма?Өлім жазасы болмасын десек, жазаны ауырлату керек. Әр адам ауыр қылмыс жасамай тұрып өз өмірінің де қыл үстінде екенін түсіну керек .Ауыр қылмыскерлерді темір тор түзете алмай, "баяғы жартас сол жартас" болып қалуы ғажап емес. Пікір екіжақты. Әр мемлекет өзі дұрыс деп тапқанын істейді, Қазақстанда оған мораторий жарияланған.
0 дауыс
Қанға қан, жанға жан
+2 дауыс
Өлім жазасына қарсы емеспін: жемқорлық, адам зорлау, педофилия, секілді ауыр қылмыстар сап тыйылар еді. Конституция адам құқығын қорғау, бірақ Қылмыстық кодекс кінәсі дәлелденген қылмыскерді жазалау. Осы екеуін шатастырмау керек. Екінші жағынан қарсымын. Бұл жазаны іске асыратын адам, яғни мылтықпен ататын адамның психологиясы қандай болар екен. Егер кейін атылған адам кінәсіз , жала жабылған болып шықса, үкім шығарған сот пен ату жазасын іске асырған адам тып-тыныш ұйықтай алмас. Қытайда ату жазасына кесілгеннен кейін атылған адамның туыстарына шот келеді екен. Бір патронның құны. 9 Юань. Егер туысы болмаса түрмеде сол патронның құнын өтеп жұмыс істейді.
+1 дауыс
Заң  - тыныш , бақытты өмір  сүру  үшін !
+2 дауыс
Қазақстан заңына өлім жазасын енгізу керек онсыз болмайды.
+3 дауыс
педофильдер мен маняктарды созге келмей ату керек,егер қылмысы нақты дәлелденсе.
0 дауыс
Өз басым өлім жазасына қарсымын. Әрине, қанша ойласаң да кешіре алмайтын айуандық жасаған қылмыскерлер бар. Бірақ заң біз ойлағандай тым әділ емес. Жазықсыз түрмеде отырғандар қаншама. Демек жазықсыз өліп кетуі де мүмкін біреудің? Қылмыскер адамның өмірін қиды екен деп, біз де қылмыскерді өлтіріп онымен бірдей дәрежеге түсудің қажеті жоқ. Тіпті өлім - тым оңай жаза кейбір азғындар үшін. Істегеніне ұялмайтын да шығар, сонда да өмір бойы ар азабын, тән азабын тартқызу керек. Жер бетіндегі әрбір күні өзі жәбірлеген адам өмірінің өтемі болу керек. (Алайда сондайларды біз төлейтін салық арқылы асырайтыны ашуымды келтіреді). Алланың берген өмірін, адамның қиюға хақысы жоқ сияқты. Өлім жазасы адам құқығын қорғау жақсы жолға қойылған елдерде алынып тасталған. Қытай сияқты демократия орнамаған қоғамда әлі де сақтаулы.
+2 дауыс
Өмірде адам кешірмейтін күнәлар болады. Ең ауыр күнә ол - қыз зорлау. Екінші адам өлтіру. Жемқорлық. Міне осыларды кешіре алмаймыз. Соған байланысты да өлім жазасы қажет. Қазақстанға өте қажет. Жемқорлық болмас еді, зорлау фактісі болмас еді. Қазақстандат тек қыз зорлау-18 жыл, өлім жазасы-қылмыстың ауырлығына байланысты өмір бақидан, 10 жылға дейін. Жемқорлығың 15 жылдан ары аспайды. Бізге өлім жазасы әбден қажет.
Дұрыс айтасың.
+1 дауыс
Қазіргі адамдардың 4 аяқты малдан айырмашылығы жоқ, өлім жазасын бізге де қосу керек
Tipti 4 aiaktyn maldyn ozi mundai aiuandykka barmaidy.
Белгісіз
0 дауыс
Өлім жазасын қолдану - ауыр қылмыстардың және әскери қылмыстардың алдын алу үшін қолданылады.
0 дауыс
Қыз зорлағандарды ату керек. Атпаса да түрмеде оларға тыныштық бермейді. Өлім жазасы басқаларға сабақ болсын деген мақсатпен.
0 дауыс
Егер адам қылмыс жасаса,қолымен істегенді,мойнымен көтеру керек.Сл себептен оны ату жазасына немесе түрмеге отырғызады!

Ұқсас сұрақтар

...