+1 дауыс
351 көрілді
Лондон олимпиадасы жайлы алтын медалдың салмағы қанша?берілетін сыйақы мөлшері

1 жауап

0 дауыс
Со­нымен, Лондон Олим­­пиадасының ал­ты­нын ие­ленген Қазақстан спортшысына 250 мың АҚШ доллары көлемін­де сыйақы төленеді. Бұл дегеніңіз – 37 миллионға тең келетін сома. Күміс жүлдегерлерге – 150 мың, қола медаль иелеріне  75 мың АҚШ доллары сыйға тартылмақ. Осыдан төрт жыл бұрын Бейжің Олимпиадасының жүлдегер­леріне де тап осы мөлшерде сый­ақы берілген еді. Үкімет үздік ал­тылыққа енгендерді де сый­лық­сыз қалдырмайды. Мәсе­лен, төртінші орын алған спорт­шы­ға 30 мың АҚШ доллары тө­лен­бекші. Үздік бестікке кірген спорт­шы – 20 мың, жалпы есепте ал­тын­шы сатыға тұрақтаған қа­зақ­стандық спортшы 10 мың АҚШ долларын санап алады. Ал Ре­сейде,  премьер- ми­нистр  Вла­ди­мир Путиннің шеші­міне сәйкес, алтын жүл­дегерге  4 млн рубль, яғни шама­мен 20 млн теңге тө­лен­бекші. Бұл біз­дікімен салыс­тыр­­ғанда шаша­мен 17 млн теңгеге аз.
...