0 дауыс
1.6k көрілді
Нақты-нақты статистика керек еді!

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Сыйақы беруден топ басында - Грузия мемлекеті. Чемпион атанған грузия спортшысы 1 миллион 200 мың АҚШ долларына ие болады.

 Сингапур алтын алғанға  708 мың доллар төлейді.
 Әзiрбайжан 510 мың доллар берсе,
Жапония 370 мың долларға дейiн төлейдi.
Ресей чемпион атанған әрбір спортшысына 125 мың доллар тігіп отыр.
АҚШ үкіметі алтын медальға 25 мың доллар береді.
 Иранда Олимпиада жеңімпазын 85 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйақымен марапаттайды. Барлық жүлде алған ирандық спортшылар өмірлерінің соңына дейін жәрдемақы алып тұрады.
Қырғыз елі алтын медальға 200 мың доллар береді екен.
Ұлыбританияға келсек, олар жүлдегерлеріне ақша төлемейді. Алтын медаль алғандарына ғана пошта маркасына суретін басқаны үшін, 15 мың доллар гонорар береді.
 Солтүстiк Корея дүниежүзiлiк додада дараланған спортшысын аса зәру азық-түлiк өнiмдерiмен қамтамасыз етеді.
Қазақстанда алтын алған адам 250 мың доллар алады

[толығырақ][1]


  [1]: http://www.baq.kz/kaz/news/cat/8/15244/
Грузия миллион бермейді дейдіғой, жалған ақпарат дейді.
қағазда солай деп жазылады бірақ сол ақша берілмейді,миллион берілмейді ешкімге
0 дауыс
Басқасын қайдан, өзім алдында ақпараттардан ең көп сыйақы беретін Қазақстан дегенді естіп ем, Қазақстанда екі жүз елу мың доллор, ал екінші орында Ресей екен оларда жүз елу мың доллор екен!!!
0 дауыс
Жетісулықтар жұлдызды қыздарға автокөлік сыйлап, 10 миллион теңгеден тарту жасады     Печать

17.08.12.

Лондонда өткен ХХХ жазғы Олим­пиада ойындарында еліміздің атын әлемге танытып, Қазақстанды үлкен абы­­ройға бөлеген спорт саңлақтары­ның қатарында жетісулық Зүлфия Чиншан­­ло мен Майя Манеза, Светлана Подо­бе­дованың болғанын жұрт жақсы біледі және орынды мақтан тұтады. Осы орайда айта кететін жаңалық - Жетісу жерінде жұлдызды қыздарды салтанатты қарсы алу ұйымдастырылды. Сәрсенбінің сә­тінде Алматы қаласынан шыққан ав­то­керуен мерекелік көңіл күйде және спорт­шыларға деген зор құрметпен Тал­дықорған қаласына қарай бағыт алды.

Бірінші болып Олимпиада чем­пион­дарын қапшағайлықтар қарсы алды, одан кейінгі кезек Кербұлақ ауданы­ның орталығы Сарыөзек кентінде жинал­ған спортсүйер қауымға тиді. Олимпиада чемпиондары қонақтарға арналған берекелі дастарқаннан дәм ауыз тиіп, қазақы ұлттық киім киген аудан өнер­паздарының әсем әндерін, көркем би­лерін тамашалады. Осы өңірдің айтулы ақыны Мұхит Тұңғышбаев спорт жұл­дыздарына арнау айтты. Ақын өз жы­рында спортшыларға жаһанға белгілі жа­рыстарда әрқашан да биік белестер­ден көрініп, толағай табыстарға жете беруді тіледі.
Талдықорғандықтардың тілеуі мен көңіл күйі, тіптен ерекше болды. Облыс ор­талығының бас қақпасы жанында өздерін шашу шашып қарсы алған жұрт­шылықпен бірге көрікті керуенмен сырнайлатып, кернейлетіп қала кө­шелерін аралап шыққандарды бұл кезде «Жетісу» орталық стадионында мың­даған жанкүйер күтіп тұрған. Олардың арасында облыс әкімі Аңсар Мұсаха­нов бастаған өңір жетекшілері мен қала басшылығы да бар болатын.
Жетістікке жеткендерге құрмет көрсетуде басқаларға үлгі болатын жеті­сулықтар чемпиондардың жолына қалы кілем төсеп тастапты. Осы салтанат­ты жолақпен сахна төріне көтерілген ал­тын алқалы қыздар мен олардың бапкерле­рін қарсы алғандар арасында бірінші болып сөз алған Аңсар Тұрсынханұлы: - Бүгін біздер ХХХ жазғы Олим­пиа­да ойындарында мемлекетіміздің мәр­тебесін асырып, еліміздің абыройын тасытқан, көк байрағымызды көкке өрлетіп, Әнұранымызды әуелеткен жеңімпаз жерлестерімізді құттықтап, құрмет көрсетуге жиналып отырмыз.
Лондон төріндегі жерлестеріміздің жеңістері Жетісу жерінде спортқа үлкен қолдау жасалып отырғандығының жарқын дәлелі.
Құрметі Зүлфия, Майя және Свет­лана! Сендер өздеріңнің жоғары марапат пен айтулы сый-құрметке лайық екен­діктеріңе бүкіл әлемнің көзін жет­кіздіңдер. Сендердің есімдерің әлем, оның ішінде қазақ спортының тарихына алтын әріптермен жазылары анық. Сонымен бірге өздеріңнің намысқой­лықтарың мен жеңіске деген құштар­лықтарыңмен жас спортшыларға үлкен өнеге көрсеттіңдер.
Елбасының «Қазақстанның көп­ұлт­ты халқының жұлдызы әрдайым жоға­ры болатындығына сенемін» деген сөзін іс жүзіне асырдыңдар. Алдағы кезде де жеңісті жолдарың жалғасын тапсын. Біздің тараптан барлық қолдау мен қамқорлық жасалады, - деп толғанды.
Құттықтау сөздерден кейін тау кө­тер­ген толағайларға жеңістеріне ла­­йықты тарту-таралғы жасалды. Облыс әкімі олардың қолдарына аппақ «Тойо­та Ланд-Крузер - 200» автокөліктері­нің кілт­терін ұстатты және әрқайсысы­на 10 миллион теңгенің сертификатта­рын тапсырды. Чемпион қыздардың бап­керлері де сый-құрметтен құр қалма­­д­ы. Ауыр атлетика федерациясы прези­денті Қайрат Тұрлыханов, Ұлттық құрама­ның бас жаттықтырушысы Алексей Ни мен үш қыздың жеке жаттықтырушысы Виктор Нилге «Алматы облысының Құр­­­­метті азаматы» атағы мен әр­қай­сы­сы­на 5 миллион теңгенің сертифи­кат­тары мен «LG» теледидарлары бе­рілді. С­онымен бірге Қазақстан Рес­п­уб­лика­-сы құрама командасының жаттық­ты­рушысы Иван Сивохин де 5 мил­лион теңгенің сертификатына ие болды. Лондонда жүлделі орындардан кө­рінбегендерімен, намысты қолдан бер­меуге тырысып, барын салған жеті­су­лық спортшылар Нұрмахан Тінә­лиев, Ас­хат Ділмұхамедов, Дәурен Жұмаға­­зиев, Денис Ганькин, Артем Косиновтар мен Айман және Шолпан Қожах­ме­това­лар­ға да алғыс айтылып, бағалы сыйлық­тар тапсырылды.
Жеңімпаздар құрметіне арналған салтанатты шараның соңы қазақ эс­тра­дасы жұлдыздарының тамаша кон­цертіне ұласты.

Болат Абаған

Алматы облысы



Толығырак http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=15676&Itemid=2
...