+4 дауыс
78.8k көрілді

9 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы жауап

Мен жастарға сенемін!!!
(М. Жұмабаев)

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты —
Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін
!

Ж
ас қырандар — балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!

Жұмсақ мінез жібектер,
Суттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер —
Мен жастарга сенемін!

Тау суындай гүрілдер,
Айбынды алаш елім дер,
Алтын Арка жерім дер,
Мен жастарға сенемін!

Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңкарға?!
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін!..

Алаш — айбынды ұраны,
Қасиетті құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға:
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін!

сұраққа жауап жазбастан бұрын осында өлеңнің толық нұсқасы сұралған екен...

Бұл сұрақты оқығанда ойыма алғашқы келгені Мамырдың 2-сі күні Алматыда өткен «Төртеу түгел болса» атты айтыстың бесінші жұбы - Жандарбек Бұлғақов пен Айбек Қалиевтің айтысы. Айтыс соңында Айбек Қалиев жастар туралы мынаны айтқан болатын.....

Біздің елде жастардың саясатын,
Орыс тілді жастарға бұрып кетті.
Өткізген жиналыстың бәрі орысша,
Сондықтан болашағың күдікті етті.
«Ұлтым» деп ұлып жүрген біреуі жоқ,
Қолынан жас қазақтың құрық кетті.
Өтешов Нұрлан деген серкелерің,
Қазақшаға ауызын буып кетті.
Жастардың сөзін сөйлер Сыздықоваң,
«Төрт байға тиемін» деп тұрып кетті.
Тәңірім бермей қалғыр Бердіоңғаров,
Аузына келгенді айтып, үріп кетті.
Ел аман, жұрт тынышта жиырма үшінші
Февральмен құттықтап, қуып кетті.
Кешегі жас арыстан Ғанилардың,
Тұқымы тұздай бүгін құрып кетті.
Қайрат пен Ләззаттай ірілердің,
Ізбасары іркіттей іріп кетті.

бұл айтылғандар ойдан шығарылған сөздер емес, демек ойланайық достар.....

Жантуған мырза, біріншіден сұранысты қанағантандырып, өлең мәтінін толық салғаныңызға, екіншіден, сауалға жыр додасынан үзінді келтіру арқылы дәлел келтіріп ой тастағаныңызға  шексіз ризамын!

" Жұмсақ мінез жүректер,

Сүттей таза жүректер.

Қасиетті тілектер -

Мен жастарға сенемін" ... - деп кеткен емес пе. Барлық алаш азаматтарына қара күйе жағудан аулақпын, алайда, "кейбір кісілер " қазірде, Айбек ағамыз айтып кеткендей, іс қылып жүргендері жасырын емес.. Ия, ойланайық, жастаааааааааааааааааар!..
+3 дауыс

Ақтай алғандары да,алмағандары да барғой....

Пікір білдіріп, белсенділік танытқаныңызға рахмет! Сонда, сіздіңше 50- де 50 ме?

Ияя,,дәл солай....

+3 дауыс
Осы жерге сіз айтқан өліңін жазып кеткеніңізде, жауап бергенге жеңіл болар еді
Өлеңнің мәтінін салып қойсаңыз дұрыс болар еді дейсіз бе? Оны кез келген исі  қазақ баласы білетін шығар деп салмаған едім.
жарайды...

Ақтай алады,ақтау үстінде, ақтай береді.

0 дауыс
> Blockquote`enter code here`


----------
## Heading ##
ақтайды ғой оданша маған мағжан жұмабаевтың атақты өлеңдерін  сөздерін мен тауып бериниздерши паже.
 1. List item
 2. List itemstrong textstrong text
Адам аты бас әріппен жазылады. Сауатты жазып үйренейік.
+1 дауыс
Жастарымыздың бәрi бiз бен сiздей ойласа ақтайды, бiрақ кейбiр жастарымыздың болашақта шаруасы да болмайды, сол жаман((
0 дауыс
осы өлеңді көркемдік тіліне және құрылысына қарай талдап бере аласыз ба?
+1 дауыс
Сәлеметсіздерме, мен арнайы Мағжан Жұмабаевтың осы өлеңін іздегенде осы сайтқа тап болдым. Алда әлі талай уақыт бар. Бірақ шындықты айту керек, казіргі жастардың 70 пайызына ар-намыс қызық емес ! Менің соған көзім жетті. Әркім өзіне ұнаса болды соған қарай ұмтыла береді. Карьера, қыдыру, ставка тігу, қуу және т.б. Шыны керек ол рас нәрсе. Мен Әзілхан Нұршайықовтың Бауыржан Момышұлы туралы "Ақиқат пен аңыз" деген кітабын оқығанда рухтанып кеттім. Біз олардың алдында басымызды иеміз, оларға қарызбыз. Және "Последний Самурай" деген киноны жақында көріп едім намыс пен ардың не екеніне нағыз көзім жетті. Менің айтайын деп отқаным біздің мұндай болып бара жатқанымыз Америка, Кореяның ұятысыз, арсыздыққа тәрбиелейтін кинолары мен мағынасы жоқ қазақтың да және басқаларының жылауық музыкасынан! Ел болам десең бесігіңді түзе! Ал бізді тербетіп отқан сол келеңсіз ақпарат! Сондықтан ақпаратты дұрыстау керек деп ойлаймын.
Керемет ой...
Дұрыс айтасыз. Керемет! Қателік: отқан болмайды, отырған болады
0 дауыс

Ия, коп айтылган ойларга косыламын. Менин де жаныма халкымыздын болашагы катты батадыsad

Тек дегенмен 23 акпанга тиiспегей..Себеби, ол биздин тарихымыз, биздин акелеримиз бен аталарымыз ушин от манызды мереке. Ал ар адам арбир манызы жогары тарихи окигаларга илтипат танытуы керек деп ойлаймын. 

+1 дауыс

Жастардың жақсы болуы да,болмауы да әрине сана- сезіміне байланысты.  Барлығы дерлік ақылсыз, ар-намыссыз емес. Сенім артып, үміт ақтарлары да бар. Олар көп болса,қоғам дұрыс жағына қарай бет бұрады.  Біз қазақ қызыққыш келеміз.Еріп кетеміз.Міне, тығырықтан шығар жол.1 жан үндеу тастап, түсінік жұмыс жүргізсе,біз өзгереміз.Бір-бірімізді жақсылыққа итермелейміз. Бағыт береміз. Осылай қоғамды тәрбиелейміз. Өзгереміз. Талпынамыз. Мақсат қоямыз.Орындаймыз. Жастардың ойын ашық айтамыз.Ел боламыз.Бәсекеге қабілеттілікті арттырамыз

...